Бүйректің құрылысы. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 А Бөліп шығару | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Бүйректің құрылысы (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Бүйректің құрылымдық бөліктері, олардың атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны қолдана отырып сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: бүйрек, нефрон, қыртысты қабат, милы қабат, пирамидалар, бүйрек емізікшелері, кіші тостағаншалар бүйрек қақпасы, бүйрек астаушасы, сүзілу. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Бүйрек ... және ... қабаттан тұрады; Бүйректің сыртын...қаптаған. Нефрондар ............. қабатта орналасады. Оң жағындағы бүйрек сәл төмен орналасады, себебі......... Бүйректің негізгі құрылымдық бірлігі ........... болып табылады. Бүйректің сыртқы қабаты ...түсті, себебі.... Бүйректің ішкі қабаты ...түсті, себебі.... Бүйрекке ......................тамырлары қанды әкеліп, ........................тамырлары қанды алып шығады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Түрлі азотты қосылыстардың зәр құрамында болуы, судың осмосы, тұздар мен басқа заттардың диффузиясы, сүзілу, реабсорбция, секреция ұғымдары арқылы химия пәнімен байланыстырылады. | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығарудың өнімдері туралы, 7-сыныптан ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы, өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктері, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысы, ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға қойдың көлденең кесілген және кесілмеген бүйрегін көрсетіп оның қызметін түсіндіруді сұралады. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім бүгінгі сабағымыз не туралы екен деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Ал бүйрек туралы қандай білім қажет деп ойлайсыздар деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттары анықталып, оқушылар бағалау критерийлерін мұғаліммен бірге құрады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-9 мин | Оқушыларға адам бүйрегі құрылысы туралы шағын түсіндірме беріледі. | 3-12 слайдтар | ||||
10-26 мин | Оқушыларға бүйректің тірі үлгілерімен қоса құрылым бөліктері аталып жазылған суреті беріледі. Қауіпсіздік үшін оқушылар қолғап пен пинцетті пайдаланады. Оқушылар бүйректің құрылым бөліктерін тірі үлгіден тауып анықтайды. Оқушылардан бүйрек құрылымдарын атап, әр құрылымның қызметін түсіндіру сұралады. Ақпарат көзі ретінде оқушылар аудио- видеоматериалдармен қоса ақпараттық парақшалар, интернет көздерін пайдаланады. Критерийлер:
Мұғалім оқушылардың әр жұмыстарынан кейін кері байланыс бере отырып, қажет жағдайда оқушылардың жұмысын түзеп, толтырып отырады. | 1 - қосымша 13-14 -слайд | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады. | 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Сабақты қалай меігергеніңізді тексеру үшін, меңгеру деңгейінне талдау жүргізіп, өрмекторда әрбір сұрақты түсіну орнын анықтаңыз. (Стикер өрмектордың шетіне қарай орналасса, сол ғұрлым сол сұрақ бойынша толық білемін.)
| 15 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушыларға өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріліп ақпарат көздері интернетпен қамтамасыз етіледі Деңгейлік тапсырма ұсынылады Сұрақтар қоюда ойлаудың әр түрлі деңгейлеріне сай сұрақтар қойылады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Ауызша жазбаша жауаптары Бүрйектің үлгісінде оның құрылым бөліктерін анықтай алулары Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы бойынша | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тірі бүйрек үлгісімен жұмыс кезінде пинцет сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?