Тірек–қимыл жүйесінің қызметтері. Бұлшық еттер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


8.2В

Бұлшық ет

Тірек–қимыл жүйесінің қызметтері

Сабақ мақсаты

8.1.6.1 тірек–қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

8.1.6.2 бұлшықет ұлпасының қызметтері мен олардың құрылымдық бөліктерін сипаттау

Бағалау критерийлері

Тірек-қимыл жүйесінің қызметін сипаттайды.

Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды.

For dialogue

Сүйектер ........қамтамасыз етеді. …

Бұлшық еттергеенеді.

қорғау

тірек

тіреу

бекіту

созу

... жасап шығару

Пәндік лексика мен терминология:

бұлшықет, қанқа, сымбат, жалпақтабандылық, сколиоз

жатқанда/отырған/түрегеліп тұрған кейпі, тірейтін

Суретте не көріп отырсыздар? ТҚЖ компоненттері не?

ТҚЖ қызметтері бойынша класстер жасаңыздар

Дескрипторлар:

1. Сүйектердің қызметін атайды.

2. Бұлшық еттердің қызметін атайды.

 

https://twig-bilim.kz/kz/film/bones

https://twig-bilim.kz/kz/film/skeletal-muscles

Талдау:

1) тірекқимыл жүйесіне не жатады?

2) сүйектердің қызметі қандай?

3) ал бұлшық еттердің ше?

ТҚЖ

Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек және 600 бұлшық ет бар.

Бұлшық еттің құрылысы

1 – сіңір;

2 – бұлшықет талшығының қабықшасы;

3 – бұлшықет талшығының шоғыры;

4 – бұлшықеттің жуан талшықтары

1 – дәнекер ұлпасының сыртқы қабаты;

2 – дәнекер ұлпа;

3 – бұлшықет жасушаларының шоғырлары

4 – бұлшықет талшығы (жасушасы)

5 - миофибрилла

Бұлшық ет түрлері

Сабақ мақсаты

8.1.6.3 бұлшықеттердің құрылысын және қаңқа бұлшықеттерінің орналасуын сипаттау

Бағалау критерийлері

Бұлшықет ұлпасының орналасуы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады.

Әртүрлі бұлшықет түрлері арасындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.

Микроскоппен бұлшық ет түрлерін зерттеу

Дескрипторлар:

1. Бұлшықет ұлпаларының айырмашылықтарын анықтайды (ядроларының саны, бұлшықет талшықтарының түрлері).

2. Бұлшық ет түрлерінің суреттерін салады.

3. Суреттерге түсініктемелер жасайды.

 

Біріңғай салалы бұлшық еттер

көптеген ішкі мүшелер (асқорыту мүшелері: өңеш, асөазан, ішек; зәр шығару мүшелері: несепағар, қуық;), қантамырлар, лимфа тамырларының қабырғасын құрайды.

Біріңғай салалы бұлшық еттер

Бұлшықет ұлпасының жасушасын – миоцит деп атайды. Біріңғай салалы бұлшықет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді миоциттерден тұрады.

Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады. Олардың ерекшеліктерінің бірі- энергияның және қысымның аз жұмсалуымен бұлшықет ұзақ уақытта созылған күйінде бола алады.

Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеттер

жасушалары көлденең жолақты талшықтарды құрайды. Бұлшықет талшықтарын сарколемма деп аталатын мембранасы қаптайды, ал ішін цитоплазма (саркоплазма) толтырып жатады. Саркоплазманың ішін жіңішке талшықтар-миофибриллалар толтырып тұрады, олардың беті ашық және күңгірт түсті жолақтардан құралғандықтан, ұлпа көлденең жолақты болып көрінеді.

Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеттер

Миофибриллалар ішінде нәруыз жіпшелері орналасқан, оларға байланысты бұлшықеттер жиырылады. Бұлшықет талшықтарының (жасушасының) ядролар саны көп және олар миофибриллалармен ығыстырылып, сарколеммаға жақын орналасады. Бірыңғай салалы бұлшықетпен салыстырғанда көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті тез жиырылады.

Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті

(миокард) де көлденең жолақты қаңқа бұлшықетіне ұқсайды. Жасушасы-кардиомиоцит деп аталады. Кардиомиоциттер формасы – цилиндр тәрізді. Кардиомиоциттер өзінің ұштарымен бір-бірімен байланысып, жүректің бұлшықет талшықтарын құрайды.

Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті

Кардиомиоциттердің байланысу жерін ендірме диск деп атайды. Кардиомиоциттердің бүйірлік жағынан өсінділер шығып, көршілес кардиомиоциттің бүйірлік талшықтарымен байланысып, бірігіп кетеді. Бұл бұлшықет анастамоздары. Кардиомиоциттер ядролары овал тәрізді, саны бір, екі, жасушаның ортасына жақын орналасады. Жүрек бұлшықеті қаңқа бұлшықетіне қарағанда баяу, бірақ бірыңғай салалы бұлшықтепен салыстырғанда тез жиырылады.

Бұлшық еттер түрлері

https://www.twig-bilim.kz/film/cardiac-and-smooth-muscles-5321/

https://www.twig-bilim.kz/film/skeletal-muscles-5322/

Үй жұмысы: Дәптерге бұлшық ет құрылымының суретін салу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу