file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Адамның зәр шығару жүйесі. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Зәр шығару жүйесі зәрді сыртқа бөліп шығару қызметін атқарады.

Зәр шығару мүшелері:

  • оң және сол бүйрек
  • оң және сол несепағар түтіктер
  • қуық
  • зәр шығару өзегі

Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқалардың тұсында орналасқан жұп мүше. Бүйрек құрсақ қуысының артындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см, ені –6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді.Ішкі артерия, жүйке кіретін, вена, капилляр тамырлары несепағар түтігі шығатын жағын бүйрек қақпасы деп атайды.

Бүйрек заты екі бөліктен тұрады: 1.қыртыс заты, 2.милы (жұмсақ) заты.

Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдыығы 4 мм болады. Бүйректің құрылымдық бірлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды. Жұмсақ затында сүйір пішінді бүйрек пирамидалар орналасқан. Пирамидалардың түбі бүйректің беткі жағында, ұштары бүйрек қуысына бағытталған. Екі немесе бірнеше пирамиданың ұштары бірігіп емізіктер құрайды. Кіші тостағаншалар әрқайсысына 2-3 емізік тесіктері ашылатын құрылымдар. 2-3 кіші тостағаншаның бірігуінен үлкен тостағаншалар түзіледі. 2-3 үлкен тостағаншалардың бірігуінен бүйрек астаушасы түзіледі.

Бүйректің қызметі

 Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.

  • Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.
  • Ағзаның ішкі ортасының құрамын реттейді.
  • Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
  • Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
  • Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
  • Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Несепағар түтік бүйрек пен қуықты жалғайтын жұп мүше. Оның ұзындығы 30 см,ені 4-7 мм. Ол бүйрек қақпасынан басталып жамбас қуысында қуықтың артқы қабырғасынан ішке ашылады.

Қуық зәр уақытша жиналатын қуыс мүше. Қуық бос кезде алмұрт пішінді зәрге қатты толғанда жұмыртқа тәрізденіп созылады. Қуықтың сыйымдылығы 750мл. Оның қабырғасы өте созылғыш. Бос кездегі қалыңдығы 15 мм, толған кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.

Бүйректегі ұлпалар:

Бүйректің қабаттары:

Капсула немесе фиброзды қабықша дәнекер ұлпасынан тұрады.

Қыртысты қабатта көптеген капиллярлар бар.

Милы қабат пен қыртысты қабат дәнекер ұлпасынан тұрады.

Қуықтың қабаттары:

А) кілегейлі қабат

Б) кілегей асты қабаты

В) Бұлшық етті қабат

Г) сірқабаты

Бұлшық еттер 3 қабаттан түзіледі, Ішкі және сыртқы қабаты тік ортаңғысы сақиналы болып орналасады.

Несепағардың қабаттары:

Оның қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ортаңғы қос қабатты бұлшық ет, ішкі сілемейлі, сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттар. Бұлшық еттің ұзына бойы қабаты қалталанып, әлсін -әлсін жиырылып, зәрді қуыққа айдап отырады.

2- қосымша

1- тапсырма. Суреттен зәр шығару мүшелерін анықтаңыз.

  • 2- 3- 4-

2-тапсырма.

Бүйректің бөліктерін атап жазыңыз.

3-тапсырма. Берілген сипаттамаларды зәр шығару мүшелерін қызметімен сәйкестендіріңіз.

Қызметі

Мүшелер

1

бүйректе түзілген зәр екі несепағар арқылы ... құйылады

a) бүйрек

2

бүйректен бүйрек венасы арқылы төменгі қуыс ... келеді

b) зәр шығару өзегі

3

қуықта зәр ... арқылы шығарылғанша дейін сақталады.

c) венаға

4

бүйрекке қан ... арқылы келеді

d) зәр

5

Зат алмасудың соңғы өнімдері болатын ашық сары мөлдір сұйықтық

e) қуыққа

6

адамда құрсақ қуысының артқы жағында, бел аймағында орналасқан жұп мүше

f) сфинкстер

7

қуықтан шығар жерде екі ... орналасқан

g) бүйрек артериясы

4-тапсырма. Кестеде бүйрекке келетін және одан ағып шығатын қан құрамын салыстырыңыз.

Компонент

Бүйрек артериясындағы қан

Бүйрек венасындағы қан

Несепнәр

Оттегі

Көмірқышқыл газы

Су

Аминқышқыл

Жылу

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Білім алушы

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;
  • зәр шығару мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.

Суреттен зәр шығару жүйесінің құрылымдарын атайды

Суреттен бүйрек құрылымдарын атайды

Зәр мүшелерін қызметімен сәйкестендіреді

Бүйрек артериясы мен бүйрек венасыныңдағы қандардың құрамын анықтайды.

3- қосымша



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу