Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушы саны көп болса, жұмысты топтарда ұйымдастыруға болады. Ол үшін әр топ бір шырын үлгісін тестілейді де, нәтижені басқа топтармен бөліседі. Шағын топтарға бөліп 2 топқа бірдей шырынды тестілеуді тапсыру арқылы нәтиженің нақтылығын арттыруға болады.
Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салуды сұрау қажет. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап ки ю маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды деп шағын түсіндірме беру қажет. Содан кейін, зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады. Оқушылар танысып болғаннан соң, жұмыс барысындағы қатерлерді бағалау тапсырылады. Ол үшін 2-қосымшадаға кесте толтырылады.
Йод, тұз қышқылы ерітінділері көзді тітіркендіреді. Тұз қышқылының ерітіндісі күйдіреді. Олардың қауіптілігі жоғары. Шырындар кейбір оқушыларда аллергия тудыруы мүмкін.
Бюреткамен жұмыс бірінші рет жасалатын болғандықтан онымен жұмыс жасауды түсіндіру үшін көрсету қажет. Әсіресе өлшем жасауға тоқталу маңызды.
Оқушыларға ерітіндіні тамшылатып көрсетіп, асықпауды тапсыру қажет. Ерітіндінің көк түске боялғанын мұқият қадағалауды тапсыру жөн. Себебі көп –көптен құйса нәтиже қате болады.
Ерітінді шамамен 20секундтай уақыт жоғалмайтын көк түске боялғанша тамызу керектігі ескертіледі.
Оқушылар алғашқы нәтижені алғаннан соң есептеу жолдарын қайта бір рет түсіндіру қажет.
Екі кестені толтырып болғаннан соң оқушылар басқа топтардан нәтижені жинақтайды.
Деректер бойынша гистограмма құрады.
Қорытындыны оқытып, талдау дұрыс. Алдыңғы болжамдардың орындалғанына назар аудару маңызды.
Оқушыларға 3-қосымшадағы тапсырманы орындауды ұсынуға болады. Егерде сыныпта орындауға уақыт қалмаса оны үйде орындауды тапсырған жөн.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың басында зертханалық жұмыстарда қолданылатын шырын түрлері қосылған мысалдардағы С дәруменінің мөлшерін болжау тапсырмасы арқылы тақырыптың өзектілігі ашылады және оқушылардың болжам жасауына көмек болады.
Зертханалық жұмыстың тақырыбымен таныстырып болғаннан соң оқушылардан жұмыстың мақсаты мен болжамын жасауды сұрау қажет. Әр оқушы жеке орындайды. Егер де қиындық туындаса, жұмыстың тақырыбына назар аударыңыз деген сияқты бағыттаулар қажет. Содан кейін оқушылармен қауіпсіздік техникасының ережелері талданады.
Зертханалық жұмыстың бағалау критерийлеріне қайтадан бір назар аударту қажет.
Оқушыларға жұмыстың мақсатын дұрыс анықтауда көмек қажет болуы мүмкін. Ол үшін жұмыстың тақырыбына назар аудартып, осы жұмыста қолданылатын шырындардың құрамындағы С дәруменінің мөлшерін қандай тәсілмен анықтайтынын жазу керек екендігі түсіндіріледі. Ал болжам жасаған кезде осы болжамның орындалуына қарай қорытынды жасалады деп ескерткен жөн.
Қажетті құрал-жабдықтар:
- 1% крахмал сілемесі – 5мл
- 1% йод ерітіндісі – 300мл
- 2% тұз қышқылының ерітіндісі – 3мл
- Кез келген дайын нектар – 6мл
- Алма, лимон, балдыркөк – 100г
- Эрленмейер колбасы немесе 50мл стақан – 4дана
- Келі мен үккіш – 1дана
- Таразы – 1дана
- Құйғы-1дана
- Сүзгі муслин торы 20см3– 1дана
- Бюретка -1дана
- Тамызғы -1дана
- 10мл шприц – 4дана
- Дистилденген су – 100мл
- Қайшы -1дана;
- Шыны таяқша – 1дана.
Зертханалық жұмысқа қажетті ерітінділерді дайындау.
1% крахмал сілемесін дайындау жолы: 0,50 г крахмалға 50мл суық суды құйып, жақсылап араластырады. Қоспаны спиртті шамында қайнатпай қыздырады.
Йод ерітіндісін аптекалық йодтан 5мл алып 500мл дистилденген суға араластырып дайындайды. Оны бюреткаға алдын ала құйып қою дұрыс. Бюреткаға құяр алдында ертіндімен бюретканы бір рет шайып тастау қажет.
Зертханалық жұмыс барысында оқушыларға ерітіндіде көк түстің пайда болуын анықтауда қиындық туындауы мүмкін. Осы орайда және кейбір оқушыларға шприцпен өлшеп алу, бюреткамен жұмыс, йод мөлшерін анықтау, айырмасын есептеуде көмектесу қажет.
Жұмысты орындағаннан соң оқушылардың гистограмма құруда туындаған сұрақтарына жауап беру қажет. Мысалы, абцисста не орналасады, ордината қандай айнымалы болуы тиіс. Абцисста шырындардың аталуы, ординатада йод мөлшері орналасады.
Зертханалық жұмыстың қорытындылары оқылып, талданады.
Бұл білімді күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны жайлы сұралады. Әсіресе жұмыстың қорытындысына назар аудару қажет. Оқушылар бастапқыда жасаған болжамдарының орындалғаны туралы қорытынды жасаулары тиіс. Мен бүгін С дәруменін анықтадым деген сияқты үлгілер болса, онда қорытындыны қалай жазу керек екендігі туралы түсіндірмелер беру қажет.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларға: топтық жұмыс кезінде сіздер ынтымақтастықта, бірігіп жұмыс істей білулеріңіз қажет. Сын айта білу, сынды қабылдай білу құндылықтарын ескеріңіздер. Практикалық жұмыстар арқылы сіздер әртүрлі манипуляцияларды жасап үйренесіздер, таңдау жасай білулеріңіз қажет, керек болған жағдайда зертханалық жұмыстың тәсілдерін жақсартып өзгеріс еңгізе аласыздар деген сияқты құндылықтарға сілтемелер жасалады.
Пәнаралық байланысты орнату:
Дәрумен полимер ме мономер ме деген сияқты сұрақтар арқылы молекулалық биология тарауымен байланыстыруға болады. Дәруменнің қандай қасиеттері болады, олар қандай заттарда ериді, С дәруменін анықтауда неліктен йод қолданылады, ол қалай жұмыс істейді деген сұрақтар арқылы химия пәнімен байланысты орнатуға болады. Йод тамызғанда неге ерітінді көк түске боялды, бұл қандай құбылыс, сіздер қай пәнде оны зерттедіңіздер деп оқушылардың физика, химия пәндерінен алған білімдерін қолдана білуіне ықпал етуге болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Бағалау критерийлеріне сай оқушылардың дағдылары бағаланады. Жұмыстың әр кезеңінде оқушыларға кері байланыс ұсыну маңызды. Мысалы, жұмыстың мақсатын құрған кезде бүгінгі зертханалық жұмыста нені анықтау сұралады деп бағыт берген жөн. Жұмыстың орындалуы кезінде критерийлердің орындалуына назар аударып, қажет болған жағдайда кері байланыс беру маңызды, мысалы, дұрыс есептеген болса, ... математикадан алған білімін қолдана білді, гистограммада масштабты жақсы анықтапты деген сияқты. Бюректада дұрыс өлшем алса, мына дағдыны... жақсы меңгеріпті, кестенің атауын жазса ... критерийді орындады деген сияқты кері байланыстар беріледі.
- Саралау тапсырмалары
Кейбір оқушылар алынған нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстырып, қорытынды жасайды, басқа үлгілердегі С дәруменінің мөлшерін анықтайды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Қатерлердің қауіптілігін бағалау
Қатер көзі | қауіптілігі | Қауіптілікті азайту жолдары |
Йод ерітіндісі | Жоғары | Төгіп алмау, жалаңаш қолға жұқтырмау |
Тұз қышқылының ерітіндісі | Жоғары | Төгіп алмау, жалаңаш қолға жұқтырмау |
Шырындар | жоғары | Аллергиялық қауіпі бар болса қолданбау |
Қайшы | Орташа | Қолданғанда абай болу |
Бағалау критерийлері:
- Жұмыстың мақсатын құрады;
- Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;
- Көкөністер мен жемістердің құрамында С витаминінің болуын анықтайды;
- Деректерді дұрыс жинай алады;
- Деректерді өңдей алады;
- Нәтижені көрсете алады;
- Нәтижеге талдау жасай алады;
- Қорытынды жасайды.
- Сілтемелер мен ресурстар
С дәрумені туралы ақпараттар: - http://www.vitamini.ru/vitamin_21.html
Дәрумендердің тәуліктік дозасы: http://www.pharmamed.ru/library_148.htm
С дәрумені тағам құрамындағы мөлшеір: https://www.youtube.com/watch?v=CSblzhTpADE
С дәруменін анықтау титірлеу әдістемесі ұсынылған видео: https://www.youtube.com/watch?v=OkttDt55DfY
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?