Асқорыту жүйесі. Тістер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Ас қорыту жолдары мен қызметі
Ауыз қуысы. Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтарды залалсыздандырады.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; көмірсулардың ыдырауы; қоректің сапасы мен температурасын анықтау. Acқорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады.
Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді.Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Адамның сілекейі үнемі бөлінеді, оның мөлшері тәулігіне 1 литрге дейін жетеді. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді.
Тіл - бұлшық етті мүше, сырты сілекейлі қабықшамен қапталған. Тілде көптеген қабылдағыштар орналасқан, солардың арқасында астың дәмін, механикалық қасиеттерін және температурасын сезеді.
Жұтыну. Ac жентегі ауыздан жұтқыншаққа, одан тік орналасқан жіңішке түтікше өңешке жетеді. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады.
Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі, ұзындығы 5 см. Ол 3 бөлімнен тұрады: мұрын немесе кеңсірік, ауыз куысы және жұтқыншақ. Бұған ас қорыту жолы, жұтқыншақ және есту (евстахиев) түтікшесі ортаңғы құлақ жарғақшасына жеке ашылады. Өңештін, ауыз жағы есінеу арқылы ауыз қуысына ашылады. Жұтқыншақ бөлігінен жұтқыншаққа және ас қорыту жолында ас қорыту мен тыныс алу жолдары айқасады.
Ac қорыту жолы. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Асқазан - көлемі 2-3 л болатын қап тәрізді ұлғайған ас қорыту мүшесі. Қарынның (асқазан) пішіні мен мөлшері тұрақты емес. Қарынның қабырғасы үш қабаттан (сілемейлі, бұлшықетті және сероздық қабықшадан) тұрады. Ішкі қабатта қарын сөлі бөлетін көп мөлшердегі бездер бар. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен ақуыз қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде тұз қышқылы бар.
Аш ішектің құрылысы және астың қорытылуы. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан оқтын-оқтын ас қорыту жолының келесі бөлігі - ішекке өтеді. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді. Аш ішектің астары кедір-бұдырлы микробүрлермен қапталған. Астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Микробүрлер асты сіңіреді. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Сөлдердің бөлінуінің арқасында ақуыз, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады.
Бауырдың қызметі:- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);- көмірсу, май және ақуыздың зат алмасуына қатысады; - өтті өндіреді (күніне 1,5 л).
Өттің қызметі:- майларды ұсақ тамшыларға бөлшектеу;- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Без екі типті жасушалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Сөлдердің арқасында ақуыздар аминқышқылдарға дейін ыдыратады, майларды глицеринге және май қышқылына, көмірсулар глюкозаға дейін ыдыратады.Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Қорытылмаған ас қалдықтары ілгері жылжып, организмнен оңай шығарылады. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың қорытылуына жәрдемдеседі, бактериялардың қатысуымен кейбір витаминдер түзіледі. Бір мезгілде К витамині және В тобы синтезі іске асады. Тік ішектің арқылы ағзаға қажетсіз заттар шығарылып отырылады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Аялдамаларды аралау кезінде тәртіп сақтап, міндетті түрде топпен қозғалу ескертіледі. Оқушыларға тапсырманы орындаған кезде топтан қалып қоймай, топпен біркелкі қозғалуды тапсыру маңызды. Бір аялдамада әр топ 2-3 минут болуын қадағалаған жөн.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақ «Неліктен асты қорыту қажет?» сұрағын талқылаудан басталады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар асқорыту жүйесінің маңызын түсінеді.
Сабақтың ортасында оқушыларға 27 минуттық іс-әрекет ұсынылады. Бұл әрекет оқушылардың өздігінен білім алу үшін топтарда жұмыстауына бағытталған. Әрбір аялдамаға мүмкіндігінше ноутбуктерге таныстырылымды, қажетті сілтемелерді алдын ала жүктеп, ашып қою, сабақ барысында уақытты жоғалтпауға көмектеседі. Әр аялдамаға 1- қосымшадағы ақпарат парақшалырын қиып жеке-жеке орналастырып қою қажет. 4-аялдамадағы адамның асқорыту жүйесінің мүшелерін де жеке-жеке қиып оқушыларға оны жинақтап үлгілеуіне сай етіп дайындап қою қажет. Оқушылар сыныпта оқушы санына қарай топтарға бөлінеді. Оқушыларға жұмысты бастамас бұрын 3-слайдтағы ережені таныстыру қажет. Аялдамаларды сағат тілі бойынша айналуды тапсыру маңызды. Жұмыс барысында топтардың бөлініп кетуін болдырмау қажет. Жұмысын ерте орындап қойған оқушыларға қосымша ақпаратпен танысу немесе тақырыпты толықтыру мақсатында қосымша ақпараттар іздеуді тапсыруға болады.
Оқушылардың аялдамадан аялдамаға дұрыс ауысын қадағалап, уақытты ескертіп отыру маңызды. Әр аялдамада оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды толығымен орындауын қадағалау қажет.
Сабақтың соңында бекіту тапсырмасы орындалады.
Құндылықтарды дарыту: Сабақ барысында оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттер жасау кезінде құндылықтарға сілтемелер жасалады. Мысалы, аялдамаларды аралап жүрген кезде сіздер өз білім алуларыңызға жауапкершілік танытып, өз іс-әрекеттеріңізді ұйымдастыруды үйренесіздер, бірлесіп жұмыстауға, коммуникативтік дағдыларыңыз дамиды, бұл біздің құндылықтарымыз т.б
Пәнаралық байланысты орнату:
Сіңірілу процессі қандай механизм арқылы жүруі мүмкін, бұл құбылыс қалай аталады (диффузия), астың қорытылуы кезінде энергия жұмсала ма, бұл қандай реакциялар деп химия, физика пәндерімен және аш ішекте сіңірілетін заттар мономер ме әлде полимер ме деп молекулалық биология тарауымен байланыстырылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың ауызша жауаптары, аялдамалардағы тапсырмаларды орындаулары барысында тиісті кері байланыстар беріледі. Оқушылардың жіберген қателерін түзетуге көмектесетін жетелеуші сұрақтар қою қажет. Әрбір аялдамадағы оқушылардың жұмысын мұқият тексеріп, кері байланыс беріп үлгеруге тырысу қажет. Әсіресе асқорыту мүшелерін ретімен орналастыру және олардың қызметтерін атап жазу тапсырмаларының дұрыс орындалуына назар аудару маңызды. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде мүшелердің қызметтерін, олармен байланыста жұмыстайтын бездердің түрлерін сұрау маңызды. Кейбір баяу жұмыстайтын оқушыларға қосымша көмек қажет болуы мүмкін.
- Саралау тапсырмалары
Тақырып мазмұнының ауқымдылығына байланысты қосымша тапсырмаларды орындауға уақыт болмауы мүмкін. Онда оқушыларға тапсырмаларды үй жұмысы ретінде беруге болады.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
Бағалау критерийлері | Дескриптор | |||||||
тіс құрылысын сипаттайды. тіс күтімін біледі;
|
| |||||||
ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді; ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыр алады | Асқорыту мүшелерінің орналасуының дұрыс ретін біледі. | |||||||
Асқорыту мүшелерінің қызметімен байланысын орнатады. |
1-тапсырма.
2-тапсырма.
№ | Тістің типі | Тістің қызметі | Саны | ||||||
|
| тағамды жұлып алып жейді |
| ||||||
3 | Кіші азу | Тағамды ұсақтап шайнау | 8 | ||||||
4 | Үлкен азу | 12 |
3-тапсырма.
(c) аш ішекте жүретін процесс –қоректік заттардың қаңға сіңірілуі.
(d) майдың ыдырайтын орны-Ұлтабар-аш ішектің бірінші бөлігі
4-тапсырма. 1-С, 2-F, 3-Е, 4-А, 5-І, 6-В, 7-H, 8-G, 9-D.
- Сілтемелер мен ресурстар
Асқорыту жүйесі бойынша жалпы ақпараттар: http://www.ebio.ru/che08.html
Асқорыту жүйесінің моделі келесі үлгіде болуы мүмкін:
https://www.youtube.com/watch?v=UimIQ1eOs3U
https://www.youtube.com/watch?v=QFHZAKJ82FI
Ақпарат көзі. http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/229-biologia/3224-askoritu.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?