Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қанайналым жүйелері мен шеңберлері (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тиісті терминолдогияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің ерекшеліктерін үлгілде тиісті терминологияны пайдаланып сипаттап түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ашық қанайналым жүйесі, тұйық қанайналым жүйесі, бір қанайналым шеңбері, екі қанайналым шеңбері, гемолимфа, дене қуысы (гемоцель). Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Ашық қан айналым жүейсінде...болмайды. Тұйық қанайналым жүйесі...арқылы тұйықталады. Ашық қанайналым жүйесі тән ағзаларда диффузия...арасында жүреді. Тұйық қанайналымы бар ағзаларда диффузия ... жүреді. Үлкен және кіші қанайналым шеңберініңі айырмашылығы... Екі қанайналым щеңбері ...,...,...,... тән. Бір қанайналым шеңбер...,...,...,...тән. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Түсіндірмелер кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсете білу құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Қан қысымы, қанның жылдамдығы, диффузия ұғымдары қарастырылғанда физика пәнімен, оксигенді дезоксигенді түсініктері арқылы химия пәнімен байланысады | |||||
Алдыңғы білім | Жануарлар мен өсімдіктердегі заттар тасымалына қатысатын мүшелер туралы 7-сыныптан біледі. Қанайналым жүйесінің маңызы, жануарлардың қан тамырларының түрлері мен айырмашылықтары, жүректерінің ерекшеліктері, сүтқоректілердің жүректері туралы 8-сыныптан біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Алдыңғы білімді еске түсіру үшін оқушылардан гемолимфа, гемоцель, ағзаның ішкі ортасы ұғымдары және жануарлар қанының түстері туралы «ақиқат», «жалған» тапсырмасын орындау сұралады. | 1 -3 слайдтар 1-қосымша
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушылар топтарына ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің сипаттамалары, сызба, суреттері беріледі. Оқушылардан осы екі қанайналым жүйесін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау сұралады. Оқушылардың кейбіреулері ақпарат, сызбаны пайдаланса, кейбіреулеріне «Өзен шаянының қанайналымы», «Шұбалшаңның қанайналымы» видеоматериалдарын ұсынуға болады. Критерий:
Дескрипторлар:
Оқушылар дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді және мұғалім жекелеген кері байланыстар ұсынады. Түсініксіз болған кезде слайдтарды ашып, шағын түсіндірмелер береді. | 2 - қосымша 3-13 слайдтар Нұсқаулық | ||||
17-27 мин | Оқушыларға суреттер, плакаттар, видеоматериалдар, анимациялардың көмегімен үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін моделдеп, салыстырма сипаттамалар беру тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушылар «Қанайналым шеңберлері» видеоақпаратымен жұмыс жасай алады. Критерий:
Дескрипторлар:
Кейбір оқушылар Венн диаграммасы арқылы салыстыра алады. Мұғалім тапсырманың орындалуы барысында жеке кері байланыстар ұсынып, оқушылардың түсінуіне көмектеседі. | 3-қосымша 14-17 слайдтар Нұсқаулық | ||||
27-36 мин | Оқушылардан ашық және тұйық қанайналым жүйелері, бір және екі қанайналым шеңберлерінің жануар үшін артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау тапсырмасын орындау сұралады. Мұғалім тапсырманың орындалуы барысында жеке кері байланыстар ұсынып, оқушылардың түсінуіне көмектеседі. | 18 слайд Нұсқаулық | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс «Нысана» | 19 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылар ашық және тұйық қанайналым жүйелері мен екі және бір қанайналым шеңберлерінің сипаттамалары, сызба, плакаттар, видеоматериалдар, анимациялар, суреттерімен жұмыс істеулері бойынша топтарға бірігеді, яғни оқушылардың өз қабілеттеріне сай ресурс көзін таңдауы арқылы саралау жүреді Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін моделдеп, салыстырма сипаттамалар беру кезінде әр оқушы өз деңгейін көрсетуге мүмкіндік алады Кейбір оқушылар сабақ барысында өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады, мысалы, олар қанайналым жүйесінің түрі мен қанайналым шеңберлерінің санына қарай жануарлардың қоршаған ортаға бейімделу жолдарын зерттей алады. Кейбір оқушыларға 4-қосымшадағы тапсырмаларды орындау арқылы | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Алдыңғы білімдерін еске түсіру тапсырмасы арқылы Ауызша жазбаша жауаптары арқылы Ашық тұйық қанайналым жүйелерін салыстыра білулері арқылы Бір және екі қанайналым шеңберлерін салыстыру тапсырмасы арқылы Ағза үшін бір және екі шеңбер, ашық және тұйық қанайналым жүйелерінің маңызын бағалау арқылы Қосымша тапсырамын орындауы арқылы Қосымша ақпарат іздеп өз білімдерін тереңдете білулері арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу. Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?