Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
2-қосымша
АТЕРОСКЛЕРОЗ
Атеросклероз – қанайналымның бұзылуына әкелетін, холестериннің жиналуының нәтижесінде ірі және орташа артериялардың зақымдалуы.
Себептері
Атеросклероздың пайда болуы мен қалыптасуында мыналар маңызды рөл атқарады:- майлар алмасуының бұзылуы;- тұқымқуалайтын генетикалық фактор;- қантамыр қабырғасының жағдайы.
Атеросклероздың дамуына келесі факторлар топтары әсер етеді: - өзгертуге болатын; - өзгертуге болмайтын.
Өзгертуге болатын факторлар:
1.Өмір салты: - аз қозғалу, - холестеринге бай, майлы тағамды көп жеу, - алкогольді қабылдау, - темекі шегу.2. Артериалды гипертензия, артериалды қысым 140/90мм.сын.бағ. және одан жоғары.3. Қант диабеті.4. Қандағы холестериннің жоғары деңгейі.5. Семіздік.
Өзгертуге келмейтін факторлар:
1. Жас ерекшелігі: 45 асқан ер адамдар мен 55 асқан әйел адамдар. 2. Ер жынысы (ер адамдар атеросклерозбен әйел адамдардан 10 жыл ерте ауырады). 3. Отбасыда ерте атеросклероз болған жағдайлар.
Белгілері
Қантамырлар жүйесінде орналасуына байланысты атеросклероз келесі аурулардың негізі болады:
1. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, миокард инфаркті, аритмия, жүрек кемістігі).
2. Ишемиялық инсульт.
3. Аяқтар артерияларының атеросклерозы.
4. Аорта атеросклерозы.
5. Бүйрек артерияларының атеросклерозы.
Аортаның құрсақ бөліміндегі атеросклерозында іштің ауыруы, іштің кебуі, іш қату болады. Бүйрек артерияларының атеросклерозында тұрақты жоғары қан қысымы, несеп талдауындағы өзгерулер байқалады. Шеткі артериялардағы атеросклероз аяқ бұлшықеттерінің шаршауына, аяқ-қолдардың тоңуы, кейбір кездері ақсап қалу байқалады.
Алдын-алу
1. Холестерин деңгейін қадағалау;
2. Темекі, алкоголь, есірткіден бас тарту;
3. Сәйкес дене жүктемелері;
4. Дене салмағын қалыпқа келтіру;
5. Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау;
6. Артериалды қысым 140/90 мм сын.бағ. төмен;
7. Антиатеросклеротикалық диета.
ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – коронарлы артериялар арқылы жүрек бұлшықетіне аз мөлшерде оттегінің баруымен байланысты ауру.
Себептері (қатерді туғызатын факторлар): Көп жағдайда себеп – коронарлы артериялардың атеросклерозы мен пайда болған төмпешіктер. Осы ауру шиеленіскен және созылмалы болады. ЖИА түрлері: стенокардия, миокард инфаркты, жүрек аритмиясы, және аяқ астынан жүректен қайту.
ЖИА қауіптері және оның асқынуы: тұқымқуалаушылық, ер жынысы, қартаю, өмір және еңбек жағдайы, аз мөлшерде физикалық жүктемелер, сирек – физикалық жүктемелер, қантты көп қолдану, майлы тамақ, темекі және алкоголь, семіздік, қант диабеті, гипертония.
Белгілер
Әдетте жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын адамдарда белгілер 50-ден асқаннан кейін білінеді. Олар дене жүктемесі кезінде ғана пайда болады.
- Кеуде қуысының ортасындағы ауру сезімі (стенокардия);
- Ауа жетіспейді және тыныс алу қиындық туғызады:
- Жүректің тым тез соғуына (минутына 300 рет) байланысты қанайналымның тоқтауы. Бұл жағдайда аталған белгі бірінші және соңғы болады.
Алдын-алу
- Диета сақтау
- жүйелі түрдегі жүктемелер.
- Зиянды әдеттерден арылу,
- салауатты өмір салты
АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ гипертония — тұрақты жоғары артериалды қысым, оның нәтижесінде жүрек пен артериялар функциялары бұзылады.
Қалыпты қан қысымы – 120/80 мм сын.бағ.
Артериалды гипертензияның дәрежелері:
- 1 дәрежесі – 140-159/90-99 мм сын.бағ.
- 2 дәрежесі – 160-179/100-109 мм сын.бағ.
- 3 дәрежесі – 180 және жоғары/110 және жоғары
Себептері: Қазіргі кезде гипертензияның 90% себептері анықталмаған. 10% түрлі аурулардың асқынуларының нәтижесінде болады. Алайда гипертензияның дамуына әкелетін факторларды атап айтуға болады:
- Аз қозғалу;
- Семіздік;
- Тұқымқуалаушылық;
- Холестериннің жоғары деңгейі;
- Калий аздығы;
- D дәруменінің аздығы;
- Тұзға сезімталдық;
- Алкогольді жиі пайдалану;
- Темекі тарту;
- Стресс.
Белгілері
- Бастың айналуы;
- Төбе аймағындағы ауырсыну;
- Баста лүпілді сезу;
- Құлақтағы шу;
- Беттің қызаруы;
- Ұйқыдан кейінгі ісініп кету;
- Қол саусақтарындағы жансыздану сезімі;
- Жүректің айнуы;
- Жоғары тершеңдік;
- Жүректің тез соғуы.
Алдын-алу
- Салауатты өмір салты
- Дұрыс тамақтану
- Қысымды жүйелі бақылауда ұстау
- Жүйелі дәрігерге қаралу.
ИНСУЛЬТ - бұл ми бөлігіне қан келмеуіне байланысты, сол ми бөлігінің өлуі.
Себептері
Қантаратудың тоқталуының себебі – артерияның атеросклеротикалық түйіндік (бляшка) немесе тромбпен бітелуі. Немесе артерия қабырғасы жарылып, миға қан кетуі мүмкін.
Белгілері
- Қозғалыстың бұзылуы, көбіне аяқ-қолда.
- Сезімдердің бұзылуы: ауруды, температураны сезінбеу, әсіресе аяқ-қолда.
- Көру сезімін жоғалту.
- Сөйлеудің бұзылуы.
- Тік тұра алмауы.
- Сананың бұзылуы: ұйқышылдықтан толық естен тануға дейін.
Алдын-алу
Еңбек пен тынығу режимін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеткілікті мөлшерде ұйықтау, қалыпты психологиялық климатты сақтау, тамақта ас тұзын шектеу, жүрек-қантамырлары ауруларын: жүректің ишемиялық ауруы мен гипертензияны уақытылы емдеу қажет.
Инсультті болдырмаудың ең жақсы тәсілі – атеросклероз бен басқа жүрек-қантамырлары ауруларының алдын-алу. Бұнда қан қысымын бақылау және диабетке тексерілу маңызды.
Қажет болған жағдайда ми қантамырларының микроциркуляциясын жақсартатын дәрілерді, сонымен қатар, миға оттектің жетіспеушілігін алдын алатын препараттарды қабылдау қажет.
МИОКАРД ИНФАРКТІ - көбіне коронарлы артерияның тромбозынан туындаған жағдай. Алғашқы 2 сағатта бұл аурудан қайтып кету қаупі өте жоғары, егер науқасты тез арада ауруханаға жеткізіп, тромбты ерітіп жіберсе, бұл қауіп төмендейді.
Себептері
Тамақты көп ішу, дұрыс тамақтанбау, тағамда жануар майларының көп болуы, аз қозғалыс, гипертоникалық ауру, зиянды әдеттер.
Жүрек бұл бұлшықтетті қапшық, ол өзі арқылы насос сияқты қанды айдайды. Бірақ жүрек бұлшықтеінің өзі сырттан келген қантамырлардан оттегіні алады. Әр түрлі себептердің арқасында бұл тамырлардың бір немесе бірнеше бөлігі атеросклерозбен зақымдалып, қажетті қан мөлшерін өткізбейді. Жүректің ишемиялық ауруы туындайды. Миокард инфарктісінде коронарлы артерия толық күрт бітеледі. Қан келмеген, қоректенуден айрылған жүрек бөлігі жансызданады. Латын тілінен инфаркт – өлі ұлпа дегенді білдіреді.
Белгілері
- кеуде қуысындағы жүректің өте қатты ауруы;
- 15 минуттан артық аурудың басылмауы;
Ауру дамуына әкелетін факторлар
- жас ерекшелігі, ұлғайған сайын қауіп артады;
- бұрын бастан өткерген инфаркт;
- қант диабеті;
- темекі шегу;
- артериальды гипертония;
- холестериннің жоғары деңгейі;
- семіздік немесе артық салмақ.
Алдын-алу
Жүректің ишемиялық ауруының алдын-алу шаралары сияқты.
ТАХИКАРДИЯ
Бұл жүректің соғу жылдамдығының минутына 90 реттен жоғары болуы. Кейде науқас өзінің пульсін мойын аймағында ести алады, жүрек жиі –жиі соғуының сезімі пайда болады, басы ауырады, талып қалуы мүмкін. Ауру жүректің ишемиялық ауруына, инфакртқа және т.б. жүрек-қантамыр ауруларының себепшісі болып табылады.
Себептері
Салауатсыз өмір салты, аса жұқпалы аурулар, себебі адам бұндай аурулар ауыру кезінде дене температурасы 1°С- қа жоғарласа, жүректің соғу жылдамдығы жоғарлайды. Сонымен қатар жүректің жетіспеушілігі ауруы мен эмоциональдық стресс пен физикалық жүктеменің мөлшерден тыс болуы, эндокриндік бездердің жұмысының нормадан ауытқуы.
Белгілері:
- Тыныштық жағдайында да, минутына жүрек соғуының 90-нан жоғары болуы
- Бас ауруы, бастың айналуы
- Көздің күңгірттенуі
- Көкірек тұсындағы аурулар
Алдын-алу шаралары: физикалық жаттығуларды күнделікті орындау, тағам рационын қадағалау, жиі дәрігердің қабылдауында тексерілу.
3- қосымша
Аурулар атауы мен олардың белгілерін сәйкестендіріңіз
ҚТЖ-нің ауруы | Сипаттамалар |
| 1. Сезімдердің бұзылуы: ауруды, температураны сезінбеу, әсіресе аяқ-қолда |
| 2. Жүректің тым тез соғуына (минутына 300 рет) байланысты қанайналымның тоқтауы. Бұл жағдайда аталған белгі бірінші және соңғы болады. |
| 3. Кеуде тұсында жүректің қатты ауырсыну сезімі |
| 4. Жүректің соғу жылдамдығының минутына 90 реттен жоғары болуы, кейде науқас өзінің пульсін мойын аймағында естуі, бас ауыру, талып қалу |
| 5. Жоғары тершеңдік, төбе аймағындағы ауырсыну, баста лүпілді сезу, құлақтағы шу; |
| 6. Тұрақты жоғары қан қысымы, несеп талдауындағы өзгерулер, аяқ бұлшықеттерінің шаршауы, аяқ-қолдардың тоңуы, кейбір кездері ақсап қалу байқалады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?