Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушы саны көп болса, жұмысты топтарда ұйымдастыруға болады. Ол үшін әр топ бір шырын үлгісін тестілейді де, нәтижені басқа топтармен бөліседі. Шағын топтарға бөліп 2 топқа бірдей шырынды тестілеуді тапсыру арқылы нәтиженің нақтылығын арттыруға болады.
Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салуды сұрау қажет. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап кию маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды деп шағын түсіндірме беру қажет. Содан кейін, зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.
Йод, тұз қышқылы ерітінділері көзді тітіркендіреді. Тұз қышқылының ерітіндісі күйдіреді. Шырындар кейбір оқушыларда аллергия тудыруы мүмкін.
Оқушыларға ерітіндіні тамшылатып көрсетіп, асықпауды тапсыру қажет. Ерітіндінің көк түске боялғанын мұқият қадағалауды тапсыру жөн. Себебі көп –көптен құйса нәтиже қате болады.
Ерітінді шамамен 20секундтай уақыт жоғалмайтын көк түске боялғанша тамызу керектігі ескертіледі.
Кестені толтырып болғаннан соң оқушылар басқа топтардан нәтижені жинақтайды.
Деректер бойынша гистограмма құрады.
Қорытындыны оқытып, талдау дұрыс. Алдыңғы болжамдардың орындалғанына назар аудару маңызды.
Оқушыларға 3-қосымшадағы тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Егерде сыныпта орындауға уақыт қалмаса оны үйде орындауды тапсырған жөн.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың басында С дәрумені туралы ақпарат жинақтау арқылы тақырыптың өзектілігі ашылады және оқушылардың болжам жасауына көмек болады.
Зертханалық жұмыстың тақырыбымен таныстырып болғаннан соң оқушылардан жұмыстың мақсаты мен болжамын жасауды сұрау қажет. Әр оқушы жеке орындайды. Егер де қиындық туындаса, жұмыстың тақырыбына назар аударыңыз деген сияқты бағыттаулар қажет. Содан кейін оқушылармен қауіпсіздік техникасының ережелері талданады.
Зертханалық жұмыстың бағалау критерийлеріне қайтадан бір назар аударту қажет.
Жұмысты орындағаннан соң оқушылардың гистограмма құруда туындаған сұрақтарына жауап беру қажет. Мысалы, абцисста не орналасады, ордината қандай айнымалы болуы болуы тиіс. Абцисста шырындардың аталуы, ординатада йод мөлшері орналасады.
Зертханалық жұмыстың қорытындылары оқылып, талданады.
Бұл білімді күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны жайлы сұралады.
Құрал-жабдықтар мен материалдар:
- тамызғы– 7 дана;
- дәріханалық йодтың 5% ерітіндісі;
- 1 % крахмал сілемесі;
- тұз қышқылының 2 % ерітіндісі;
- дайын шырындар;
- стақан 200мл- 2дана;
- тамызғы – 1дана;
- қара қарақат, болгар бұрышы, ақжелкен т.б;
- келсап пен үккіш;
- шыны таяқша-1дана;
- құйғы – 1дана;
- муслин/сүзгі – 1дана;
- әйнекке жазуға арналған маркер;
- қайшы.
Зертханаға қажетті ерітінділерді дайындау.
1% крахмал сілемесін дайындау жолы: 0,50 г крахмалға 50мл суық суды құйып, жақсылап араластырады. Қоспаны спиртті шамында қайнатпай қыздырады.
Йод ерітіндісін аптекалық йодты қолдануға болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Бағалау критерийлеріне сай оқушылардың дағдылары бағаланады. Жұмыстың әр кезеңінде оқушыларға кері байланыс ұсыну маңызды. Мысалы, жұмыстың мақсатын құрған кезде бүгінгі зертханалық жұмыста нені анықтау сұралады деп бағыт берген жөн. Жұмыстың орындалуы кезінде критерийлердің орындалуына назар аударып, қажет болған жағдайда кері байланыс беру маңызды, мысалы, дұрыс есептеген болса, ... математикадан алған білімін қолдана білді, гистограммада масштабты жақсы анықтапты деген сияқты.
- Саралау тапсырмалары
Кейбір оқушылар алынған нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстырып, қорытынды жасайды, басқа үлгілердегі С дәруменінің мөлшерін анықтайды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Қатерлердің қауіптілігін бағалау
Қатер көзі | қауіптілігі | Қауіптілікті азайту жолдары |
Йод ерітіндісі | Жоғары | Төгіп алмау, жалаңаш қолға жұқтырмау |
Тұз қышқылының ерітіндісі | Жоғары | Төгіп алмау, жалаңаш қолға жұқтырмау |
Шырындар | жоғары | Аллергиялық қауіпі бар болса қолданбау |
Қайшы | Орташа | Қолданғанда абай болу |
Бағалау критерийлері:
- Жұмыстың мақсатын құрады;
- Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;
- Көкөністер мен жемістердің құрамында С витаминінің болуын анықтайды;
- Деректерді дұрыс жинай алады;
- Деректерді өңдей алады;
- Нәтижені көрсете алады;
- Нәтижеге талдау жасай алады;
- Қорытынды жасайды.
Тапсырма жауаптары:
- А дәрумені: 5000мкг÷4=1250 мкг. 50г сәбізде -2500мкг. 100г қызанақта – 1250мкг.
2500мкг+1250мкг=3750мкг С дәрумені болады.
2. D дәрумені: 5мкг×3=15мкг. 15мкг×14күн=210мкг.
3. К дәрумені: 76мкг-40мкг=36мкг. 50г ақбас қырыққабатында – 38мкг бар. 100г ашытылған қырыққабатта 36мкг С дәрумені қалады. Балығы: 38мкг+36мкг=74мкг.
- Сілтемелер мен ресурстар
С дәрумені туралы ақпараттар: - http://www.vitamini.ru/vitamin_21.html
Дәрумендердің тәуліктік дозасы: http://www.pharmamed.ru/library_148.htm
С дәрумені тағам құрамындағы мөлшері: https://www.youtube.com/watch?v=CSblzhTpADE
С дәруменін анықтау титірлеу әдістемесі ұсынылған видео: https://www.youtube.com/watch?v=OkttDt55DfY
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?