Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, презентация.


Бүгінгі сабақ не туралы?

Сабақтың тақырыбы: Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері

Сабақтың мақсаттары: физикалық жүктеменің жүрек жұмысына әсерін зерттеу

Бағалау критерийлері:

Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін салыстырады;

Жүрек қалай соғады?

Зертханалық жұмыс: Жүректің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі соғу жиілігін анықтау

Тамырдың соғуы

Жүрек жиырылған сайын артерия қабырғасында пайда болатын ырғақты тербеліс.

Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады. Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы 10м/с құрайды.

Тамырдың соғуын анықтау жолдары

Тамырдың соғуы

Тамыр лүпілі (пульс) білезіктің ішкі жағынан, яғни кәрі жіліктің артериясынан,табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі.

Тамырдың соғу жиілігі ересек адамда тыныштық кезінде 60-70 соққыны құрайды және ол адамның дене еңбегіне, эмоциялық жай –күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүректің түрлі аурулары кезінде аритмия – тамырдың соғуында ырғақсыздық пайда болуы мүмкін

Қорытынды:

Дене жаттығулары кезінде жүректің соғуы жиілейді.

Себебі жүректің қан тамырлары арқылы қанды айдау жылдамдығы артады, оның есебінен дене мүшелері мен жасушалары оттегі және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етіліп, энергия жеткілікті болады.

Дене жаттығуларынан кейін жүректің жұмысы 4-5 минутта қалпына келсе, жүрек қызметі қалыпты болып саналады

Жүректің қалыпты қызметіне қажетті жағдайлар:

Дене жаттығуларын жасау

Қалыпты еңбек ету

Белсенді өмір салтын ұстану

Тиімді демалу

Жүректің оттегі және

қоректік заттармен

қамтамасыз етілуі

жақсарады,

жүрек бұлшықеттері

дамиды және

қан ағысының

мөлшері көбейеді

Зиянды әдеттерден арылу

Жүректің жаттыққандығын тексеру

ДЖ2 - ДЖ1

Ж = -------------- × 100%

ДЖ1

Ж – жүректің жаттықандығы

ДЖ – дене жағдайы

ДЖ1отырған, тыныштық жағдайындағы тамырдың соғу (пульс) жиілігі

ДЖ2 – 10 рет отырыптұрғаннан кейінгі тамырдың соғу жиілігі.

Нәтижелер

Ж - 30% - жүрек бұлшық етінің жаттыққандығы жақсы, жүрек өз жұмысын, әр жиырылғанда айдалатын қанның мөлшерінің көбеюінің есебінен күшейтеді.

Ж - 38% - жүректің жаттыққандығы жеткіліксіз.

Ж - 45% - жаттыққандық төмен, жүрек өз жұмысын, жүректің жиырылу жиілігінің есебінен күшейтеді.

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу