Бүйректің құрылысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Бүйректердің қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері:
- Шумақ капиллярларындағы жоғары қысымы - 70 мм Hg
- Жоғары көлемдің қан ағысы - 1/4 ҚМК - 1800 л/тәул
- Капиллярлардың екі қабаты
- Қыртыстық және юкстамедуллярлық нефрондардың милық затының капиллярларының ерекшеліктері (тура ұзын ілмектер)
- Қыртыстық қан айналымының өзін өзі реттеу механизмі
Зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері организмнен бүйректер арқылы шығарылады. Бүйректер сұйық ыдырау өнімдерін шығарады: су,тұздар, аммиак, мочевина және өзге де заттар. Организмнен су мен тұздардың артық мөлшерін шығара келе, олар осмос қысымы мен рН тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бүйректер есебінен организмнен зиянды және улы заттар, сонымен бірге дәрі –дәрмек ретінде қабылданған кейбір улы заттар да шығарылады. Бүйректер бірқатар заттардың түзілуіне қатысып, кейіннен оларды өздері шығарады: бұл аммиак, гиппурді қышқыл және т.б. Несеп мүшелері жүйесіне бүйректер, несепағарлар, қуық және несеп шығарушы түтік жатады. Бүйректе несептүзілу (диурез) үдерісі жүреді. Бүйректен несеп резервуар қызметін атқарушы қуыққа, несеп шығарушы түтік арқылы сыртқа шығарылады.Бөліп шығару қызметін бүйректен басқа тері және өкпелер атқарады. Тері арқылы тер құрамында нәруыз алмасу өнімдері, одан басқа су мен тұздар, ал өкпелер арқылы –көмірқышқыл газ және су (су булары ретінде) шығарылады. Бүкіл денеге таралған тер бездері арқылы тер бөлінеді.Олар алақанда, қолтық астында көп шоғырланған , аз мөлшерде балтырда, жамбас пен арқада кездеседі. Термен бірге су, тұздар, несепнәр қышқылы, аммиак және т.б . заттар шығарылады.Тердің бөлінуі қоршаған орта температурасына және дене еңбегінің қарқындылығына тәуелді.Тәулігіне орта есеппен 500-600 мл тер бөлінеді, ал ауа температурасы жоғарлағанда немесе дене еңбегін атқарғанда тер бөліну мөлшері бірнеше есе артады. Тер бөліну- рефлекторлы құбылыс. Тәулігіне олардан шамамен 20 г май бөлінеді, тер майы шаш пен теріні майлап, жұмсартады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Биология кабинетінде жеке басының қауіпсіздігін сақтай білулеріне көңіл бөлінеді.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақта бүйрек суреттері мен моделінде оқушылардың әр құрылым бөлікті атап көрсетіп, олардың ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттаулары маңызды. Оқушылардың академиялық терминологияны қолдана алуына назар аударылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылар бүйректің қабаттарын, олардың түсіндегі айырмашылықтардың себебін (капиллярлардың көп немесе аз болуына байланысты), бүйректің құрылымдарын, нефрон туралы, оның бүйректің қызметтік бірлігі екенін түсінулеріне назар аударылады. Бүйректің сыртқы фиброзды қабатының бүйректің ішкі бөліктерін қорғау қызметін артқаратыны ескеріледі.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосмышада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
2. Бүйректің қызметтері:
1. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп қалады. 2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
3. Бүйрек – күрделі биологиялық сүзгі: ағзадағы артық су, тұз, дәрі заттарды шығарып, жетіспейтін заттарды сүзіп алып қалады.
4. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
5. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
6. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
Дескрипторлар: | √ |
Бүйректің құрылымдық бөліктерін суретте атайды | |
Бүйректің атқаратын қызметтерін түсіндіреді |
3-қосымша
- Сілтемелер мен ресурстар
Бүйректің қызметі қандай?
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-body-digestion/85
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?