Буынның түрлері мен құрылысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Буын түрі

Жалпы сипаттамасы

Мысалдар

Қызметті

1.Жартылай қозғалатын сүйектер

(амфиартроз)

1.1 Сырғанағыш

1.2 Айнымалы /цилиндр тәрізді/

Шеміршекті қабаттар әсерінен сүйектер бір-бірінен алшақ орналасқан

Омыртқа жотасы сүйектері, білезік және толарсақ сүйектері

Бірінші /атлант/ және екінші /эпистрофа/ мойын омыртқалары

Сүйектер бір-біріне қарай жылжиды, бірақ олар қозғалуы шектеулі

Басты бұрады

2. Қозғалатын сүйектер

 (Диартроз) 

2.1 Блоктәрізді

2.2 Шартәрізді

Әрбір буынның сырты тьныз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйықтык үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.

Сүйектің бірімен-бірі байланысатын шеті жылтыр, тегіс шемір-шекпенқкапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) өлсіретеді.

Қозғалысқа аздаған бұлшықеттер қатысады

Шынтақ және тізе буындары, саусақ буындары

Бір жазықтық /1800/ белдеуін ғана айнала қозғалады. Ауыр жүктемелерді атқарады

Буынды түзген сүйектерге көп бұлшықет бекінген

Иық және сан мен жамбас буындары

Барлық жазықтықта қозғала алады. /3600 та/. Өте ауыр жүктерді көтеруге қабілеті төмен.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың жеке бас қауіпсіздіктерін сақтай білуі ескертіледі.

Синовиалды буынды зерттеу кезінде міндетті түрде қолғап кию қажет. Дезинфекциялаушы құрал ретінде спирт пен мақта беріледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тауықтың бірнеше сирағын қайнатып, етінен арылтып, тек буын сіңірлері мен тарамыстарын қалдырып тазалап дайындап оқушыларға синовиалды буынның құрылыс ерекшелігімен танысуда қолдануға болады.

Оқушылар буынның қозғалу аймағын, оның құрылысын сипаттай алады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың буын түрлерін атай білуі, буынның әрбір түрінің қозғалу аймағын анықұтап, мысалдаро келтіре алуы және буынның құрылымдарын атап, көрсете білулері маңызды. Әр буынның атқаратын қызметіне сай бейімделу ерекшеліктерін түсіндірулеріне назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары
  • Онлайн тапсырма орындай алады

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujekterding-bajlanysy

  • 3-қосымшада берілді
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

1-тапсырма. 1- байлам, 2 мен 3 –сүйектердің бастары, 4- шеміршек, 5- сіңір

2-тапсырма. А-шығыртәрізді, В- шарнирлі, С-шартәрізді.

3-тапсырма.

А-шынтақтың бүгіліп жазылуын қамтамасыз ету.

В- бастың еңкейіп шалқайып қозғалуын қамтамасыз ету.

С-аяқтың қозғалысын қамтамасыз ету, отырып тұруға жағдай жасау.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Буынның құрылысын түсіндіреді;
  • Буын түрлерін ажыратады;
  • Буын құрылымдарының қызметтеріне қарай бейімделуін сипаттайды;

-буынның құрылым бөлімдерін атайды;

-адам қаңқасындағы буын түрлерін анықтайды.

- суретте А, В және С әрпімен белгіленген буын түрлерін сипаттайды

3-қосымша жауаптары

  • Иық және шынтақ: 0- 90°C бүгілу, 90-0°C жазылу, 0-90°C айналу.
  • Білезік: 0 - 90°C бүгілу, 0-70°C жазылу.
  • Саусақтың буындары:  0-90°C бүгілу;  0-30°C жазылу.
  • Басбармақ: 0-70° C бүгілу, жазылу 60-0°C; 
  • Сан: 0 - 125 °С бүгілу, 115-0° C жазылу.
  • Тізе: 0 - 130°C бүгілу, 120-0 °С жазылу
  • Жіліншік: 0-50°C төмен қарай бүгілу;  0-20°C көтерілу
  • Аяқ: 0-35°C ішке қарай айналу, 0-25°C бұру.
  • Башпайлар:  0-35°C бүгілу, 0-80°C жазылу.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Буындардың түрлері

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujekterding-bajlanysy

http://www.bbc.co.uk/science/humanbody/body/factfiles/joints/ellipsoidal_joint.shtml

Буындар

https://twig-bilim.kz/kz/film/joints



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу