Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерін салыстыру
  • Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;
  • Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің ерекшеліктерін үлгілерде тиісті терминологияны пайдаланып сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ашық қанайналым жүйесі, тұйық қанайналым жүйесі, бір қанайналым шеңбері, екі қанайналым шеңбері, гемолимфа, дене қуысы (гемоцель).

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ашық қан айналым жүейсінде...болмайды.

Тұйық қанайналым жүйесі...арқылы тұйықталады.

Ашық қанайналым жүйесі тән ағзаларда диффузия...арасында жүреді.

Тұйық қанайналымы бар ағзаларда диффузия ... жүреді.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберінің айырмашылығы...

Екі қанайналым шеңбері ...,...,...,... тән.

Бір қанайналым шеңбер...,...,...,...тән.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Түсіндірмелер кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсете білу құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, қанның жылдамдығы, диффузия ұғымдары қарастырылғанда физика пәнімен, оксигенді дезоксигенді қан түсініктері арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Жануарлар мен өсімдіктердегі заттар тасымалына қатысатын мүшелер туралы 7-сыныптан біледі. Қанайналым жүйесінің маңызы, жануарлардың қан тамырларының түрлері мен айырмашылықтары, жүректерінің ерекшеліктері, сүтқоректілердің жүректері туралы 8-сыныптан біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға «Ағзаның қандай құрылымдық деңгейлері болады?» сұрағы қойылып, әрбір құрылымдық деңгейге мысалдар келтіру тапсырмасын орындау сұралады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар тақырыптың ұлпа, мүшелер, мүшелер жүйелерімен байланысын анықтап сабақтың тақырыбын ашады. Мүшелер жүйелерін атаған кезде осылардың ішінен қай жүйені өтіп жатырмыз? Қандай мүшелерін қарастырдық деп сұрай келе ендеше оның түрлерін білеміз бе? Қандай қанайналым жүйелері болады деп сұрау арқылы с абақтың мақсаттарын анықтау қажет.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Оқушылар топтарына ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің сызба суреттері беріледі. Оқушылардан осы қанайналым жүйелерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау сұралады. Кейбір оқушыларға қосымша видеоматериалдар ұсынылады.

Критерийлер:

  • Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды;
  • Үлкен кіші қанайналым шеңберлерін сипаттайды.

1 топ – ашық қанайналым жүйесі.

2 топ – тұйық қанайналым жүйесі (1 шеңбер).

3 топ - тұйық қанайналым жүйесі (2 шеңбер).

1 - 2 қосымша

3-11 слайдтар

17-27 мин

Әр топ өздерінің талдаған қанайналым жүйесінің түрін басқа топ оқушыларына сипаттап түсіндіреді. Қалған оқушылар түсіндірме барысында жазбалар жасайды, сызба салады.

Мұғалім сұрақтар қоя отырып, оқушылардың түсінгендігін анықтайды.

2- қосымша

Нұсқаулық

27-36 мин

«Блум кубигі» әдісімен қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар осы әдіспен қанайналымның ашық және тұйық, бір шеңберлі және екі шеңберлі түрлерін салыстырып сипаттайды.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексеріп, тиісті кері байланыс ұсынады.

3-қосымша

11-13 слайд

Нұсқаулық

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан менің білгенім …

Мені қызықтырды …

Менің есімде жақсы сақталғаны…

14 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Топтық жұмыс барысында оқушылар әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасап, кейбіреулері білімдерін тереңдете алады.

Түсіндірме кезінде оқушылардың әрқайсысы өз деңгейінде қабылдаған білімін көрсетуге мүмкіндік алады.

«Блум кубигі» әдісімен қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттау тапсырмасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлана отырып, қабілеттеріне сай жауап табуына ықпал етеді.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Топтық жұмыс кезінде оқушылардың талқылаулары арқылы

Түсіндірме кезіндегі сұрақ қою, жауап бере білулері арқылы

«Блум кубигі» әдісімен қанайналым жүйелерінің типтерін сипаттау тапсырмасы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу