Асқорыту жүйесі. Тістер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Ауыз қуысы. Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микроағзаларды залалсыздандырады.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; көмірсулардың ыдырауы; қоректің сапасы мен температурасын анықтау. Acқорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады.
Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді.
Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін және температурасын сезеді.Жұтылу. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады.
Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе кеңсірік, ауыз қуысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештің, ауыз жағы есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады.
Acқорыту жолы. Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Асқазан - көлемі 2-3 метр болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта (сілекейлі) қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен ақуыз қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде тұз қышқылы бар.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді.
Аш ішектің астары кедір-бұдырлы микробүрлермен қапталған. Астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Микробүрлер асты сіңіреді. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Сөлдердің бөлінуінің арқасында ақуыз, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Бауырдың қызметі:- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);- көмірсу, май және ақуыздың зат алмасуына қатысады; - өтті өндіреді (күніне 1,5 л).
Өттің қызметі:- майларды ұсақ тамшыларға бөлшектеу;- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Без екі типті жасушалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Сөлдердің арқасында ақуыздар аминқышқылдарға дейін ыдыратады, майларды глицеринге және май қышқылына, көмірсулар глюкозаға дейін ыдыратады.Тоқ ішектің құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің арқылы ағзаға қажетсіз заттар шығарылып отырылады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Рөлдік ойын кезінде әр оқушының қолындағы рет санына сәйкес сөйлеуін қадағалау маңызды.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақ «Ақиқат-жалған» сұрақтарының көмегімен оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіріп жаңа тақырыппен байланыстырудан басталады. Оқушылардың назарын асқорыту жүйесінің мүшелері олардың қызметтеріне аударту қажет. Бұл туралы олар алдыңғы тақырыпта қарастырған.
Сабақтың ортасында оқушыларға рөлдік ойын ойнау ұсынылады. Бұл үшін әр оқушыға берілетін ақпараттарды нөмірлеп, карточкалар жасап қойылады. Карточкадағы тапсырманы орындау үшін қосымша ресурстарға сілтемелерде беріледі. Олар РРТ, аудио- видеоматериалдар, ноутбуктер, плакаттар, сызба, суреттер. Оқушылар бар ақпаратты жинақтап дайындалады. Кейбір тақырыптарға екі немесе үш оқушыдан дайындалуы да мүмкін. Егерде сынып оқушыларының саны көп болса карточкалардың санын көбейтуге болады. Немесе оқушылардың карточка алмағандарына тақырыпқа қатысты сұрақтар дайындауды тапсыруға болады. Ол үшін оларға да тура сондай карточкалар таратылады. Тек рөлдік ойын кезінде олар түсіндірмейді, толықтырып, сұрақтар қояды.
Дайындықтан соң әр оқушы өзінің тақырыбын карточкадағы рет санға сай түсіндіреді. Оқушылар: мен асқазанмын ...деп бастап, ол мүше туралы толық ақпарат береді.
Сабақтың соңында бекіту тапсырмасы орындалады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың ауызша жауаптары, карточкалардағы тапсырмаларды орындаулары барысында тиісті кері байланыстар беріледі. Оқушылардың жіберген қателерін түзетуге көмектесетін жетелеуші сұрақтар қою қажет. Әрбір оқушылардың жұмысын мұқият тексеріп, кері байланыс беріп үлгеруге тырысу қажет. Әсіресе асқорыту мүшелерін ретімен орналастыру және олардың қызметтерін атап жазу тапсырмаларының дұрыс орындалуына назар аудару маңызды. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде мүшелердің қызметтерін, олармен байланыста жұмыстайтын бездердің түрлерін сұрау маңызды. Кейбір баяу жұмыстайтын оқушыларға қосымша көмек қажет болуы мүмкін.
- Саралау тапсырмалары
Тақырып мазмұнының ауқымдылығына байланысты қосымша тапсырмаларды орындауға уақыт болмауы мүмкін. Онда оқушыларға тапсырмаларды үй жұмысы ретінде беруге болады.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Бағалау критерийлері | Дескриптор | |||||||
тіс құрылысын сипаттайды. тіс күтімін біледі;
|
| |||||||
ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді; ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыр алады | Асқорыту мүшелерінің орналасуының дұрыс ретін біледі. | |||||||
Асқорыту мүшелерінің қызметімен байланысын орнатады. |
1-тапсырма.
1 | 2 | 3 | 4 | |
Тістің түрлері | күрек | сойдақ | Кіші азу | Үлкен азу |
Тістің саны | 8 | 4 | 8 | 12 |
2-тапсырма.
3-тапсырма.
4-тапсырма.
- Механикалық өңдеу жүретін мүше - 1
- Нәруыздың қорытылуы жүретін мүше - 4
- Майлардың ыдырауы жүреді - 7
- Қоректік заттар қаңға өтеді-7
- Жасұнық ыдырап, К, В дәрумендері түзіледі-8
- Ас асқазанға өтеді-3
- Сілтемелер мен ресурстар
Суреттердің қиындылары: https://image.slidesharecdn.com/digestivesystemlab2007-150107040815-conversion-gate01/95/digestive-system-lab20-29-638.jpg?cb=1429326849
Асқорыту жүйесі бойынша жалпы ақпараттар: http://www.ebio.ru/che08.html
Асқорыту жүйесінің моделі келесі үлгіде болуы мүмкін:
https://www.youtube.com/watch?v=UimIQ1eOs3U
https://www.youtube.com/watch?v=QFHZAKJ82FI
Ақпарат көзі. http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/229-biologia/3224-askoritu.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?