Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, презентация.


Жүрек үнемі бірқалыпты соға ма? Жүректің соғуы деген не?

Жүрек соғысын қалай анықтауға болады?

Сабақтың тақырыбы: Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері

Сабақтың мақсаттары: физикалық жүктеменің жүрек жұмысына әсерін зерттеу

Бағалау критерийлері:

Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін салыстырады;

Зертханалық жұмыс: Жүректің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі соғу жиілігін анықтау

Тамырдың соғуы

Жүрек жиырылған сайын артерия қабырғасында пайда болатын ырғақты тербеліс.

Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады.Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы 10м/с құрайды.

Тамырдың соғуын анықтау жолдары

Тамырдың соғуы

Тамыр лүпілі (пульс) білезіктің ішкі жағынан, яғни кәрі жіліктің артериясынан,табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі.

Тамырдың соғу жиілігі ересек адамда тыныштық кезінде 60-70 соққыны құрайды және ол адамның дене еңбегіне, эмоциялық жай –күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүректің түрлі аурулары кезінде аритмия – тамырдың соғуында ырғақсыздық пайда болуы мүмкін

Жүректің қалыпты қызметіне қажетті жағдайлар:

Дене жаттығуларын жасау

Қалыпты еңбек ету

Белсенді өмір салтын ұстану

Тиімді демалу

Жүректің оттегі және

қоректік заттармен

қамтамасыз етілуі

жақсарады,

жүрек бұлшықеттері

дамиды және

қан ағысының

мөлшері көбейеді

Зиянды әдеттерден арылу

Зертханалық жұмыс: Жүректің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі соғу жиілігін анықтау

Кері байланыс

Мен зертханалық жұмысты ............. орындадым

Берілген тапсырмаларды орындауға оң немесе кері әсер етті

Зертханалық жұмысты орындау барысында білгенім...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу