Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы

 Жауынқұрттың қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады. Сақиналы қантамырлармен өзара байланысқан ірі арқа қантамырынан және құрсақ қантамырынан тұрады. Бұл екеуінен қылтамырлар тарамдалып, тері және зәршығару, асқорыту, жүйке жүйесі, т.б. ішек мүшелерді түгелдей торлап жатады.

 

Дененің алдыңғы бөлігіндегі ірілеу сақиналы қантамырлар -«жүрекше» деп аталады. Ол жиырылып босаңсуы нәтижесінде қан құрсақ қантамырлармен дененің артқы жағына, арқа қантамырымен алдыңғы бөліміне қарай ағады. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралып айналатын қан айналымы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады. Жауынқұрттың қанайналымы осылай жүзеге асады.

 Ұлулар, шаяндар мен өрмекшілердің қанайналымы ашық қанайналым жүйесіне жатады. Бұл жануарларда қан жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылады. Қан ұлпалар арасына жайылып, газ, зат алмасады да (оттегін, қоректік заттарды ішкі мүшелерге олардан береді, қажетсіз заттарды сіңіреді) қантамырлары арқылы өкпеде оттегімен қанығып жүрекке келеді.

 Балықтың жүрегі екі қуысты. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі қантамыры-құрсақ қолқасына өтеді. Желбезекке келгенде құрсақ қолқасынан оңға және солға қарай қантамырлар таралады. Олар желбезекте ұсақ қылтамырларға тармақталып, оттегіне қанығады да, артерия қанына айналады. Қолқадан дененің барлық мүшелеріне қылтамырлар тармақталады. Ондағы әр түрлі ұлпаларда артерия қаны оттегін беріп, көмірқышқыл газын және түрлі қажетсіз өнімдерді сіңіреді де, вена қантамырымен ағып, жүректің құлақшасына құйылады. Ол жиырылып, қан қарыншаға өтеді. Сөйтіп балықтың қаны бір шеңбер жасап, бүкіл денені айналып шығады. Сондықтан балықтың қанайналым жүйесін біршеңберлі қанайналым жүйесі дейді.

 Қосмекенділердің жүрегі үш бөлімді, қарыншадан және екі құлақшадан тұрады. Қан дененің барлық мүшелерінен вена қантамырымен жүректің оң құлақшасына құйылады. Сол жақ құлақшаға өкпеден оттегін сіңірген қан құйылады. Құлақшалар жиырылған кезде қарыншаға екі құлақшадан біраз қан өтіп, артерия мен вена қаны араласады да, денесіне аралас қан тарайды. Қарыншадан ірі артерия қан тамыры шығып, ол денені бойлап артқы жағына қарай ағады. Одан көптеген қылтамырлар шығып, бүкіл ұлпаларды торлайды. Оларды оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Артерия біртіндеп вена қанына айналып, вена қантамырымен жүрекке қарай ағады.

 Бақаның қанайналым жүйесінде екі шеңбер бар. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қантамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы - кіші қанайналым шеңбері деп аталады.

 Жорғалаушылардың жүрегі, қанайналым жүйесі бақанікіне ұқсас. Бұларда жүрек үш бөлімді: қарыншадан, екі құлақшадан тұрады. Олардың бақадан ерекшелігі жүрек қарыншасы жартылай пердемен екі бөлімге бөлінеді. Бірақ перде қарыншаны толық бөлмегендіктен артериялық қан мен веналық қан (бақамен салыстырғанда) аз мөлшерде болса да араласады. Сондықтан қосмекенділер мен жорғалаушылардың ағзасында зат алмасу баяу жүреді де, дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді болады. Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділер мен жорғалаушылардың сирек таралғаны және жылы аймақтарда қыста ұйқыға жататыны содан. Бұларды салқынқанды жануарлар дейді.

Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөліп, қан араласпайды. Дене мүшелеріне таза артерия қаны таралып, өкпеге вена қаны келеді. Бұл жануарларда зат алмасу қарқындығы жүреді. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес. Оларды жылықанды жануарларға жатқызады.

2-қосымша

1 топ – ашық қанайналым жүйесі.

Дескрипторлар:

  • Ашық қанайналым жүйесінің сызбасында вена қаны мен артерия қанын көк және қызыл түстермен дұрыс бояп көрсетеді.
  • Сызбаға сүйеніп ашық қанайналым жүйесін дұрыс сипаттайды.
  • Ашық қанайналым жүйесі бар жануарлардың 3 мысалын келтіреді.

2 топ – тұйық қанайналым жүйесі (1 шеңбер).

Дескрипторлар:

  • Тұйық қанайналым жүйесінің сызбасында вена қаны мен артерия қанын көк және қызыл түстермен дұрыс бояп көрсетеді.
  • Сызбаға сүйеніп тұйық қанайналым жүйесін дұрыс сипаттайды.
  • Тұйық бір шеңберлі қанайналым жүйесі бар жануарлардың 2 мысалын келтіреді.

3 топ - тұйық қанайналым жүйесі (2 шеңбер).

Дескрипторлар:

  • Тұйық қанайналым жүйесінің сызбасында вена қаны мен артерия қанын көк және қызыл түстермен дұрыс бояп көрсетеді.
  • Сызбаға сүйеніп кіші қанайналым шеңберін дұрыс сипаттайды.
  • Сызбаға сүйеніп үлкен қанайналым шеңберін дұрыс сипаттайды.
  • Тұйық екі шеңберлі қанайналым жүйесі бар жануарлардың 4 мысалын келтіреді.

3-қосымша

«Блум кубигі» әдісімен қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттаңыз

4-қосымша

1-тапсырма. Берілген сызбаларда қанның ағу бағытын көрсете отырып сызба сызыңыз.

Критерий:

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

Дескриптор:

  • Сызбада ашық және тұйық қанайналым жүйелеріндегі қанның ағу бағытын дұрыс салады.

2- тапсырма. Ашық және тұйық қанайналым жүйелерін кесте арқылы салыстырыңыз.

Белгілері

Ашық

Тұйық

Қантамырлары ұшында тұйық

Қантамырлары ұшында тұйықталмаған

Қан тікелей дене қуысын шаяды

Қан тек қантамырлар арқылы қозғалады

Ұлу, бунақденелілерге тән қанайналым типі

Шұбалшаң, омыртқалы жануарларға тән қанайналым типі

Критерий:

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

Дескрипторлар:

  • Сызбаға сүйеніп ашық және тұйық қанайналым жүйелерін дұрыс сипаттады.
  • Әрбір қанайналым жүйесінің түріне жануарлар мысалын келтірді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу