Бүйректің құрылысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Бүйректердің қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері:
- Шумақ капиллярларындағы жоғары қысымы - 70 мм Hg
- Жоғары көлемдің қан ағысы - 1/4 ҚМК - 1800 л/тәул
- Капиллярлардың екі қабаты
- Қыртыстық және юкстамедуллярлық нефрондардың милық затының капиллярларының ерекшеліктері (тура ұзын ілмектер)
- Қыртыстық қан айналымының өзін өзі реттеу механизмі
Зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері организмнен бүйректер арқылы шығарылады. Бүйректер сұйық ыдырау өнімдерін шығарады: су,тұздар, аммиак, мочевина және өзге де заттар. Организмнен су мен тұздардың артық мөлшерін шығара келе, олар осмос қысымы мен рН тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бүйректер есебінен организмнен зиянды және улы заттар, сонымен бірге дәрі –дәрмек ретінде қабылданған кейбір улы заттар да шығарылады. Бүйректер бірқатар заттардың түзілуіне қатысып, кейіннен оларды өздері шығарады: бұл аммиак, гиппурді қышқыл және т.б. Несеп мүшелері жүйесіне бүйректер, несепағарлар, қуық және несеп шығарушы түтік жатады. Бүйректе несептүзілу (диурез) үдерісі жүреді. Бүйректен несеп резервуар қызметін атқарушы қуыққа, несеп шығарушы түтік арқылы сыртқа шығарылады.Бөліп шығару қызметін бүйректен басқа тері және өкпелер атқарады. Тері арқылы тер құрамында нәруыз алмасу өнімдері, одан басқа су мен тұздар, ал өкпелер арқылы –көмірқышқыл газ және су (су булары ретінде) шығарылады. Бүкіл денеге таралған тер бездері арқылы тер бөлінеді.Олар алақанда, қолтық астында көп шоғырланған , аз мөлшерде балтырда, жамбас пен арқада кездеседі. Термен бірге су, тұздар, несепнәр қышқылы, аммиак және т.б . заттар шығарылады.Тердің бөлінуі қоршаған орта температурасына және дене еңбегінің қарқындылығына тәуелді.Тәулігіне орта есеппен 500-600 мл тер бөлінеді, ал ауа температурасы жоғарлағанда немесе дене еңбегін атқарғанда тер бөліну мөлшері бірнеше есе артады. Тер бөліну- рефлекторлы құбылыс. Тәулігіне олардан шамамен 20 г май бөлінеді, тер майы шаш пен теріні майлап, жұмсартады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Биология кабинетінде жеке басының қауіпсіздігін сақтай білулеріне көңіл бөлінеді.
Тірі бүйрек үлгілерімен жұмыс кезінде жұққан қан сөлді тазарту үшін дезинфекциялық құрал ретінде этил спирті мен мақта ұсынылады. Оқушылардың бүйректі пинцетпен қолғап киіп ұстаулары ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақта бүйрек суреттері, тірі үлгілері мен моделінде оқушылардың әр құрылым бөлікті атап көрсетіп, олардың ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттаулары маңызды. Оқушылардың академиялық терминологияны қолдана алуына назар аударылады.
Тірі бүйрек үлгісі болмаған жағдайдағы презентацияда ұсынылған суретті түрлі-түспен шығарып қолдануға болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылар бүйректің қабаттарын, олардың түсіндегі айырмашылықтардың себебін (капиллярлардың көп немесе аз болуына байланысты), бүйректің құрылымдарын, нефрон туралы, оның бүйректің қызметтік бірлігі екенін түсінулеріне назар аударылады. Бүйректің сыртқы фиброзды қабатының бүйректің ішкі бөліктерін қорғау қызметін артқаратыны ескеріледі.
- Саралау тапсырмалары
- 2-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Базалық деңгей. Бүйректің құрылым бөліктерін атап жазыңыз.
1 – қыртысты қабат; 2 – милы қабат, бүйрек пирамидаларынан тұрады; 3 – емізікшелер; 4 – астауша; 5 – несепағар
Жоғары деңгей. Бүйректің құрылым бөліктерін атап жазыңыз.
- 1 – қыртысты қабат;
- 2 – милы қабат;
- 3 – пирамидалар;
- 4 – бүйрек емізікшелері;
- 5 – кіші тостағаншалар;
- 6 – бүйрек қақпасы;
- 7 – бүйрек астаушасы;
- 8 – несепағар
2-тапсырма. Бүйрек құрылымдарын қазақша атап жазыңыз.
Критерийлер: | Дескрипторлар | √ | ||
|
| |||
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Бүйректің қызметі қандай?
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/human-body-digestion/85
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?