Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Жүрек-қантамыр жүйесіне физикалық жүктеменің әсері
Жұмыс бұлшық еттерге физикалық жүктеме кезінде, тыныштық күйге қарағанда, аэробты тыныс алудың қарқындылығын арттыру үшін оттек пен қоректік заттар көбірек қажет және түзілген көміртек диоксиді мен жылуды жылдам бөліп шығару керек болады. Бұл бұлшықет жасушаларының қанмен қамтамасыз етілуіңің күшеюі нәтижесінде жүреді, ол бірнеше механизммен қамтамасыз етіледі.
Үздіксіз ауыр жүктеме кезінде сол жақ қарыншадан қанның шығуы 4-6 л/мин-ден (тыныштық күйде) 15 (жаттықпаған әйел), 22 (жаттықпаған еркек) және тіпті 30 л/мин-ге (спортшыларда) дейін артуы мүмкін. Мұндай жұмыс тәртібінде шамамен 2 минут ішінде орташа көлемді ваннаны толтыруға болар еді. Бұл жүректің жиырылу жиілігінің арту есебімен, сондай-ақ соғу көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етіледі (яғни қарыншалардың көбірек босаңсуы). Қағида бойынша, нәтижеде қысымның жоғарылауы шамамен 30% ға артады. Максимальді физикалық жүктеме кезінде жүректің жиырылу жиілігі үш есе, ал соғу көлемі – екі есе ұлғаюы мүмкін. Жаттыққан спортшыда адреналин және симпатикалық жүйке стимуляция әсерінен қантамырының кеңеюі бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етуді 25 есеге ұлғайтуға қабілетті, шамамен эффектінің жартысы қантамырдың кеңеюімен, ал қалған жартысы – артериалық қысымның артуымен қамтамасыз етіледі. Қантамырлардың кеңеюі тек қана қаңқа бұлышықеттерімен ғана емес, сондай-ақ тыныс және жүректің тікелей өзінде қарастырылады.
3-қосымша
Жүректен қанның шығарылуы қалай артады? Физикалық жүктемеге дайындық кезінде және бастапқы фазасында симпатикалық жүйке жүйесі мен адреналин күшейтілген жүрек жұмысын ынталандырады. Бірақ ары қарай мұндай жұмыс ырғағын басқа да жүйкелік және гормоналдық факторлар жақтайды. Мысалы, бұлшықеттерде көктамырдың кеңеюі жүректегі қанның қайта келуін арттырады, ал бұл механизм бойынша жүректің қанды шығаруы артады. Бұлшықеттерге қарағанда, физикалық жүктемесі аз мүшелер де оттегіні қажет етеді, әсіресе ішек, бауыр, бүйрек және көкбауырда артериоланың тарылуы жүреді. Осындай процесстердің нәтижесінде қанның құрамындағы көміртек диоксидінің мөлшері артады.
Ағзадан жылудың күшпен шығуы тері қантамырларының кеңеюіне алып келеді. Қандағы температураның артуы гипоталамустың жұмысын тездетеді. Соның салдарына тері артериолаларының қабырғалары кеңейіп, сыртқы ортаға жылу бөлінеді.
Тейлор. Биология 2 том 162-163 беттер
2-қосымша
Жұмыс парағы
Ақпарат
Сол жақ қарыншаның жиырлуы кезінде қолқа /аорта/ тамырында қысым жоғарылайды. Қолқаның қабырғасы тербеледі және ол тамырлар арқылы толқын түрінде таралады. Жүректің жиырылу ырғағы әсерінен қан тамырлар қабырғаларының тербелуі лүпіл /пульс/ деп аталады.
Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып және мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Дене жаттығулары кезінде тамырдың соғуын білектің төменгі жағынан өлшеген ыңғайлы. Ол үшін оң қолдың үш саусағын сол қол білегінің негізгі артериясын табу қажет, сол кезде қантамырдың ырғақты тербелісін сезесіз.
Тақырыбы: Дене жаттығуларының жүрек жұмысы мен оның қалпына келуіне әсерін зерттеу
Мақсаты: Жүрек жұмысы мен оның жиырылуына физикалық жүктемелердің әсерін , оның қалпына келуіне әсерін зерттеу Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену.
Менің болжамым:
....................................................................................................................................................
....................................................................................................................................................
Зерттеу сұрағы: Физикалық жүктемеден кейінгі жүрек жұмысының өзгеру себебі неде?
Құрал- жабдықтар: Секундомер
Айнымалылар | |
Тәуелсіз | |
Тәуелді | |
Бақыланатын |
Жұмыс барысы:
- Тамырдың соғуын әуелі көршіңізден, содан соң өзіңізден санауды үйреніңіз.
- Тыныштық күйдегі 1 минуттағы тамырдың соғуын анықтаңыз (санаңыз)
- Алынған мәліметті кестеге толтырыңыз.
- Тыныштық күйдегі өлшемді 3 рет жүргізіңіз. Оның орта мәнін табыңыз.
- 10 рет отырып – тұрғаннан кейінгі тамырдың 1 минуттағы соғуын санаңыз
- Дене жүктемесінен кейін 1мин, 2мин, 3мин өткен соң, 1 минуттағы тамырдың соғуын санаңыз.
- Алынған мәліметтерді кестеге жазыңыз.
Кесте. Дене жүктемесіне дейінгі және одан кейінгі жүректің соғу жиілігі
1 минуттағы тамырдың соғу жиілігі | ||||
Тыныштық күйдегі | Дене жүктемесінен кейін | 1 мин. өткен соң | 2 мин. өткен соң | 3 мин. өткен соң |
1-өлшем |
| |||
2- өлшем | ||||
3- өлшем | ||||
Орташа мәні |
Деректер мен нәтижелерді көрсету. Дене жүктемесінің жүрек жұмысына әсерін көрсету үшін кестедегі мәліметтерді пайдаланып, график тұрғызыңыз.
1. Неліктен дене жүктемесінің жүрек жұмысына әсерін тамырдың соғуын санау арқылы анықтайды?________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Жүктеме жүректің жұмысына қалай әсер етеді?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Жүктемеден кейінгі жүрек жұмысындағы өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды ________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?