Сүйектің құрылысы мен құрамы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сүйектің құрылысы мен құрамы (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу

 Сабақтың мақсаттары

  • Сүйектің макроскопиялық құрылысын зерттеу;
  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын зерттеу;
  • Сүйектің химиялық құрамын зерттеу.

 Бағалау критерийлері

  • Сүйектің макроқұрылымдарының қызметтерін түсіндіреді;
  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын сипаттайды;
  • Сүйектің химиялық құрамын түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Сүйектің микро- және макроқұрылымдарын атап, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша түрде сипаттай алады.

Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың сүйекке беретін қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеп қорытынды жасап, сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жілік сүйек, органикалық заттар, бейорганикалық заттар, сүйектің кемігі, остеон, остеоцит, остеобласт.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жіліктің басында...зат болады.

Жіліктің ортасындағы қуыста...болады.

Сүйектің сыртын...қабаты қаптайды.

Сүйектің тығыз заты...жауапты.

Сүйектің құрамында ...заттар болады.

Егер сүйектің құрамында .............зат аз болса, сүйек беріктік қасиетін жоғалтады.

Х... заты сүйекті У...... қорғайды

Х.... бөлігі У ........ үшін қажет.

Х......болуы У ..... . қызметі үшін маңызды

Х........ заты сүйектің У........бөлігін құрайды

 Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік:

  • мақсатқа жетуге ұмтылу;
  • әрбір іс-әрекетте жауапкершілік таныту.

құрмет:

  • топтық және жұптық жұмыс кезінде барлық пікірмен санаса білу;
  • өзгелердің пікірін тыңдай білу;

ынтымақтастық:

  • жауап нұсқаларынан дұрысын таңдауда ынтымақтастық таныту.

ашықтық:

  • өз ойын ашық әрі тиянақты, түсінікті түрде жеткізе білу;

еңбек және шығармашылық:

  • тақырып көлемінде шектеліп қалмай, сүйектің құрылымдары туралы қосымша ақпараттар іздеу;

өмір бойы білім алу:

-денсаулығын сақтауда биологиялық білімін пайдалана білу.

 Пәнаралық байланыс

Сүйекке мықтылық беретін кальций және фосфор заттары туралы білім химия пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7 сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын, жануарлардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу үшін оқушылар жұптарына әртүрлі сүйектердің тірі үлгілері (тауық, қойдың жіліктері, қабырға сүйектері), суреттері беріледі. Оқушылар олар туралы өздерінің білетін ақпараттарын ортаға салады. Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыздар сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушылар таныстырылымның көмегімен сүйектің макро- және микроқұрылымымен танысады. Мүмкіндік болса оқушыларға табиғи жілік сүйегінің көлдененң кесіндісі мен остеоциттердің микропрепараттарын қарай отырып, макро және микроқұрылымдарын сызбалап суретке түсіру тапсырмасын ұсынуға болады.

Жілік сүйегінен оқушылар сүйек қабы, тығыз және борпылдақ заты, сары және қызыл кеміктері, эпифиза мен диафизаны ажыратады.

Оқушыларға дайын микропрепараттан сүйек жасушалары мен ұлпасын қарап зертханалық жұмысты орындау тапсырмасы ұсынылады.

Оқушылардан тұжырымдамалық карта/постер/сызба жасау сұралады.

Кейбір оқушылар тек жазбаша сипаттамалар бере алады.

Оқушылардың жұмыстарынан уақытқа байланысты бірнеше жұмыс таныстырылып, қалғандары тек қосымша, яғни айтылмай қалған ақпараттарды қосады.

Критерий:

  • Сүйектің макроқұрылымдарының қызметтерін түсіндіреді;
  • Сүйектің микроскопиялық құрылысын сипаттайды;

1 - қосымша

3-9 слайдтар

10-12 слайд

17-27 мин

Мұғалім кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектің химиялық құрамына байланысты қасиеттерін көрсетеді. Күйдірлген сүйекті сындырып көрсетіп, не себептен бұл морт сыңғыш, қандай жастағы адамдардың сүйектері осындай қасиетке ие деп ойлайсыздар, жанған кезде бұл сүйектің құрамы қалай өзгерді сұрақтары арқылы талдау жасалады. Сүйек температураының әсерінен органикалық заттарын жоғалтып, құрамында бейорганикалық заттары қалғандықтан морт сыңғыш болып келеді. Жасы ұлғайған адамдардың сүйегіндегі органикалық заттардың азаюына байланысты сүйектері морт сынғыш болып өзгереді, яғни құрамында органикалық заттары аз сүйектер морт сынғыш.

Ал тұз қышқылына салып 24 сағатқа қалдырылған сүйекті майыстырып, байлап, созып көрсетіп, оның тұз қышқылында болғанын айта отырып, бұл сүйек қандай заттарын жоғалтты, не себептен ол майысқақ болып кетті, қандай жастағы адамдардың сүйектері осындай қасиетке ие деп сұрай отырып тұз қышқылының әсерінен сүйектің бейорганикалық заттарын жоғалтқаннан тек органикалық заттары қалып сүйек майысқақ әрі созылғыш болып өзгерді деген қорытынды шығарылады.

Оқушыларға қолғап киіп, сүйектерді созып, майыстырып, сындырып көру ұсынылады.

Демонстрациядан соң оқушылар өз қорытындыларын жазып қояды. Бір –екі оқушының жазған қорытындысын оқытып, сыныпта шағын талдау жасалып, кері байланыс беріледі.

Критерий:

  • Сүйектің химиялық құрамын түсіндіреді.

13-14-слайд

27-36 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындалады.

Кейбір оқушыларға 3-қосымшадағы тапсырма ұсынылады.

2-4 қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ аяқталды және менің айтарым

Менің жақсы жасағаным…

Өзіңді не үшін мақтай аласын?

Сыныптастарыңды не үшін мақтай аласың?

Нені үйрендің?

Не таң қалдырды ?

Мен үшін жаңалық болғаны…

Ең жақсы шыққаны?

Менің сабақтағы жетістігім…

15 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Ойлаудың әртүрлі деңгейлеріне сай сұрақтар қою арқылы

Оқушылардан тұжырымдамалық карта/постер/сызба жасауға таңдау беру арқылы

Кейбір оқушыларға жазбаша сипаттамалар беру мүмкіндігін ұсыну арқылы

Ағылшын тілінде сипаттамалар беруді сұрау арқылы

Кейбір оқушыларға ресурстар түрлерін таңдауға мүмкіндік беру арқылы

Қосымша тапсырмалар арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың талқылаулар кезіндегі сұрақтарға жауап берулері арқылы

Ақпаратты талдап, кластер, тұжырымдамалық карта немесе постер жасаулары арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Демонстрация кезінде абай болу.

Демонстрация кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу