Сүйектің құрылысы мен құрамы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- қосымша
Сүйектің құрылысы: Сүйектің сыртқы қабаты тығыз орналасқан остеондардан тұрады. Әр остеонның (қара дақтар болып көрінеді) орталық өзектерде қанның жасушалары мен жүйкелік ұштар болады. Қан табақшаларының аралығындағы кішкене қара дақтар - тесіктер (лакуналар, қуыстар) болады, оларда остеоциттер (сүйектік ұяшықтар) болады. Остеон - бұл өзек тәрізді бірлік қатты сүйектің құрылыс материалы болып табылады. Сүйектің сыртын қаптаған сүйек қабы болады.Сүйек қабының астындағы тығыз сүйек қабаты өте берік, мықты. Ондағы жасушалар сүйектің жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Сүйектің басына қарай тығыз сүйектің жолағы байқалады. Бұл эпифиза. Оның есебінен сүйектің өсуіне қатысады. Сүйектің басын шеміршек ұлпасы қаптайды. Бұл қажалудан қорғайды. Шеміршек ұлпасының есебінен сүйек ұзарып өседі. Сүйек бастарының ортасы диафиза деп аталады. Онда бұлшықет сіңір арқылы бекінеді. Тығыз қабаттың астында сүйек басына қарай борпылдақ сүйек орналасады. Олардың араларын қызыл кемік май толтырады. Жілік сүйектердің ортасы қуыс. Осы қуыста сары сүйек кемік майы немесе жілік майы болады. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйек қабы мен тығыз затында қантамырлары өтетін саңылаулары бар.
Сүйек құрылысы:
- сүйек қабы
- тығыз қабаты
- сүйек кемігі
- буын қапшығы
- байланыс жүйелері
Тығыз сүйек. Тығыз сүйекте әрқайсысының ортасында гаверсев каналдарынан құралған гаверсев жүйесі немесе остеон болатын көптеген цилиндрлер жиынтығы борлады. Сүйек пластинкаларының арасында тірі сүйек жасушалары остеобласттары бар лакундар орналасады. Гаверсев каналдарынан сүйекті қоректендіріп, О2 қамтамасыз ететін қантамырлары өтеді. Сонымен қатар, құрамында коллаген талшықтары, торлы серпімді шеміршегі болатын ұлпалары, лимфа және жүйке талшықтары болады. Тығыз сүйекте жасушаарлаық зат остеобластар арқылы түзілетін коллагеннен тұрады. Онда магний, натрий, карбонаттар мен нитраттар кездеседі. Сүйектің сыртқы қабаты сүйек қабы. Коллагенді талшықтарының шоңғыры сүйек қабынан шығып, сіңірмен тығыз байланысып, сүйекке етті бекітеді. Сүйек қабының ішінде тамырлар,остеобласттар бар.
Борпылдақ сүйек - бір-бірімен тарамдала байланысқан сүйек элементтерінен құралған. Негізгі заттары коллагенді талшықтардан тұрады. Олардың арасы кемік майымен толтырылған. Қызыл кемікте эритроциттер, сары кемік майында май жасушалары орналасақан.Сүйек кемігінде үш түрлі сүйек жасушалары орналасқан. Бұл кемікті түзуші остеобласттар, тыныштыққа ауысқан остеобласттар- остеоциттер, кальцийленген негізгі затты сіңіруші остеокласттар кездеседі. Трабекулалар сүйектің күш көбірек түсетін жағына қарай ығыса орналасқандықтан, сүйек аса берік әрі мықты. Борпылдақ ұлпа ұрықта, өсіп келе жатқан ағзада және ересек ағзаның сүйегінің эпифиасында кездеседі.
Олардың араларында сүйек жасушалары остеоциттер болады. Остеонның ортасындағы саңылауды Гаверс каналы деп атайды. Осы канал арқылы қантамырлары остеоциттерге қоректік заттар мен оттегіні жеткізеді. Остеоциттер бөлінбейтін жасушалар.Олар остеон денешіктерінде орналасқан.
2- қосымша
Нұсқаулық:
1.ЖЕКЕ ЖҰМЫС: Tөмендегі сұрақтар туралы 2 минут ойланыңыз.
Әрбір сұрақты мұқият оқыңыз:
- жауабын білетін сұрақты дөңгелектеп белгілеңіз
- жауабын білмейтін сұрағыңызды квадратпен қоршап қойыңыз
- өзіңізді қызықтырған сұрақтың астын сызыңыз
2.ЖҰПТА: Көршіңізбен талқылаңыз
3. БӨЛІСУ: өз ойларыңызбен сыныптастарыңызбен бөлісіңіз
Сұрақтар:
- Сүйектің қандай қасиеттері болады?
- Не себепті сүйекте кальций болады?
- Сүйектің қандай түрлері болады?
- Сүйек неден тұрады?
1 станция Сүйектің сыртқы құрылысымен танысыңыз. Сүйектің құрылым бөліктерін анықтаңыз
Дескриптор:
Сүйектің барлық бөліктері көрсетіліп, жазылған
2 станция Сипаттамаларды пайдаланып, сүйектің құрылым бөліктерінің тұсына сәйкес қызмет белгіленген әріпті жазыңыз.
- Сүйектің бастарын сыртынан қаптап, қажалудан, соққыдан қорғайды, сүйектің ұзарып өсуіне қатысады
- Сүйектің екі басын толтырып орналасқан
- Өте қатты, берік, мықтылық қасиет береді
- Тарамыс пен сіңір бекінетін шеміршегі жоқ жері
- Қуыстары көп, оларды қан жасушалары жасалатын сүйектің қызыл кемігі толтырып тұрады
- Ақ қан жасушалары түзілетін сары кемік майы болатын қуыс түтік
- Сүйекті сыртынан қаптаған жуандап өсуге жауапты бөлігі
3 станция Дайын микропрепараттан сүйек ұлпасын құрайтын остеон сақиналары мен остеоцит жасушаларын және ортасындағы Гаверс каналын тауып қарап, суретін салыңыз
Дескрипторлар:
- Остеонның бір сақинасы анық салынған
- Остеоциттер белгіленген
4-станция
Сүйектің құрамын сипаттаңыз.
Сүйек түрі Сүйек қасиеттері | 1. Қыздырылған сүйек | 2. Кальцийсіздендірілген сүйек | 3. Табиғи сүйек |
Сүйек қандай заттардан тұрады? | |||
Қаттылық | |||
серпімділік | |||
иілгіштік | |||
созылғыштық | |||
беріктілік |
Дескрипторлар:
- Кальцийсіздендірілген, күйдірілген, табиғи сүйектердің құрамындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.
- Әртүрлі өзгерістерге ұшыраған және табиғи сүйектің қасиеттерін салыстырады.
3-қосымша
- Қабырға және жілік сүйектерін салыстырыңыз
Ерекшеліктері | Қабырға | Жілік |
Кемік майының түсі | ||
Қуыстың болуы | ||
Тығыз қабаттың қалыңдығы |
- Complete the sentences using the following terms:
Сartilage - шеміршек
Cancellous bone - борпылдақ сүйек
Compact bone - тығыз сүйек
Epiphysis – эпифиза
bone marrow – сүйек кемік майы
Osteon – остеон
Оsteocyte - остеоцит
- ................... covers the ends of the bones, stops them rubbing together and absorbs shock.
- ........................ spongy bone that stores the red bone marrow;
- .......................... the area where bones grow in length.
- ............................. hard, dense bone. It gives strength to the hollow part of the bone.
- ........................ where blood cells are made.
- ……………………………..is the bone cells
- ……………………………… is the fundamental functional unit of much compact bone
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?