Тірек–қимыл жүйесінің қызметтері. Бұлшық еттер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
БҰЛШЫҚЕТ ҰЛПАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бұлшықет ұлпасының үш түрі бар: біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшықеттері болады.
Біріңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер (асқорыту мүшелері: өңеш, асөазан, ішек; зәр шығару мүшелері: несепағар, қуық;), қантамырлар, лимфа тамырларының қабырғасын құрайды. Бұлшықет ұлпасының жасушасын – миоцит деп атайды. Біріңғай салалы бұлшықет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді миоциттерден тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады. Олардың ерекшеліктерінің бірі- энергияның және қысымның аз жұмсалуымен бұлшықет ұзақ уақытта созылған күйінде бола алады.
Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеттер жасушалары көлденең жолақты талшықтарды құрайды. Бұлшықет талшықтарын сарколемма деп аталатын мембранасы қаптайды, ал ішін цитоплазма (саркоплазма) толтырып жатады. Саркоплазманың ішін жіңішке талшықтар-миофибриллалар толтырып тұрады, олардың беті ашық және күңгірт түсті жолақтардан құралғандықтан, ұлпа көлденең жолақты болып көрінеді. Миофибриллалар ішінде нәруыз жіпшелері орналасқан, оларға байланысты бұлшықеттер жиырылады. Бұлшықет талшықтарының (жасушасының) ядролар саны көп және олар миофибриллалармен ығыстырылып, сарколеммаға жақын орналасады. Бірыңғай салалы бұлшықетпен салыстырғанда көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті тез жиырылады.
Талшықтардан бұлшықет шоғырлары, ал бұлшықет шоғырларынан бұлшықет түзілген. Бұлшықеттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшықеттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшықеттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті (миокард) де көлденең жолақты қаңқа бұлшықетіне ұқсайды. Жасушасы-кардиомиоцит деп аталады. Кардиомиоциттер формасы – цилиндр тәрізді. Кардиомиоциттер өзінің ұштарымен бір-бірімен байланысып, жүректің бұлшықет талшықтарын құрайды. Кардиомиоциттердің байланысу жерін ендірме диск деп атайды. Кардиомиоциттердің бүйірлік жағынан өсінділер шығып, көршілес кардиомиоциттің бүйірлік талшықтарымен байланысып, бірігіп кетеді. Бұл бұлшықет анастамоздары. Кардиомиоциттер ядролары овал тәрізді, саны бір, екі, жасушаның ортасына жақын орналасады. Жүрек бұлшықеті қаңқа бұлшықетіне қарағанда баяу, бірақ бірыңғай салалы бұлшықтепен салыстырғанда тез жиырылады.
Бұлшықеттер қызметтері. Бұлшықеттің қызметі оның жиырылғыштық, созылғыштық қасиетіне және оның құрысу, сіресу, тіршілік қасиеттеріне негізделген. Бұлшықет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның әсерінен денеде күрделі тіршілік әрекеттері жүзеге асады.
Бұлшықет құрамыңда 75% су және 25% тығыз заттар (ақуыз, май, көмірсу, тұздар) болады.
Көлденең жолақты қаңқа бұлшықетінің құрылысы
1 – сіңір; 2 – бұлшықет талшығының қабықшасы; 3 – бұлшықет талшығының шоғыры; 4 – бұлшықеттің жуан талшықтары | 1 – дәнекер ұлпасының сыртқы қабаты; 2 – дәнекер ұлпа; 3 – бұлшықет жасушаларының шоғырлары 4 – бұлшықет талшығы (жасушасы) 5 - миофибрилла |
Бірыңғай салалы Көлденең жолақты қаңқа Көлденең жолақты жүрек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?