Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсері (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.11 дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

 Сабақтың мақсаттары

  • физикалық жүктеменің жүрек жұмысына әсерін зерттеу

 Бағалау критерийлері

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін салыстырады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тамырдың соғуын есептеп үйренеді.

Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтап, ауызша жазбаша түсіндірме береді.

Жаттығу кезіндегі және жаттығудан кейінгі ақпаратты пайдаланып графикке түсіреді.

Жүргізген бақылауларына сүйене отырып қорытынды жасайды.

Дене жаттығуларының жүректің жұмысына әсерін дұрыс сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Тамыр лүпілі, тамырдың соғуы, жүктеменің жүректің соғуына әсері.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Тамыр соғуы бұл ....

Жүректің жиырылуы.... тәуелді.

Дене жаттығуларынан кейін жүректің соғуы жиілігі....

Тамыр соғуын есептеу арқылы... анықтаймыз

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ нәтижесінде алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтілік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлау, ынтымақтастықта бола білу, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Жүректің динамикалық жұмысы, қанның ағу жылдамдығы қан тамырларындағы қан қысымының әртүрлі болуын қарастыру арқылы физика, тәуелді және тәуелсіз айнымалыны анықтау, есептеулер жүргізу, кесте толтыру, график сызу дағдылары арқылы математика, жүрек бұлшықеттерінің жүктемесінің түрлері арқылы дене шынықтыру пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 6-сынып курсынан тірі ағзаларда қоректік заттарды тасымалдаудың маңыздылығын, 7-сыныптан заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер туралы, 8-сыныптан қантамырлар мен жүректің құрылысы, қанның құрамы, қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Twіg-Bilim.kz сайтынан «Деректер: Жүрек» бейнефильмі көрсетіледі. Оқушылардан біз жүректің құрылысын білеміз, ал бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыздар сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

https://twig-bilim.kz/kz/film/factpack-heart

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

  • Тыныштық жағдайда жүректің жиырылу жиілігі баяу ма, әлде жиі ме?
  • Дене жұмысы немесе жаттығу жасау кезінде жүрек бұлшықетінің жиырылуы арта ма, кеми ме? Неліктен?

Сұрақтарын қоя отырып, мұғалім: енді осы аталған

сұрақтарға зертханалық жұмыс арқылы жауап беріп көрейік деп, оқушылардан зертханалық жұмыс парағындағы жұмыстың тақырыбымен танысуды сұрайды.

Жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасы ережесіне тоқталады.

Мұғалім оқушыларға тамыр лүпілін анықтау жолын түсіндіріп, бір рет дұрыс өлшеуге жаттықтырады.

1-2 қосымша

3-7 слайдтар

17-27 мин

Оқушылар жұмыс парағында зертханалық жұмыстың мақсатын толтырып, болжам жасап, тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтап, нұсқаулық бойынша жұмысты орындайды.

Зертханалық жұмыс барысында оқушылар қалыпты жағдайдағы және отырып тұру немесе басқа түрдегі физикалық жаттығу жасағаннан кейінгі жүректің соғысын санау арқылы жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі жүрек жұмысын салыстырып қорытынды шығарады. Алынған деректерді кестеге толтырып, тиісті графикті тұрғызады. Графикті пайдаланып екі айнымалының байланысынан анықтап, қорытынды жасайды. Талқылау сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың зертханалық жұмыс барысындағы практикалық дағдыларына мұғалім кері байланыс береді.

Критерий:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын санау арқылы жүректің соғу жиілігін салыстырады;

Дескрипторлар:

  • Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептейді;
  • Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүректің жиырылу жиілігінің өзгерісін анықтайды;
  • Жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соғу жиілігін санап мәліметтерді кестеге толтырады;
  • Алған деректерді өңдеп, график түрінде көрсетеді;
  • Нәтижені салыстырып, талдайды;
  • Қорытынды жасайды.

8-9 слайдтар

27-36 мин

Оқушылардың талдау нәтижелерін ортаға салып, қорытындыларды тыңдап талқылау жүргізіледі. Оқушылардың жасаған болжамдары, болжамның расталуы мен расталмауы, кестенің толтырылуы мен графиктің дұрыс құрылуы, талқылау сұрақтарына жауап берілуіне назар аудару маңызды. Мұғалім тиісті кері байланыс ұсынады. Оқушылардың жұмыс парақтарын жинап алып жекелеген кері байланыс ұсынады.

Толтырылған жұмыс парақтары

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан түсінгенім...

Маған... түсінуге қиын болды

Мен болашақта ...білгім келеді

12 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Зертханалық жұмыс барысында оқушылардың болжам жасауы, зерттеушілік дағдыларын қолдана, дамыта алуы

Кейбір оқушылардың жүрек жұмысының қалпына келу уақытын өлшеуі

Кейбір оқушылардың алған деректер мен нәтижелерін сыныптастарының нәтижелерімен салыстыра отырып талдауы

Кейбір оқушылардың дайын ақпарат көзін қолдануы

Кейбір алғыр оқушылардың тақырыпқа байланысты қосымша деректер іздеп, өз білімін тереңдетулері (2-қосымша)

Кейбір оқушылардың жүрек жұмысының жағдайын шама арқылы есептеп анықтаулары арқылы саралау қамтамасыз етіледі. (10-11 слайдтар)

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сабақтың тақырыбын видеоның көмегімен ашуы

Сабақтың мақсаттарын құруы

Жұмыстың болжамын жасауы

Жұмысты орындауы

Кесте толтыруы

График тұрғызуы

Талқылау сұрақтарына берген жауаптары

Жұмыстың қорытындысы арқылы бағаланады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде абай болу.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу