Терінің құрылысы мен маңызы. Биология, 8 сынып, презентация.


Жаздың ыстық күнінде және қыстың суық күнінде адамда қандай өзгерістер байқалатынын сипаттау

Сабақтың тақырыбы:

Терінің құрылысы мен маңызы.

Сабақтың мақсаттары:

Терінің құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты анықтау

Терінің бөліп шығарудағы маңызын сипаттау

Бағалау критерийлері:

Терінің құрылысын біледі;

Терінің қызметтерін түсінеді;

Терінің бөліп шығарудағы маңызын бағалайды.

Топтық жұмыс

а) Мәтінді 3 минуттың ішінде оқу

1-топ Эпидермис

2-топ - Дерма

3-топ - Гиподерма қабаты

б) Мәтіннің мазмұнын топта 2 минут ішінде талқылау.

в) Тақтадағы сызбаны толықтыру. Әр топ өз тапсырмасы бойынша сызбаны толықтырады.

Терінің құрылысы

Түк ұясы

Тері арқылы бөліп шығару

Тері арқылы қандай заттар бөлінеді?

Тері арқылы бөліп шығарудың ағза үшін маңызы неде?

.

Сыртқы қабат –

эпидермис

Нағыз тері –

дерма қабаты

Шел қабаты

Тері – дененің сыртқы жабыны. Тері негізгі үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат, нағыз тері қабаты және шел қабаты.

1. Сыртқы қабат – эпидермис. Көп қабатты эпителий ұлпасынан түзілді. Оның терең қабатында пигмент болады, терінің түсі осыған байланысты.Эпидермистің қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайды.

Мүйізді қабат – өлі жасушалардан тұратын, қайызғақ, шаш, түктер, тырнақтар

Өсуші қабат – тірі жасушалар. Осы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Бұл жасушалардың бөлінуі тырнақтардың, түктердің өсуіне септігін тигізеді.

Ортаңғы қабаты – дерма

немесе нағыз тері орналасқан.

Онда жүйке талшықтарының ұштары мен қан тамырлар торы орналасқан.

Мұнда рецепторлар, май және тер бездері, түк түбірі орналасады.

Дерма тірек қызметін атқарады, ол терінің созылмалылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді.

Шел қабаты терінің ең терең қабаты. Ол дәнекер ұлпасынан тұрады.

Ол “төсеніш” қызметін атқарады.

Қоректік заттардың және энергияның “қоймасы” болып есептеледі.

Емізікшелі қабат – эпидермиске жақын бөлігі.

Тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. Қантамырлары, лимфа, жүйке тамырлары орналасады.

Эпидермисті қоректендіреді.

Осы қабаттың емізік тәрізді өсінділерінің болуына байланысты терінің бедері әр түрлі болады.

Шаш-түктер – бұл тері түзінділері. Олар алақанда табанда және кілегейлі қабықшадан басқа адамның бүкіл терісін жауып

жатады. Олар терінің бетінде көлбеу орналасқан. Әрбір шаш-түктің түбірі мен өзегі болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.

Тырнақ тері түзінділері. Ол жұқа мүйізденген пластинка болып табылады. Ол тырнақ ернеуінде орналасқан және дәнекер ұлпаны

талшықтар арқылы саусақтың тырнақ буынымен тығыз байланысқан.Тырнақ саусақ

басын зақымданудан сақтайды.

Төрт терезе



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу