Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Жүрек-қантамыр жүйесіне физикалық жүктеменің әсері

 Жұмыс бұлшық еттерге физикалық жүктеме кезінде, тыныштық күйге қарағанда, аэробты тыныс алудың қарқындылығын арттыру үшін оттек пен қоректік заттар көбірек қажет және түзілген көміртек диоксиді мен жылуды жылдам бөліп шығару керек болады. Бұл бұлшықет жасушаларының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі нәтижесінде жүреді, ол бірнеше механизммен қамтамасыз етіледі.

 Үздіксіз ауыр жүктеме кезінде сол жақ қарыншадан қанның шығуы 4-6 л/мин-ден (тыныштық күйде) 15 (жаттықпаған әйел), 22 (жаттықпаған еркек) және тіпті 30 л/мин-ге (спортшыларда) дейін артуы мүмкін. Мұндай жұмыс тәртібінде шамамен 2 минут ішінде орташа көлемді ваннаны толтыруға болар еді. Бұл жүректің жиырылу жиілігінің арту есебімен, сондай-ақ соғу көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етіледі (яғни қарыншалардың көбірек босаңсуы). Қағида бойынша, нәтижеде қысымның жоғарылауы шамамен 30% ға артады. Максималды физикалық жүктеме кезінде жүректің жиырылу жиілігі үш есе, ал соғу көлемі – екі есе ұлғаюы мүмкін. Жаттыққан спортшыда жүрек бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етуді 25 есеге ұлғайтуға қабілетті.

 2-қосымша

 Жүректен қанның шығарылуы қалай артады? Физикалық жүктемеге дайындық кезінде және бастапқы фазасында симпатикалық жүйке жүйесі мен адреналин күшейтілген жүрек жұмысын ынталандырады. Бірақ ары қарай мұндай жұмыс ырғағын басқа да жүйкелік және гормональдық факторлар жақтайды. Мысалы, бұлшықеттерде көктамырдың кеңеюі жүректегі қанның қайта келуін арттырады, ал бұл механизм бойынша жүректің қанды шығаруы артады. Бұлшықеттерге қарағанда, физикалық жүктемесі аз мүшелер де оттегіні қажет етеді, әсіресе ішек, бауыр, бүйрек және көкбауырда артериоланың тарылуы жүреді. Осындай процесстердің нәтижесінде қанның құрамындағы көміртек диоксидінің мөлшері артады.

 Ағзадан жылудың күшпен шығуы тері қантамырларының кеңеюіне алып келеді. Қандағы температураның артуы гипоталамустың жұмысын тездетеді. Соның салдарына тері артериоллаларының қабырғалары кеңейіп, сыртқы ортаға жылу бөлінеді.

Тейлор. Биология 2 том 162-163 беттер

3-қосымша

Жұмыс парағы

Зерттеудің мақсаты:

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Менің болжамым:

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Құрал жабдықтар:

Секундомер.

Маңызды ақпарат

Сол жақ қарыншаның жиырылуы кезінде аорта тамырындағы қан қысымы жоғарылайды. Аортадағы тербеліс артерия тамырына беріліп, тамырлар арқылы толқын түрінде таралады. Жүректің жиырылу ырғағы әсерінен қан тамырлар қабырғаларының тербелуі лүпіл /пульс/ деп аталады.

Жұмыс барысы

1. Білектің ішкі жағына екі саусақты қойып, тамыр лүпілін табыңыз.

2. Тыныштық күйде 60секунд ішіндегі тамыр лүпілін санау. Алынған өлшемді кестеге жазыңыз.

3. 10 рет отырып тұрғаннан кейін 60 секунд ішіндегі тамыр лүпілін санап, жазып алыңыз.

4. Жаттығудан кейінгі 120 секунд өткеннен соң 60секундтағы лүпілді өлшеңіз.

5. 180 секунд демалғаннан кейінгі тыныштық күйде 60 секундтағы тамыр лүпілін санап жазып алыңыз.

Мәліметтерді жинау және өңдеу

 Тыныштықта және физикалық жаттығулардан кейінгі жүрек соғысының өзгеруі

Артерия тамырынан жүрек лүпілін санау (1 мин/рет) нәтижесі

Тыныштық күйде

60 секунд ішіндегі тамыр лүпілінің саны

Мәліметтер негізінде график тұрғызыңыз.

Талқылау сұрақтары:

  • Жүректің жиырылуының ағза үшін маңызы неде?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Тамыр лүпілінің артерия тамырының қабырғасындағы тербелістен түзілген толқындар екенін қалай дәлелдеуге болады?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Жүктеме кезінде жүректің соғысының жылдамдауының себебі неде?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Физикалық жүктеме аяқталғаннан кейін жүрек жұмысы қалай тез өзгерді? Неге осы өзгерістер маңызды?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Жүрек жұмысы ағза тіршілігін сақтап қалуға қалай бейімделген?

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Жүректің жұмысына қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?/кем дегенде 3 факторды атаңыз.

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қорытынды:

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу