Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау

(зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.7 азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

 Сабақтың мақсаты

  • азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Жұмыстың мақсатын құрады;
  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;
  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменінің болуын анықтайды;
  • Деректерді дұрыс жинай алады;
  • Деректерді өңдей алады;
  • Нәтижені көрсете алады
  • Нәтижеге талдау жасай алады;
  • Қорытынды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

С дәруменінің азық-түлік құрамында кездесуін анықтау барысында деректермен жұмыс жасау, график тұрғызу, талдау жасауды жазбаша орындайды.

С дәруменінің маңызы, түрлі үлгілерде кездесу мөлшері туралы ауызша талқылаулар жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

С дәрумені, йодометрия әдісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

С дәрумені...құрамында көп, себебі...

Йод тамшысының саны ... болғандықтан ерітінді түсі... боялды.

С дәруменінің мөлшері... аз, себебі...

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

С дәруменін анықтауда химиялық ерітінділердің қолданылуы және йодометрия әдісінің қолданысы арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәні бойынша қоректенудің тірі ағзалардың басты қасиеттерінің бірі екенін,7-сыныптан әртүрлі ағзалардың қоректену типтері, азық-түлік өнімдерін органикалық заттардың болуына тестілеуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға «С дәрумені» тақырыбына ассоциациялар құру тапсырылады. Жағымды сөздерді таңдау сұралады. Оқушылардан жауаптарын негіздеу сұралады. Бұл тапсырма барысында зертханалық жұмыстың мақсатына қатысты тұжырымдарға назар аудартып, С дәруменіне бай өнімдерді қолдану дұрыс екен деген сияқты қорытындылар арқылы жаңа тақырыпқа ауысу қажет.

Бағалау критерийлері талданады.

1-2слайд

Сабақтың ортасы

4-10 мин

Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.

Ол үшін зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.

Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет. Мысалы, оқушылар йод ерітіндісін атап, ол көзді тітіркендіруі мүмкін десе, оны төгіп алса киімді бүлдіреді дегенді, сынауықты атаса оның қауіптілігі орташа, сындырып алған жағдайда сынықтарын қолмен ұстамау қажет.

Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.

3-слайд

11-29мин

Зертханалық жұмысты орындау үшін әр түрлі азық-түлік үлгілерін йодомет рия әдісімен тестілеу жүргізіледі. Оқушылар үлгілерден езінді дайындап оған йодты тамыза отырып, тамшының санына қарай С дәруменінің мөлшерін анықтап, кестеге толтырады. Осы кестедегі деректерге сай гистограмма құрып, әр түрлі үлгілердегі С дәруменінің мөлшерін салыстырады.

  • Саралау үшін кейбір оқушыларға өз нәтижелерін сыныптастарының нәтижелерімен салыстырып, талдау жасау, басқа шырындарды тестілеу ұсынылады.

4-6 слайд

2-қосымша

30-32

  • Жұмыс нәтижелері талданады.

33-38 мин

Дәрумендерге байланысты қосымша тапсырмаларды орындау ұсынылады.

3- қосымша

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

-Бүгінгі сабақтан түсінгенім...

-Өмірде қолдануға үйретті...

-Енді жасағым келеді.

Кері байланыс сабақ мазмұнына қатысты жүргізіледі.

Үй жұмысы:

С дәрумені, оның әртүрлі азық-түлік құрамындағы мөлшері туралы ақпаратты оқу

7-8 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Барлық оқушылар көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменнің болуын анықтайды.

Көпшілік оқушылар зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдайды.

Кейбір оқушылар алынған нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстырып, жинақтап қорытынды жасайды.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау

Оқушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі

  • Жұмыстың мақсатын құруы;
  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасауы;
  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменінің болуын анықтай алуы;
  • Деректерді дұрыс жинай алуы;
  • Деректерді өңдей алуы;
  • Нәтижені көрсете алуы
  • Нәтижеге талдау жасай алуы;
  • Қорытынды жасауы.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.

Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салу сұралады. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап кию маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды деп шағын түсіндірме беріледі.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылар белсенді қозғалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. SamuelLiaby
    SamuelLiaby 15.09.2024 08:23
    0 + 0 -
    Модные советы по созданию крутых образов на каждый день.
    Заметки стилистов, события, все дропы и шоу.
    https://vladtoday.ru/news/2024-09-10-10-prichin-za-chto-my-lyubim-demnu-gvasaliyu/