Сүйектің құрылысы мен құрамы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Сүйек заты остеон деп аталады. Онда сүйек жасушалары остеоциттер орналасқан.

Түтікше сүйектің екі басы эпифиз, ортьаңғы бөлігі диафиза деп аталады. Жіліктің басында борпылдақ заты мен қызыл кемік майы болса жіліктің ортасында сары кемік майы толтырылған қуыс болады. Сүйек сыртынан сүйек қабымен қапталған тығыз сүйектен тұрады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында жеке басының қауіпсіздігін сақтаулары ескеріледі.

Қыздырылған және кальцийсіздендірілген сүйектерді жалаңаш қолмен ұстауға болмайды. Міндетті түрде қолғап кию қажет.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабаққа дайындық: жілік сүйектерін қайнатып, оның көлденең кесіндісін жасап, ортасынан екі көлденеңінен бөлу. Қабырға сүйектерін дайындау.

Зертханалық жұмысқа дайындық:

Сүйек ұлпасы мен сүйек жасушаларының микропрепараттары, микроскоп.

Демонстрацияға дайындық:

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:

Қыздырылған сүйек

Кальцийсіздендірілген сүйек

Табиғи сүйек

Сүйекті қыздырып, күйдіреді. Екінші сүйекті 1-2 тәулікке тұз қышқылының ерітіндісіне салып қалдырады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың сүйек бөліктерін, соның ішінде кемік майының қызметтері мен түрлерін ажырата алуларына назар аударылады. Сүйек заты остеон және онда орналасқан остеоциттердің пішініне қарай ажыратуды үйренулері тиіс. Оқушылар сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың сүйекке беретін қасиеттерін түсіндіре алулары тиіс.

  • Саралау тапсырмалары
  • 3-4 қосымшаларда берілді.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері
  • Сүйектің құрамын сипаттаңыз.

Сүйек түрі

Сүйек қасиеттері

1.

Қыздырылған сүйек

2.

Кальцийсіздендірілген сүйек

3.

Табиғи сүйек

Сүйек қандай заттардан тұрады?

бейорганикалық

органикалық

Бейорганикалық және органикалық

Қаттылық

+

-

+

Иілгіштік

-

+

-

Созылғыштық

-

+

-

Беріктілік

-

+

+

3-қосымша. 1 –В, 2-С, 3-В.

1-тапсырма. 1-остеон, 2-гаверс каналы, 3- остеоцит, 4- лакуналар

2. Сүйек қабы сүйектің сыртын қаптайды. Ол остеондардан құралады.

3. кальций мен фосфордың жетіспеушілігі, йод тапшылығы

Бағалау критерийлері:

  • Сүйектің макроқұрылымдарының қызметтерін түсіндіреді;
  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын сипаттайды;
  • Сүйектің химиялық құрамын түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Сүйектің құрылымдарының атқаратын қызметтерін түсіндіреді
  • Сүйектің микроқұрылымдарын суретте атап көрсетеді
  • Сүйектің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді
  • Сілтемелер мен ресурстар

Сүйектер:

https://twig-bilim.kz/kz/film/bones

Сүйек жасушасының тіршілік циклі

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujek-quraushy-ulpalardyng-qurylymy-zhane-turleri

Сүйек құрылымы. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujekterding-ishki-qurylysy

Сүйек кемігі

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/sujekterding-ishki-qurylysy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу