Сүйектің құрылысы мен құрамы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

  Сүйектің құрылысы: Сүйектің сыртқы қабаты тығыз орналасқан остеондардан тұрады. Әр остеонның (қара дақтар болып көрінеді) орталық өзектерде қанның жасушалары мен жүйкелік ұштар болады. Қан табақшаларының аралығындағы кішкене қара дақтар - тесіктер (лакуналар, қуыстар) болады, оларда остеоциттер (сүйектік ұяшықтар) болады. Остеон - бұл өзек тәрізді бірлік қатты сүйектің құрылыс материалы болып табылады. Сүйектің сыртын қаптаған сүйек қабы болады.Сүйек қабының астындағы тығыз сүйек қабаты өте берік, мықты. Ондағы жасушалар сүйектің жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Сүйектің басына қарай тығыз сүйектің жолағы байқалады. Бұл эпифиза. Оның есебінен сүйектің өсуіне қатысады. Сүйектің басын шеміршек ұлпасы қаптайды. Бұл қажалудан қорғайды. Шеміршек ұлпасының есебінен сүйек ұзарып өседі. Сүйек бастарының ортасы диафиза деп аталады. Онда бұлшықет сіңір арқылы бекінеді. Тығыз қабаттың астында сүйек басына қарай борпылдақ сүйек орналасады. Олардың араларын қызыл кемік май толтырады. Жілік сүйектердің ортасы қуыс. Осы қуыста сары сүйек кемік майы немесе жілік майы болады. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйек қабы мен тығыз затында қантамырлары өтетін саңылаулары бар.

 

Сүйек құрылысы:

  • сүйек қабы
  • тығыз қабаты
  • сүйек кемігі
  • буын қапшығы
  • байланыс жүйелері

Тығыз сүйек. Тығыз сүйекте әрқайсысының ортасында гаверсев каналдарынан құралған гаверсев жүйесі немесе остеон болатын көптеген цилиндрлер жиынтығы борлады. Сүйек пластинкаларының арасында тірі сүйек жасушалары остеобласттары бар лакундар орналасады. Гаверсев каналдарынан сүйекті қоректендіріп, О2 қамтамасыз ететін қантамырлары өтеді. Сонымен қатар, құрамында коллаген талшықтары, торлы серпімді шеміршегі болатын ұлпалары, лимфа және жүйке талшықтары болады.   Тығыз сүйекте жасушаарлаық зат остеобластар арқылы түзілетін коллагеннен тұрады. Онда магний, натрий, карбонаттар мен нитраттар кездеседі. Сүйектің сыртқы қабаты сүйек қабы. Коллагенді талшықтарының шоңғыры сүйек қабынан шығып, сіңірмен тығыз байланысып, сүйекке етті бекітеді. Сүйек қабының ішінде тамырлар,остеобласттар бар.

Борпылдақ сүйек - бір-бірімен тарамдала байланысқан сүйек элементтерінен  құралған. Негізгі заттары коллагенді талшықтардан тұрады. Олардың арасы кемік майымен толтырылған. Қызыл кемікте эритроциттер, сары кемік майында май жасушалары орналасақан.Сүйек кемігінде үш түрлі сүйек жасушалары орналасқан. Бұл кемікті түзуші остеобласттар, тыныштыққа ауысқан остеобласттар- остеоциттер, кальцийленген негізгі затты сіңіруші остеокласттар кездеседі. Трабекулалар сүйектің күш көбірек түсетін жағына қарай ығыса орналасқандықтан, сүйек аса берік әрі мықты. Борпылдақ ұлпа ұрықта, өсіп келе жатқан ағзада және ересек ағзаның сүйегінің эпифиасында кездеседі.

Олардың араларында сүйек жасушалары остеоциттер болады. Остеонның ортасындағы саңылауды Гаверс каналы деп атайды. Осы канал арқылы қантамырлары остеоциттерге қоректік заттар мен оттегіні жеткізеді. Остеоциттер бөлінбейтін жасушалар.Олар остеон денешіктерінде орналасқан.

2- қосымша

Сүйектің құрамын сипаттаңыз.

Сүйек түрі

Сүйек қасиеттері

1.

Қыздырылған сүйек

2.

Кальцийсіздендірілген сүйек

3.

Табиғи сүйек

Сүйек қандай заттардан тұрады?

Қаттылық

Иілгіштік

Созылғыштық

Беріктілік

3-қосымша

Тест тапсырмасы

Берілген жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңда

  • Сүйекке иілгіштік пен майысқыштық қасиет береді:

А) минералды заттар В) органикалық заттар С) су D) тұздар Е) кальций тұздары

  • Сүйек ұзарып өседі:

А) сүйек қабынан В) сүйек жасушаларынан С) Сүйек ұштарындағы шеміршектердің бөлінуінен D)сүйек кемігінен Е) жілік майынан

  • Сүйектің нәруызы: А) миозин В) оссеин С) актин D) урохром Е)миолин

1-тапсырма. Суретте бейнеленген құрылымды атаңыз, құрылысын жазыңыз

2 - тапсырма. Сүйек қабы қайда орналасқан. Оның құрылыс ерекшелігі қандай?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Сүйектің жұқаруына әкелетін факторларды атаңыз

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

  • Сүйектің макроқұрылымдарының қызметтерін түсіндіреді;
  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын сипаттайды;
  • Сүйектің химиялық құрамын түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Сүйектің құрылымдарының атқаратын қызметтерін түсіндіреді
  • Сүйектің микроқұрылымдарын суретте атап көрсетеді
  • Сүйектің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді
  • қосымша

Сөздікті пайдалана отырып, сүйектің құрылысына шағын сипаттамалар жазыңыз.

Қазақша

Ағылшынша

Сүйек

bone

Органикалық заттар

organic substances

Бейорганикалық заттар

inorganics

Сүйектің майлы заты

bone marrow

Кемік зат

spongy bone

Остеон

osteon

Остеоцит

osteocyte

Остеобласт

osteoblast



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу