Буынның түрлері мен құрылысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Буынның түрлері мен құрылысы (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Сүйектердің арасындағы байланыс түрлерін атап, олардың ағза үшін маңызын тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Шар тәрізді және ертоқым тәрізді, қозғалмалы, қозғалмайтын, шамалы қозғалатын, шарнирлік, ажырамайтын буын, сырғитын, синовиалды сіңір Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Сүйектер бір-бірімен байланысады .... буын дегеніміз -.... Буыннның түрлері ... , ..., ..... Синовиалды буын дегеніміз .... Буынның құрылым бөліктеріне...,...,...,....жатады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Буынның кеңістіктегі қозғалу бұрыштары қарастырылғанда физика пәнімен, буын сұйықтығының құрамы туралы айтылу арқылы химия пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-6 мин | Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға мозайка қиындыларын үлестіреді. Оқушылар жұптасып мозайканы құрып, құрылған суреттен сабақтың тақырыбын анықтайды. Буын туралы қандай білім қажет деп сұрай отырып, сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері талқыланады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
6-26 мин | Оқушылар топтарына буынның әртүрлі түрлерін адам қаңқасынан тауып осы буынның орналасқан орны мен байланысқан сүйектерін атау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылардың 1-тобы шартәрізді; 2-тобы шығыршықтәрізді; 3-тобы кондилоидты 4-тобы ершіктәрізді буынды 5-тобы буынның құрылысын қарастырады. Топтық жұмыстан соң әр топ басқа топ оқушыларына буын түрлері туралы ақпаратты таныстырып, буынды, оның құрылысын сипаттайды. Критерий:
Мұғалім оқушылардың топтық жұмысы барысында тиісті сұрақтар қою арқылы оқушылардың мақсатқа жетуіне жағдай жасайды. Әр топтың таныстырылымының соңында кері байланыс ұсынады. | 1 - қосымша 3-12 слайдтар | ||||
27-36 мин | Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау ұсынылады. | 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс | 13 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушыларға мұғалім көмек көрсетеді. Кейбір оқушылар буын түрлері көрсетілген анимацияларды пайдалана алады. Кейбір оқушылардың буынның қозғалу бұрышын анықтауды сұрауға болады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың талқылаулар кезіндегі жауаптары Топтық жұмыс кезіндегі жауаптары Ауызша жазбаша түсіндірмелері Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?