Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
С дәрумені жайлы деректер:
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.
С дәрумені зиянды заттардың түзілуін тежейді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.
С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақтың құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
- С дәруменінің ең көп мөлшері барбадосс шиесінің құрамында кездеседі. жидектің 100 граммында 1677,6 мг С дәрумені бар.
- Цитрусты жемістер арасында құрамындағы С дәріменінің мөлшері бойынша көш бастайтын - апельсин. Піскен жемістің 100 граммында С дәруменінің 60мг мөлшері бар. Ал лимонда 40 мг, грейпфрутта 45мг, мандаринде 38 мг мөлшерде кездеседі.
- С дәрумені термиялық өңдеуге шыдамайды. Қайнату барысында С дәруменінің 50-60%-ы жоғалса, көкөністі пісіргенде 75-90%-ы жоғалады. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністерді пісіріп не бұқтырып емес, жаңа піскен (шикі) күйінде жеген дұрыс.
- Суық тию, тұмаудың алдын алу үшін көп мөлшерде С дәруменін қабылдаудың еш әсері жоқ. Эпидемиология және халық денсаулығы ұлттық орталығындағы аустарлиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша, көп мөлшердегі С дәрумені сауығуға әсер етпейді. Оған қоса, АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының дәйектері бойынша, біздің ағамыз бір күн ішінде С дәруменін 400мг-нан артық мөлшерде сіңіре алмайды.
- С дәрумені - арықтағысы келетін адамдар үшін пайдалы. Сонымен қатар, ол ісінуді басады.
- С дәрумені таблетка түрінде емес, жеміс-жидек, көкөністер арқылы организмге тез сіңеді. Оның табиғи заттардан тез сіңетіні дәлелденген.
- Көбіне С дәруменінің жетіспеуі ішек ауыруы кезінде орын алады. Себебі ол тағамнан ағзаға сіңбейді. Оған қоса шылым шегу мен кофені көп ішу организмнен С дәруменін шығарады.
- С дәрумені ұзақ сақтала алмайды. Көкөністе бір тәуліктен кейін С дәруменінің 40-60%-ы ғана қалады. Ал алмада үй айдан кейін шамамен 85%, жарты жылдан кейін 75% мөлшері қалады.
Азық-түліктер | 100 г өнімдегі С дәруменінің мөлшері, г | Азық-түліктер | 100 г өнімдегі С дәруменінің мөлшері, г |
Итмұрынның балғын жидектері | 450-600мг | Брокколи, брюссель орамжапырағы | 80-95мг |
Қызыл тәтті бұрыш | 180-250мг | Құлпынай және басқа жидектер | 50-60мг |
Шырғанақ пен қара қарақат | 180-200мг | Апельсин | 50-60мг |
Жасыл бұрыш | 130-150мг | Лимон | 40-45мг |
Шпинат, қатты қанық жасыл салат | 100-120мг | Мандарин | 30-40мг |
Киви | 70-90мг | Ананас, қауын, алма | 15-20мг |
2- қосымша
Оқушының аты-жөні _____________________________ Сынып _____ Күні___________
Зертханалық жұмыс. Дәрумендер
Жұмыстың мақсаты:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Болжам: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Құрал-жабдықтар мен материалдар:
- тамызғы– 7 дана;
- дәріханалық йодтың 5% ерітіндісі;
- 1 % крахмал сілемесі;
- тұз қышқылының 2 % ерітіндісі;
- дайын шырындар;
- стақан 200мл- 2дана;
- тамызғы – 1дана;
- қара қарақат, болгар бұрышы, ақжелкен т.б;
- келсап пен үккіш;
- шыны таяқша-1дана;
- құйғы – 1дана;
- муслин/сүзгі – 1дана;
- әйнекке жазуға арналған маркер;
- қайшы.
Қауіпсіздік ережесі:
|
Жұмыс барысы
- Дайын немесе жаңа сығылған шырыннан (апельсин, болгар бұрышы) 10мл өлшеп алыңыз;
2) Шырынға 1мл крахмал сілемесін қосыңыз;
3) 5% йод ерітіндісінен 10-15 секундта жоғалып кетпейтін, көк түс пайда болғанша тамызғымен тамшылатып қосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұрақты көк түстің пайда болуы аскорбин қышылының болуын білдіреді.
Көкөністер мен жемістерден езінді дайындау үшін:
- Өсімдік өнімінің бір бөлшегін қайшымен ұсақтап қиыңыз;
- Келісапта үккішпен көкөніс үлгісіне 2% тұз қышқылынан бірнеше тамшы қосып ұнтақтаңыз;
- Алынған езіндіні сүзгімен сүзіп стақанға құйып алыңыз;
- Шыны таяқшамен араластырып 5 минутқа қалдырыңыз;
- Шырыннан 10мл өлшеп алып екінші стақанға құйыңыз;
2) Шырынға1мл крахмал сілемесін қосыңыз;
3) 5% йод ерітіндісінен 10-15 секундта жоғалып кетпейтін, көк түс пайда болғанша тамшылатып қосыңыз.
Деректерді талдау
- Кестені атап жазып, толтырыңыз:
___________________________________________
Өнімнің атауы | Тамшы саны |
Қара қарақат шырыны | |
- Кестедегі деректерді қолданып гистограмма құрыңыз.
- Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Келесі жолы осы тәжірибені жасағанда нені жақсартуға болады? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-қосымша
- А дәрумені
100 гр сәбіз құрамында 5000мкг А дәрумені болады.100 г қызанақта сәбізбен салыстырғанда, 20 есе аз. 50 г сәбіз бен 100 г қызанақтан дайындалған салатта қанша микрограмм А дәрумені болады?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- D дәрумені
Дәрілік препараттың 1 тамшысында D дәруменінің 5 мкг болады- бұл баланың тәуліктік мөлшері. Ал ересек адамның тәуліктік мөлшері баланікімен салыстырғанда үш есе көп. Препаратты 2 апта қабылдағаннан кейін әрқайсысы (бала және ересек адам) қанша микрограмм D дәруменін алады?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- К дәрумені.
100 г ақбас қырыққабатында 76 мкг К дәрумені болады. Ашытылған қырыққабатта осы дәрумен 40 мкг азаяды. 50г ақбас қырыққабат пен 100 г ашытылған қырыққабатта қанша микрограмм К дәрумені болады?
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?