Сүйектің құрылысы мен құрамы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Сүйектің құрылысы мен құрамы (зертханалық жұмыс) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Сүйектің микро- және макроқұрылымдарын атап, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың сүйекке беретін қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеп қорытынды жасап, сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Жілік сүйек, органикалық заттар, бейорганикалық заттар, сүйектің кемігі, остеон, остеоцит, остеобласт. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жіліктің басында...зат болады. Жіліктің ортасындағы қуыста...болады. Сүйектің сыртын...қабаты қаптайды. Сүйектің тығыз заты...жауапты. Сүйектің құрамында ...заттар болады. Егер сүйектің құрамында .............зат аз болса, сүйек беріктік қасиетін жоғалтады. Х... заты сүйекті У...... қорғайды Х.... бөлігі У ........ үшін қажет. Х......болуы У ..... . қызметі үшін маңызды Х........ заты сүйектің У........бөлігін құрайды | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік:
құрмет:
ынтымақтастық:
ашықтық:
еңбек және шығармашылық:
өмір бойы білім алу: -денсаулығын сақтауда биологиялық білімін пайдалана білу. | |||||
Пәнаралық байланыс | Сүйекке мықтылық беретін кальций және фосфор заттары туралы білім химия пәнімен байланысты. | |||||
Алдыңғы білім | «Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын, жануарлардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Сұрақтар:
Сұрақтарын қойып, алдымен жеке, кейіннен жұпта, соңында сыныпта талдайды. Оқушыларға нұсқаулық беріледі. Нұсқаулық: 1.ЖЕКЕ ЖҰМЫС: Tөмендегі сұрақтар туралы 2 минут ойланыңыз. Әрбір сұрақты мұқият оқыңыз: - жауабын білетін сұрақты дөңгелектеп «O» белгілеңіз - жауабын білмейтін сұрағыңызды квадратпен «□» қоршап қойыңыз - өзіңізді қызықтырған сұрақтың астын сызыңыз. 2.ЖҰПТА: Көршіңізбен талқылаңыз 3. БӨЛІСУ: өз ойларыңызбен сыныптастарыңызбен бөлісіңіз Оқушылар олар туралы өздерінің білетін ақпараттарын ортаға салады. Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыздар сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-35 мин | Мұғалімнің таныстырылымның көмегімен шағын түсіндірме береді. Оқушыларға сұрақтар қойылады, талқылау жүргізіледі. Оқушыларға жұмыс парақшасы ұсынылады. Нұсқау түсіндіріледі. Оқушылар 3 станцияны аралай жүріп қажетті ақпараттармен танысып, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. 1-станция
Критерий:
Дескрипторлар:
2-станция Сүйектің макроқұрылымдарының қызметтерін анықтаңыз 3-станция Дайын микропрепараттан сүйек ұлпасын құрайтын остеон сақиналары мен остеоцит жасушаларын қарап, суретін салыңыз Критерий:
Дескрипторлары:
| Нұсқаулық 1 - қосымша 3-16 слайдтар | ||||
4-станция Мұғалім кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектің химиялық құрамына байланысты қасиеттерін көрсетеді. Күйдірлген сүйекті сындырып көрсетіп, не себептен бұл морт сыңғыш, қандай жастағы адамдардың сүйектері осындай қасиетке ие деп ойлайсыздар, жанған кезде бұл сүйектің құрамы қалай өзгерді сұрақтары арқылы талдау жасалады. Сүйек температураының әсерінен органикалық заттарын жоғалтып, құрамында бейорганикалық заттары қалғандықтан морт сыңғыш болып келеді. Жасы ұлғайған адамдардың сүйегіндегі органикалық заттардың азаюына байланысты сүйектері морт сынғыш болып өзгереді, яғни құрамында органикалық заттары аз сүйектер морт сынғыш. Ал тұз қышқылына салып 24 сағатқа қалдырылған сүйекті майыстырып, байлап, созып көрсетіп, оның тұз қышқылында болғанын айта отырып, бұл сүйек қандай заттарын жоғалтты, не себептен ол майысқақ болып кетті, қандай жастағы адамдардың сүйектері осындай қасиетке ие деп сұрай отырып тұз қышқылының әсерінен сүйектің бейорганикалық заттарын жоғалтқаннан тек органикалық заттары қалып сүйек майысқақ әрі созылғыш болып өзгерді деген қорытынды шығарылады. Оқушыларға қолғап киіп, сүйектерді созып, майыстырып, сындырып көру ұсынылады. Демонстрациядан соң оқушылар өз қорытындыларын жазып қояды. Бір –екі оқушының жазған қорытындысын оқытып, сыныпта шағын талдау жасалып, кері байланыс беріледі. Критерий:
Дескрипторлар:
| ||||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Сабақтың 1 позитивті тұсы Жақсартуға арналған 2 ұсыныс | 17- слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Ойлаудың әртүрлі деңгейлеріне сай сұрақтар қою арқылы Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлерін ұсыну арқылы Кейбір оқушыларға жазбаша сипаттамалар беру мүмкіндігін ұсыну арқылы Ағылшын тілінде тапсырмалардыорындау арқылы Әр станцияны аралау барысында оқушыларға өздігінен білім ала білуіне мүмкіндік беру арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың талқылаулар кезіндегі сұрақтарға жауап берулері арқылы Ақпаратты талдаулары арқылы Әр станцияда ұсынылған тапсырмаларды орындаулары арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Демонстрация кезінде абай болу. Демонстрация кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?