Асқорыту жүйесі. Тістер. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

1-карточка: Ticтің түрлері, қызметтері: сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.

Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Оның саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды

2-карточка: Тістің құрылысы:

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, дәнекер ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске қоректік заттарды жеткізсе, жүйкелер сезімталдық қасиет береді.

3-карточка:

Тіске зиянды әсер ететін факторлар:

  • ауыз қуысындағы ортаның тәттілігінің әсерінен бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасады.
  • Ауыз қуысында, тістердің арасында тамақ қалдықтарының қалып қоюы бактерияларды қорекпен қамтамасыз етеді.
  • Ауыз қуысындағы температураның күрт өзгеруі (ыстықтан кейін бірден суық ішу) тіс эмалінің шытынап сынуынан оған бактерияның өтуіне жол ашады.
  • Никотиннің әсерінен ауыз қуысының сезімталдығы нашарлап, адамның тәбеті жойылады.

4-карточка: Ауыз қуысы:

Ауыз қуысы. Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған.

Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; көмірсулардың ыдырауы; қоректің сапасы мен температурасын анықтау.

5 –карточка: Жұтқыншақ, өңеш

Жұтылу. Ac жентегі ауыздан жұтқыншақтан өтуін жұтылу деп атаймыз. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады.

Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі. Жұтқыншақтан ас өңешке өтіп асқазанға жетеді.

Өңештің қабырғасындағы бұлшық еттер кезекпен жиырылып, астың оқтын-оқтын аз-аздан асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.

6–карточка: Асқазан

Асқазан – қарын мен қарын сөлін бөлетін бездерден тұрады. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен ақуыз қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде бактерияларды жоятын тұз қышқылы бар.

7–карточка: Ұлтабар

Аш ішектің бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан аш ішекке өтеді. Сөлдердің бөлінуінің арқасында ақуыз, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.

8–карточка: Аш ішек

Қоректік заттар аш ішектің келесі бөлімі ащы ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қанға сіңеді. Аш ішектің соңғы бөлімінің астары кедір-бұдырлы микробүрлермен қапталған. Астында қылтамырлар орналасады. Микробүрлер асты сіңіреді.

9–карточка: Тоқ және тік ішек

Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың құрамындағы жасұнықтың қорытылуына жәрдемдеседі. Мұнда К дәрумені мен В тобының дәрумендері түзіледі. Тік ішектің арқылы қорытылмаған заттар шығарылып отырылады.

10–карточка:

Сілекей бездері- ауыз қуысында үш жұп сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Тамақпен бірге ауызға түскен микроағзаларды залалсыздандырады.

11–карточка: Бауыр

Бауыр - денедегі ең ірі без. Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Бауырдың қызметі:- улы заттарды залалсыздандырады;- көмірсу, май және ақуыздың зат алмасуына қатысады; - өтті бөледі.Өттің қызметі:- майларды ұсақ тамшыларға бөлшектеу;12–карточка: Ұйқы безі

Ұйқы безі - ішекке панкреатин сөлін бөледі. Сөлдердің арқасында ақуыздар аминқышқылдарға дейін ыдырайды, майларды глицеринге және май қышқылына, көмірсулар глюкозаға дейін ыдыратады.

13–карточка: Басқадай асқорыту сөлдері

Қарын, ішек бездері – безді эпителийден тұратын ұсақ бездер асқазан мен ішектердің қабырғаларында орналасқан. Олар астың қорытылып жылжуына қатысатын қарын, ішек сөлдерін бөледі.

2- қосымша

1-тапсырма.A деңгейі. Суреттен тістің түрлерін анықтап кестеге толтырыңыз.

1

2

3

4

Тістің түрлері

Тістің саны

2-тапсырма.В деңгейі.Тістің құрылысын суреттен белгілеңіз.

3-тапсырма. C деңгейі. Сызбаны толтырыңыз.

4-тапсырма.

Адамның асқорыту мүшелерінің мүшелердің қызметтерінің тұсына сызбадағы мүшенің рет санын жазу арқылы жауап беріңіз.

  • Механикалық өңдеу жүретін мүше -
  • Нәруыздың қорытылуы жүретін мүше -
  • Майлардың ыдырауы жүреді -
  • Қоректік заттар қаңға өтеді-
  • Жасұнық ыдырап, К, В дәрумендері түзіледі-
  • Ас асқазанға өтеді-

Бағалау критерийлері

Дескриптор

тіс құрылысын сипаттайды.

тіс күтімін біледі;

Күрек тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Сойдақ тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Кіші азу тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Үлкен азу тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Суреттен І, ІІ, ІІІ және 1-7 құрылымдарды атайды

Тіс түрлерінің қызметін сипаттайды

Тістің түбір құрылысына қарай тістерді ажыратады

ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді;

ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыр алады

Асқорыту мүшелерінің орналасуының дұрыс ретін біледі.

Асқорыту мүшелерінің қызметімен байланысын орнатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу