Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

 Сабақтың мақсаттары

  • физикалық жүктеменің жүрек жұмысына әсерін зерттеу

 Бағалау критерийлері

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін анықтайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тамырдың соғуын есептеп үйренеді.

Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтап, ауызша жазбаша түсіндірме береді.

Жаттығу кезіндегі және жаттығудан кейінгі ақпаратты пайдаланып графикке түсіреді.

Жүргізген бақылауларына сүйене отырып қорытынды жасайды.

Дене жаттығуларының жүректің жұмысына әсерін дұрыс сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тамыр лүпілі, тамырдың соғуы, жүктеменің жүректің соғуына әсері.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тамыр соғуы бұл ....

Жүректің жиырылуы.... тәуелді.

Дене жатығуларынан кейін жүректің соғуы жиілігі....

Тамыр соғуын есептеу арқылы... анықтаймыз

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ нәтижесінде алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтілік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлау, ынтымақтастықта бола білу, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Жүректің динамикалық жұмысы, қанның ағу жылдамдығы қан тамырларындағы қан қысымының әртүрлі болуын қарастыру арқылы физика, тәуелді және тәуелсіз айнымалыны анықтау, есептеулер жүргізу, кесте толтыру, график сызу дағдылары арқылы математика, жүрек бұлшықеттерінің жүктемесінің түрлері арқылы дене шынықтыру пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 6-сынып курсынан тірі ағзаларда қоректік заттарды тасымалдаудың маңыздылығын, 7-сыныптан заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер туралы, 8-сыныптан қантамырлар мен жүректің құрылысы, қанның құрамы, қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Жүрек үнемі бірқалыпты соға ма? Жүректің соғуы деген не? Жүрек соғысын қалай анықтауға болады сұрақтары қойылады. Оқушылар жүрек үнемі бірқалыпты соғып тұра бермейді, қорыққанда, дене жаттығулары кезінде жүректің соғысы жиілеп кетеді, тамырдың соғуы деген жүректен қанның ығысып шығарылуы кезіндегі екпін деген сияқты жауаптар береді. Осы талқылаудан сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

5-17 мин

Оқушыларға жүректің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі жұмысын зерттеуді ұсынады. Оқушыларға өз жұмыстарын жоспарлау тапсырылады. Ол үшін оқушылар топтарға немесе жұптарға бірігіп алдымен теориялық ақпаратпен танысады. Талқылаулар жүргізе отырып зертханалық жұмысты жоспарлайды. Мұғалім оқушылар топтарына жекелеген кері байланыс ұсынады. Әсіресе деректер жинау кестесінің дұрыс құрылуына, нәтижені график түрінде көрсетуді жоспарлауына назар аударылады. Жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасы ережесіне тоқталады. Кейбір оқушыларға дайын жұмыс парағының үлгісі ұсынылады.

1-2 қосымша

3-7 слайдтар

18-27 мин

Оқушылар өздері дайындаған жұмыс парағында зертханалық жұмыстың мақсатын толтырып, болжам жасап, тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтап жұмысты орындайды.

Зертханалық жұмыс барысында оқушылар қалыпты жағдайдағы және отырып тұру немесе басқа түрдегі физикалық жаттығу жасағаннан кейінгі жүректің соғысын санау арқылы жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі жүрек жұмысын салыстырып қорытынды шығарады. Алынған деректерді кестеге толтырып, тиісті график сызады.

Талқылау сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың зертханалық жұмыс барысындағы практикалық дағдыларына мұғалім кері байланыс береді.

Критерий:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін анықтайды;

Дескрипторлар:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептейді;
  • Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүректің жиырылу жиілігінің өзгерісін анықтайды;
  • Жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соғу жиілігін санап мәліметтерді кестеге толтырады;
  • Алған деректерді өңдеп, график түрінде көрсетеді;
  • Нәтижені салыстырып, талдайды;
  • Қорытынды жасайды.

28-36 мин

Оқушылардың талдау нәтижелерін ортаға салып, қорытындыларды тыңдап талқылау жүргізіледі. Оқушылардың жасаған болжамдары, болжамның расталуы мен расталмауы, кестенің толтырылуы мен графиктің дұрыс құрылуы, талқылау сұрақтарына жауап берілуіне назар аудару маңызды. Мұғалім тиісті кері байланыс ұсынады. Оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып жекелеген кері байланыс ұсынады.

Толтырылған жұмыс парақтары

8- слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен зертханалық жұмысты ............. орындадым

Берілген тапсырмаларды орындауға оң немесе кері әсер етті

Зертханалық жұмысты орындау барысында білгенім...

9- слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Зертханалық жұмыс барысында оқушылардың болжам жасауы, зерттеушілік дағдыларын қолдана, дамыта алуы

Кейбір оқушылардың жүрек жұмысының қалпына келу уақытын өлшеуі

Кейбір оқушылардың алған деректер мен нәтижелерін сыныптастарының нәтижелерімен салыстыра отырып талдауы

Кейбір оқушылардың дайын ақпарат көзін қолдануы

Кейбір алғыр оқушылардың тақырыпқа байланысты қосымша деректер іздеп, өз білімін тереңдетулері

Кейбір оқушылардың жүрек жұмысының жағдайын шама арқылы есептеп анықтаулары арқылы саралау қамтамасыз етіледі.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сабақтың тақырыбын видеоның көмегімен ашуы

Сабақтың мақсаттарын құруы

Жұмыстың болжамын жасауы

Жұмысты орындауы

Кесте толтыруы

График тұрғызуы

Талқылау сұрақтарына берген жауаптары

Жұмыстың қорытындысы арқылы бағаланады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде абай болу.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде белсенді қозғалыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу