Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Тыныштық жағдайда жүректің жиырылу жиілігі қалыпты, ал физикалық жүктеме кезінде жүрек жиі жиырылады. Себебі бұлшықет жасушаларына көп энергия өндіру үшін көп оттек қажет болғандықтан жүрек тез жиырылып, қанды жылдам айдайды.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Жүрек ақауы бар, немесе тыныс алу мүшелерінің астмасы сияқты өзгерістері бар оқушыларға жұмысты орындамау рұқсат етіледі! Олар басқа оқушылардың деректерімен жұмыс жасайды. Оқушылардың дене жүктемелерін белгіленген мөлшерден артық жасамауы қадағаланады. Жұмысты орындаулары кезінде оқушылардың қауіпсіздікті сақтаулары ескертіліп отырады.

Тамыр лүпілін санау кезінде тыныштық сақтауды ескерту қажет, себебі қате нәтиже алынуы мүмкін.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Егер де топ үлкен болса, оқушыларды шағын топтарға бөліп орындату жөн. Бірақ барлық тәжірибеге әртүрлі оқушылар қатыспайды. Тамыр лүпілін санау кезінде мұқият болуды ескерту қажет.

Оқушылардың дұрыс қорытынды жасай білулеріне назар аудару қажет. Қорытындыны графиктегі нәтижеге, екі айнымалының байланысы туралы жасайды. Қорытынды жасап, оның себебін ғылыми тұрғыдан түсіндірулері маңызды.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Қалыптастырушы бағалауды мұғалім критерийлерге сай жүргізеді. Оқушылар дескрипторлардың көмегімен өзара және өзіндік бағалау жасай алады. Зертханалық жұмыс парағын тексеріп, мұғалім кері байланыс ұсынады. Онда: жұмыстың мақсаты, болжамы, айнымалылардың дұрыс анықталуы, кестенің дұрыс толтырылуы, графикті дұрыс тұрғызуы, қорытындыны екі айнымалы мен болжамға қатысты жасауы бағаланады. Жұмыс барысында практикалық дағдыларына назар аударылады. Графикке қойылатын талаптар:

- графиктің ұсынылған координаттық шаршының 70-80% алып жатуы;

- масштабтың осьта бірдей арақашықтықтарда алынуы;

- графиктің атауының болуы;

- осьтардың атауларының болуы;

- шәкілдер мен атаулардың қаламмен, графиктің қарындашпен салынуы;

- графиктің штрихтелмеген, үздіксіз сызықпен сызылуы;

- қиылысу нүктелерінің «х» арқылы немесе «0» арқылы белгіленуі.

видеосын қарау арқылы жүректің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасау туралы ақпарат алу тапсырмасы ұсынылады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Критерий:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін салыстырады;

Дескрипторлар:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептейді;
  • Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүректің жиырылу жиілігінің өзгерісін анықтайды;
  • Жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соғу жиілігін санап мәліметтерді кестеге толтырады;
  • Алған деректерді өңдеп, график түрінде көрсетеді;
  • Нәтижені салыстырып, талдайды;
  • Қорытынды жасайды.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Ақпарат: Тейлор. Биология 2 том 162-163 беттер

Жүрек туралы деректер: https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-heart

Жүректің саулығы:

https://twig-bilim.kz/kz/film/healthy-heart

Жүктеменің әсері:

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/zhurek-qan-tamyry-zhujesine-tusetin-zhuktemeler-aseri

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/zhurek-qan-tamyry-zhujesine-tusetin-zhuktemeler-aseri



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу