Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

С дәрумені жайлы деректер:

С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.

С дәрумені  зиянды заттардың түзілуін тежейді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.

С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақтың құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

  • С дәруменінің ең көп мөлшері барбадосс шиесінің құрамында кездеседі. жидектің 100 граммында 1677,6 мг С дәрумені бар. 
  • Цитрусты жемістер арасында құрамындағы С дәруменінің мөлшері бойынша көш бастайтын - апельсин. Піскен жемістің 100 граммында С дәруменінің 60 мг мөлшері бар. Ал лимонда 40 мг, грейпфрутта 45 мг, мандаринде 38 мг мөлшерде кездеседі.
  • С дәрумені термиялық өңдеуге шыдамайды. Қайнату барысында С дәруменінің 50-60%-ы жоғалса, көкөністі пісіргенде 75-90%-ы жоғалады. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністерді пісіріп не бұқтырып емес, жаңа піскен (шикі) күйінде жеген дұрыс.
  • Суық тию, тұмаудың алдын алу үшін көп мөлшерде С дәруменін қабылдаудың еш әсері жоқ. Эпидемиология және халық денсаулығы ұлттық орталығындағы аустарлиялық ғалымдардың зерттеуі бойынша, көп мөлшердегі С дәрумені сауығуға әсер етпейді. Оған қоса, АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының дәйектері бойынша, біздің ағамыз бір күн ішінде С дәруменін 400 мг-нан артық мөлшерде сіңіре алмайды.
  • С дәрумені - арықтағысы келетін адамдар үшін пайдалы. Сонымен қатар, ол ісінуді басады. 
  • С дәрумені таблетка түрінде емес, жеміс-жидек, көкөністер арқылы организмге тез сіңеді. Оның табиғи заттардан тез сіңетіні дәлелденген. 
  • Көбіне С дәруменінің жетіспеуі ішек ауыруы кезінде орын алады. Себебі ол тағамнан ағзаға сіңбейді. Оған қоса шылым шегу мен мен кофені көп ішу организмнен С дәруменін шығарады.
  • С дәрумені ұзақ сақтала алмайды. Көкөністе бір тәуліктен кейін С дәруменінің 40-60%-ы ғана қалады. Ал алмада үй айдан кейін шамамен 85%, жарты жылдан кейін 75% мөлшері қалады.

Азық-түліктер

100 г өнімдегі С дәруменінің мөлшері, г

Азық-түліктер

100 г өнімдегі С дәруменінің мөлшері, г

Итмұрынның балғын жидектері

450-600 мг

Брокколи, брюссель орамжапырағы

80-95 мг

Қызыл тәтті бұрыш

180-250 мг

Құлпынай және басқа жидектер

50-60 мг

Шырғанақ пен қара қарақат

180-200 мг

Апельсин

50-60 мг

Жасыл бұрыш

130-150 мг

Лимон

40-45 мг

Шпинат, қатты қанық жасыл салат

100-120 мг

Мандарин

30-40 мг

Киви

70-90 мг

Ананас, қауын, алма

15-20 мг

2- қосымша

Оқушының аты-жөні _____________________________ Сынып _____ Күні___________

Зертханалық жұмыс: «Азық-түліктік заттар құрамынан С дәруменді анықтау»

Қажетті құрал-жабдықтар:

  • 1% крахмал сілемесі – 5мл
  • 1% йод ерітіндісі – 300мл
  • 2% тұз қышқылының ерітіндісі – 3мл
  • Кез келген дайын нектар – 6мл
  • Алма, лимон, балдыркөк – 100г
  • Эрленмейер колбасы немесе 50мл стақан – 4дана
  • Келі мен үккіш – 1дана
  • Таразы – 1дана
  • Құйғы-1дана
  • Сүзгі муслин торы 20см3– 1дана
  • Бюретка -1дана
  • Тамызғы -1дана
  • 10мл шприц – 4дана
  • Дистиллденген су – 100мл
  • Қайшы -1дана;
  • Шыны таяқша – 1дана.

Қатерлердің қауіптілігін бағалау

Қатер көзі

Қауіптілігі

Қауіптілікті азайту жолдары

Жұмыстың мақсаты: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нәтиженің болжамы:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Маңызды ақпарат

Ерітіндідегі С дәруменінің мөлшерін есептеу жолы:

Егерде 0,250г С дәрумені бар ерітіндінің көк түске айналуына 10 мл йод ерітіндісі жұмсалған болса, 6мл ерітіндідегі С дәруменінің мөлшерін анықтау үшін:

=

40,00 X = 6,00

X = 0,15 г C дәрумені бар деген сөз.

Бюреткадағы йод ерітіндісінің бастапқы және соңғы мөлшерін анықтау тәсілі:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұрақты көк түстің пайда болуы аскорбин қышылының болуын білдіреді.

Жұмыс барысы:

  • Алма шырынынан 6мл алып бір стақанға немесе колбаға құйыңыз.
  • Шырынға1мл крахмал сілемесін қосыңыз.
  • Стақандағы 6мл алма шырынына йод ерітіндісін шырын 20 секундтай жоғалмайтын көкшіл түске боялғанша тамшылата отырып құйыңыз.
  • Қалған йод ерітіндісінің көлемін өлшеңіз. Оны бастапқы көлемнен алып тастау арқылы көлемнің айырмасын табыңыз. Осы айырманы пайдаланып, 6мл алма шырынындағы С дәруменінің мөлшерін жоғарыдағы формуламен есептеңіз.
  • Екінші стақанға лимон шырынынан 6мл құйыңыз.
  • Жоғарыдағы 2-4 қадамдарды осы шырымен қайталап, 1-, 2- кестелерге нәтижені толтырыңыз.
  • Балдыркөктен 100 г өлшеп алып, келіге салыңыз.
  • Көкөніс үлгісіне 2% тұз қышқылынан 2 тамшы қосып, үккішпен ұнтақтап езіңіз.
  • Езіндіге 100мл дистилденген су қосып, сүзгі арқылы сүзіңіз.
  • Осы балдыркөк ерітіндісіндегі С дәруменінің мөлшерін анықтау үшін 6мл өлшеп, стақанға/колбаға құйыңыз.
  • Шырынға 1мл крахмал сілемесін қосыңыз.
  • Ерітіндіге йод ерітіндісінен тамшылата отырып, көк түс пайда болғанша құйыңыз.
  • Қалған йод ерітіндісінің көлемін өлшеңіз. Оны бастапқы көлемнен алып тастау арқылы көлемнің айырмасын табыңыз. Осы айырманы пайдаланып, 6мл балдыркөк шырынындағы С дәруменінің мөлшерін жоғарыдағы формуламен есептеңіз.
  • Нәтижені кестеге толтырыңыз.

Деректер жинау

1-кесте

Шырындар

Йод ерітіндісінің бастапқы мөлшері, мл

Йод ерітіндісінің соңғы мөлшері, мл

Айырмасы, мл

Алма шырыны

Лимон шырыны

Балдыркөк шырыны

Нектар

2-кесте

Шырындар

Йод ерітіндісінің мөлшері, мл

5мл ерітіндідегі С дәруменінің мөлшері, г

Бақылаудағы аскорбин қышқылының ерітіндісі

m0=0,15

Алма шырыны

m1=

Лимон шырыны

m2=

Балдыркөк шырыны

m3=

Нектар

m4=

2.Алынған нәтижені гистограмма түрінде көрсетіңіз.

3. Қандай шырындарда С дәрумені көп? Оны қалай дәлелдеуге болады?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыз.

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

  • Жұмыстың мақсатын құрады;
  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;
  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С витаминінің болуын анықтайды;
  • Деректерді дұрыс жинай алады;
  • Деректерді өңдей алады;
  • Нәтижені көрсете алады
  • Нәтижеге талдау жасай алады;
  • Қорытынды жасайды.

3-қосымша

1. Құрамында С дәрумені көп азық-түлік өнімдерінің тізімін құрыңыз.

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. С дәруменінің ағза үшін маңызын сипаттаңыз.

____________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу