Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу. Биология, 8 сынып, презентация.
Зертханалық жұмыс
Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Сабақтың мақсаты
Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Бағалау критерийлері:
Тамырдың соғуын анықтайды
Тақырып негізінде болжам жасайды
Нәтижелерді кестеге жинақтайды
Зерттеудегі тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды анықтайды
Жинақтаған нәтиже негізінде график тұрғызады
Қорытынды жасайды (болжам негізінде)
1. Теориялық бөлім
Тамырдың соғуы
Жүрек жиырылған сайын пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.
Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады.Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы 10 м/с құрайды.
Тамырдың соғуын анықтау түрлері
Тамырдың соғуы
Тамырдың соғуы (пульс) білезіктің ішкі жағынан, яғни кәрі жіліктің артериясынан,табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі.
Тамырдың соғу жиілігі ересек адамда тыныштық кезінде 60-70 соққыны құрайды және ол адамның дене еңбегіне, эмоциялық жай –күйіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жүректің түрлі аурулары кезінде аритмия – тамырдың соғуында ырғақсыздық пайда болуы мүмкін
2. Практикалық бөлім
Зертханалық жұмыс мақсаты:
Дене жүктемесінің (жаттығуларының) жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Болжам:
Дене жаттығулары кезінде жүрекке салмақ түсіп, жүректің соғысы жиілейді, біраз уақыттан соң, жүрек қалыпты жұмысына келеді.
Құрал – жабдықтар:
Секундтық тілшесі бар сағат немесе секундомер; қарындаш; сызғыш; өшіргіш; нұсқау парағы
Қауіп-қатерлерді анықтау1. Білектің ішкі жағына екі саусақты қойып, тамыр лүпілін табу.
2. Тыныштық күйде 60секунд ішіндегі тамыр лүпілін санау. Алынған өлшемді кестеге жазу.
3. 10 рет отырып тұрғаннан кейін 60секунд ішіндегі тамыр лүпілін санап, жазып алу.
4. Жаттығудан кейінгі 120секунд өткеннен соң 60секунд лүпілді өлшеу.
5. 180 секунд демалғаннан кейінгі тыныштық күйде 60секундта тамыр лүпілін санап жазу
Жұмыстың барысы:
Нәтижелерді жинақтау
Талқылау сұрақтары:
1. Жүректің жиырлуы ағза үшін неліктен маңызды болып табылады?
2. Тамыр лүпілінің артерия тамырының қабырғасындағы тербелістен түзілген толқындар екендігін қалай дәлелдеуге болады?
3. Физикалық жүктеме аяқталғаннан кейін жүрек жұмысы қалай тез өзгерді? Неге осы өзгерістер маңызды?
4. Жүректің жұмысына қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?/кем дегенде 3 факторды атаңыз/
Қорытынды:
Дене жаттығуларыны кезінде жүректің соғуы жиілейді, жүректің қан тамырлары арқылы қанды айдау жылдамдығы артады, осының есебінен дене мүшелері мен жасушалары оттегімен және қоректік заттармен көп қамтамасыз етіледі.
Дене жаттығуларынан кейін жүректің жұмысы 4-5 минутта қалпына келсе, жүректің қызметінің қалыптылығын білдіреді
Жүректің қалыпты қызметіне қажетті жағдайлар:
Дене жаттығулары
Қалыпты еңбек ету
Белсенді өмір салты
Дер кезінде демалу
Жүректің оттегі және
қоректік заттармен
қамтамасыз етілуі
жақсарады,
жүрек бұлшықеттері
дамиды және
қан ағысының
мөлшері көбейеді
Зиянды әдеттерден арылу
Жүрек жұмысын жаттықтыру ережесі
Жүктемені (ауырлық күшін) біртіндеп ұлғайту, және жүктеме күшін дұрыс мөлшерлеу ;
Дене қимылы және демалысты дұрыс үйлестіру .
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?