Терінің құрылысы мен маңызы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Ыстық күнде терлеу арқылы ағза салқындайды. Орта температурасы жоғарлағанда терідегі қан тамырлары кеңейіп, қан айналымы жылдамдаудың нәтижесінде ағзадағы жылу сыртқа шығарылады. Ал салқында терідегі қан тамырлары тарылып, ағзадағы жылу сыртқа шығарылмай сақталады.
Тердің құрамында сумен бірге түрлі тұздар, сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері шығады.
Теріде 2 литрге дейін қан қоры сақталады. Ағзадағы қан мөлшері азайғанда терідегі қан қоры айналымға түседі. Сондықтан аздаған мөлшерде қан жоғалту адам үшін қауіпті емес.
Адам терісі үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
Эпидермис екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.
Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары жиі орналасқан. Терінің 1 см2 шамамен 50 ауырсыну рецепторы, 12- суықты сезетін, 1 -2 жылуды сезетін рецепторлар орналасқан.
Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Бұл қабатта түк түбірі, тер, май бездері орналасады. Тер бездері сыртқы секреция бездеріне жатады.
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене шұрық түрінде ашылады. Тер бездері алақан, табан, қолтық, тақымда көп. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.
Май бездерінің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктер мен теріге май бөледі. Май бездерінен бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Май бездері баста, бетте көбірек болады.
Теріде меланин пигменті болады. Ол теріге түс береді, ультракүлгін сәулелерден қорғайды.
Терінің шел қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. және оларды әр түрлі зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды, сондай-ақ энергия қоры болып табылады.
2- қосымша
- тапсырма. Терінің қызметтерін жазыңыз.
...........................................................................................................................................................
........................................................................................................................................................... ...........................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
2 -тапсырма. Терінің құрылыс бөліктерінің атап жазыңыз.
1-
2-
3-
4-
5-
6-
7-
8-
9-
3 -тапсырма. Терінің бөліп шығаруға қатысатын құрылымдарының астын сызыңыз.
4 тапсырма. Терінің қызметтерін белгілеңіз
- Механикалық, термиялық, физикалық жарақаттар мен қауіпті заттарға қарсы қорғаныш барьер
- Ылғалдың жоғалуынан қорғайды
- Ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғайды
- Зиянды микробтардың көбейетін орны
- Тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлардың орны
- Жылудың денеге енетін қабаты
- Температура өзгерісі мен жанасуды сезетін сезім мүшесі
- Жарықты қабылдайтын сезім мүшесі
- Химиялық заттарды сезетін мүше
- Тұз, көмірқышқыл газы, су бөлінетін бөліп шығару мүшесі
- Температураны реттеуге қатысады
- Глюкоза мөлшерін реттеуге қатысады
- Инфекцияларды анықтайтын иммундық мүше
3- қосымша
1-тапсырма. Сөздікті пайдаланып тері туралы шағын сөйлемдер құрастырыңыз.
1.Тері - Skin
2.Эпидермис - Epidermis
3.Дерма - Derm
4. Тері шел майы - Hypodermis
5. Тері бездері - Sweat gland
6. Май бездері - Sebaceous gland
7. Сүт бездері - Mammary glands
8. Рецептор - Receptor
9.Шаш фолликуласы - Hair bulb
10. Тырнақ - Nail
2-тапсырма. Терінің қабылдайтын сыртқы орта стимулдарын атап, оларға қайтарылатын жауап түрін жазыңыз. Мысалы: ыстыққа қол тисе, қолды дереу тартып алу. ....................................................................................................................................................................................................................................................................... .......................................... ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?