Бүйректің құрылысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 А Бөліп шығару | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бүйректің құрылысы (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бүйректің құрылымдық бөліктері, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны қолдана отырып сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: бүйрек, нефрон, қыртысты қабат, милы қабат, пирамидалар, бүйрек емізікшелері, кіші тостағаншалар бүйрек қақпасы, бүйрек астаушасы, сүзілу. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бүйрек ... және ... қабаттан тұрады; Бүйректің сыртын...қаптаған. Нефрондар ............. қабатта орналасады. Оң жағындағы бүйрек сәл төмен орналасады, себебі......... Бүйректің негізгі құрылымдық бірлігі ........... болып табылады. Бүйректің сыртқы қабаты ...түсті, себебі.... Бүйректің ішкі қабаты ...түсті, себебі.... Бүйрекке ......................тамырлары қанды әкеліп, ........................тамырлары қанды алып шығады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Түрлі азотты қосылыстардың зәр құрамында болуы, судың осмосы, тұздар мен басқа заттардың диффузиясы, сүзілу, реабсорбция, секреция ұғымдары арқылы химия пәнімен байланыстырылады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығарудың өнімдері туралы, 7-сыныптан ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы, өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктері, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысы, ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Кіріспе сұрақтар:
(Ағзаны зат алмасудың соңғы өнімдерінен тазарту және ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтау.)
(Азотты қосылыстар, негізінен нәсепнәр, аммиак және зәр қышқылы, су, су буы, көмірқышқыл газы, тұздар)
(Нәруыздар, нуклеинқышқылдарының немесе артық аминқышқылдарының ыдырауы кезінде түзіледі).
(Бүйректе) Алдыңғы сабақта адамның зәр шығару жүйесі туралы өткенбіз. Бүгінгі сабақ не туралы деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Ал бүйрек туралы қандай білім қажет деп ойлайсыздар деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары анықталып, оқушылар бағалау критерийлерін мұғаліммен бірге құрады. | 1 -3 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушыларға адам бүйрегі құрылысы туралы шағын түсіндірме беріледі. Бүйректің моделі, суретін пайдаланып оқушылар бүйректің құрылысымен танысады. Оқушыларға адам бүйрегі құрылысының макроскопиялық және микроскопиялық суретін салып, оның құрылымдық бөліктерін белгілеу ұсынылады. Бүйректің әр құрылымдық бөлігінің құрылыс ерекшелігін атайды. Оқушылардың түсіну әрі қолдану дағдыларын дамытуға негізделген суреттік не диаграммалық тапсырмаларды пайдалану арқылы тілдік мақсаттарын дамыту үшін термин сөздермен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар құрылымдық бөліктерді қызметімен байланыстырады.
| 4-15 слайдтар 1 - қосымша
| ||||
17-27 мин | Оқушылар жоғарыдағы сөздер жазылған қима қағаздарды таңдап алады. Әр оқушы өзін аталған құрылымның рөлінде сипаттамалар береді. Әр құрылымның орналасқан орны, атқаратын қызметі және құрылымдық ерекшлеіктерін сипаттайды. Түсіндірме үшін бүйрек моделі немесе құрылым атаулары жазылмаған суреттер қолданылады. Бүйрек құрылымдарын бүйрек моделі немесе суретінде атап көрсетеді. Мұғалім оқушылардың әр жұмыстарынан кейін кері байланыс бере отырып, қажет жағдайда оқушылардың жұмысын түзеп, толтырып отырады. | 16-слайд | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. | 2- қосымша 17 слайд | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс
| 18 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға ресурстың әр түрлі көздерін ұсыну арқылы Ойлаудың әртүрлі деңгейінде сұрақтар қою арқылы Қосымша ақпарат алып өз білімін тереңдетуге мүмкіндік беру арқылы Тереңдетілген тапсырмаларды орындауды ұсыну арқылы (3-қосымша) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқуышалрдың ауызша жазбаша жауаптары Ақпартпен жұмыс жасау кезіндегі талқылаулары Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауы Қосымша ақпарат көздерін пайдалану қосмыша тапсырмалар орындаулары | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Рөлдік ойын кезінде абай болу. Рөлдік ойын кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?