Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау» зертханалық жұмысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады (71-сурет).Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді. Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл
Қанша терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Шарды кезектесіп үрлеуге болмайды.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде тыныс алу және қанайналым мүшелерінде ахау бар балалар тәжірибені орындамай тек сыныптастарының алған деректерімен жұмыс жасайды.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Шарды үрлемес бұрын максималды терең тыныс алынады. Терең тыныс алғаннан соң дереу шарға тыныс шығарылады. Шарды тек бір рет ғана үрлеу қажет.
Оқушылардың есептеулер жүргізулері, графиктен қажетті көрсеткішті дұрыс анықтай алуларына назар аударылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың ауызша талқылаулары, зертханалық жұмыстың мақсаты, болжамын жасай алуы, жұмысты орындаулары, талқылау сұрақтарына жауап бере білулеріне кері байланыс ұсынылады. Оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып, кері байланыс беріледі.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада есепті шығару
- 4-қосмышада сөздікті пайдаланып ағылшынша шағын сөйлемдер құрастыру.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
3-қосымша:
ШЕШУІ: Қалыпты жағдайда бір рет тыныс алғанда өкпеге 400—500 мл ауа енеді. Ауаның бұл көлемі тыныс алу көлемі(ТК) деп аталады. Тыныс алудың минуттық көлемі бір минуттағы тыныс алу кезіндегі сіңірілген ауа көлемімен анықталады. 1 минуттағы тыныс алуда сіңірілетін мөлшерін табамыз: 500 см3 * 18 (тыныс алу қозғалысы) = 9000 см3
1 - оқушының 1минутта сіңіретін оттегі мөлшерін пропорция құру арқылы анықтау:
9000 см3 - 100 % Х см3 - 5%
Х = 9000 *3: 100 = 270см3
Бір сабақта оқушының тұтынатын оттегі мөлшерін анықтаймыз:
270см3* 40 = 10800см3 =10,8 л
Жауабы: сабақта(40минутта) оқушы шамамен 10,8 литр оттегін сіңіреді.
- Сілтемелер мен ресурстар
Р.Алимкулова, Р.Сатимбеков, Биология, 8 сынып Алматы.- Атамура, 2008ж. 175-181 беттер §40-42
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12746-adamnyng_tynys_zhujesining_fiziologiyasy
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?