Асқорыту жүйесі. Тістер. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Аялдамаларға қойылатын ақпарат парақшалары

1-аялдама:

Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.

Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Оның саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды

2-аялдама:

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, дәнекер ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске қоректік заттарды жеткізсе, жүйкелер сезімталдық қасиет береді.3-аялдама:

Тіске зиянды әсер ететін факторлар:

  • ауыз қуысындағы орта тәттілігінің әсерінен бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасады.
  • Ауыз қуысында, тістердің арасында тамақ қалдықтарының қалып қоюы бактерияларды қорекпен қамтамасыз етеді.
  • Ауыз қуысындағы температураның күрт өзгеруі (ыстықтан кейін бірден суық ішу) тіс эмалінің шытынап сынуынан оған бактерияның өтуіне жол ашады.
  • Никотиннің әсерінен ауыз қуысының сезімталдығы нашарлап, адамның тәбеті жойылады.

4-аялдама: Асқорыту мүшелерінің қималары:

5-аялдама:

Ас қорыту жолдары мен қызметі

Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады.

Ауыз қуысы. Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған.

Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; көмірсулардың ыдырауы; қоректің сапасы мен температурасын анықтау.

Жұтылу. Ac жентегі ауыздан жұтқыншақтан өтуін жұтылу деп атаймыз. Жұтынған кезде көмейді кіре беріс бөбешік жауып қалады.

Өңеш - ішектің алдыңғы бөлігі. Жұтқыншақтан ас өңешке өтіп асқазанға жетеді.

Асқазан – қарын мен қарын сөлін бөлетін бездерден тұрады. Адам күніне 1,5-2л қарын сөлін бөледі. Қарында ас 3-10 сағат аралығында қарын сөлінің әсерінен қорытылады. Онда ең алдымен ақуыз қорытылып, ыдырауға түседі. Қарын сөлінде бактерияларды жоятын тұз қышқылы бар.

Аш ішекте астың қорытылуы. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Қоймалжың ас ботқасы қарыннан аш ішекке өтеді. Сөлдердің бөлінуінің арқасында ақуыз, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды. Қоректік заттар аш ішекте одан әрі едәуір жай заттарға ыдырап, қанға сіңеді. Аш ішектің астары кедір-бұдырлы микробүрлермен қапталған. Астында қылтамырлар орналасады. Микробүрлер асты сіңіреді.

Тоқ ішектін құрылысы және астын қорытылуы. Қорытылмай қалған ас қалдықтары тоқ ішектен 12 сағатта жүріп өтеді. Осы уақытта ондағы судың көбі қанға сіңеді. Тоқ ішекте бактериялар көп болады. Олар астың құрамындағы жасұнықтың қорытылуына жәрдемдеседі. Мұнда К дәрумені мен В тобының дәрумендері түзіледі.

Тік ішектің арқылы қорытылмаған заттар шығарылып отырылады.

6-аялдама. Асқорытуға қатысатын бездер:

Сілекей бездері- ауыз қуысында үш жұп сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді. Тамақпен бірге ауызға түскен микробтарды залалсыздандырады.

Бауыр - денедегі ең ірі без. Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады.

Бауырдың қызметі:- улы заттарды залалсыздандырады;- көмірсу, май және ақуыздың зат алмасуына қатысады; - өтті бөледі.

Өттің қызметі:- майларды ұсақ тамшыларға бөлшектеу;Ұйқы безі - ішекке панкреатин сөлін бөледі. Сөлдердің арқасында ақуыздар аминқышқылдарға дейін ыдырайды, майларды глицеринге және май қышқылына, көмірсулар глюкозаға дейін ыдыратады.

Қарын, ішек бездері – безді эпителийден тұратын ұсақ бездер асқазан мен ішектердің қабырғаларында орналасқан. Олар астың қорытылып жылжуына қатысатын қарын, ішек сөлдерін бөледі.

2-қосымша

1-аялдама:

Тапсырмалар:

  • Ұсынылған жақ сүйектің үлгісінде тістің түрлерін ажыратып топтастырыңыз.
  • Тістердің қысқаша сипаттамаларын жазыңыз

  • Әр тістің түбір санын жазыңыз

Бір түбірлі.....................................................................

Екі түбірлі................................................................................

Үш түбірлі..............................................................................

  • Әр түрдегі тістердің санын жазыңыз

Күрек тіс.................ит тіс.........................

кіші азу тіс.................................................үлкен азу тіс.......................................

  • Тістердің атқаратын қызметтерін жазыңыз

Тістеп, үзіп жұлып алу.............................................................................................................

Шайнап, ұсақтау .................................................................................................................

2-аялдама: Тістің құрылысының сызбасын салыңыз.

3-аялдама:

Тіске зиянды әсер ететін факторларды атап жазыңыз.

  • ...............................................................................................................................................
  • ...............................................................................................................................................
  • ...............................................................................................................................................
  • ..................................................................................................................................................

4-аялдама:

  • Адамның асқорыту жүйесінің суреттерін ретімен орналастырыңыз.
  • Асқорыту мүшелерін ретімен жазып алыңыз.

5-аялдама:

  • «Ас қалай қорытылады» видеоматериалы немесе ақпарат парақшасындағы ақпаратпен танысыңыз.
  • Асқорыту жүйесінің әрбір мүшесінде жүретін процесстерді жазып алыңыз.

6-аялдама

Асқорытуға қатысатын бездердің қызметтерін жазыңыз.

Сілекей бездері-

Бауыр-

Ұйқы безі-

Қарын, ішек бездері -

3- қосымша

Тапсырма 1. Тістің құрылсын атап жазыңыз.

2- тапсырма. Суретте тістің әр түрлі типтері көрсетілген.

Кестені толтырыңыз

Тістің типі

Қызметі

Саны

1

2

3

4

3- тапсырма.

Суретте адамның асқорыту жүйесі бейнеленген.

Сурет 3.1

3.1 cуретте көрсетіп белгілеңіз.

(а) асқорыту жүйесінің қарын сөлін бөлетін мүшесі

(b) жұтқыншақ пен қарынды байланыстыратын асқорыту мүшесі

(c) аш ішекте жүретін процесс

_______________________________________________________________________

(d) майдың ыдырайтын орны

_______________________________________________________________________

Асқорыту мүшелеріне олардың қызметтерін сәйкестендіріңіз.

Асқорыту жүйесінің мүшелері

Жауап

Қызметі

1.Ауыз қуысы

  • Нәруыздың қорытылуы

2. Жұтқыншақ

  • Астың химиялық қорытылуы үшін сөл бөледі

3.Өңеш

  • Астың механикалық өңделуі

4.Асқазан

  • Қорытылмаған астың қалдығын шығару

5.Бауыр

  • Асты асқазанға өткізу

6.Ұйқы безі

  • Ұсақталған асты жұту және жылжыту

7.Аш ішек

  • Суды сіңіру

8.Тоқ ішек

  • Қоректік заттарды бүрлері арқылы сіңіріп, қанға өткізу

9.Тік ішек

  • Майларды эмульсиялау үшін өт бөлу

Бағалау критерийлері

Дескриптор

тіс құрылысын сипаттайды.

тіс күтімін біледі;

Күрек тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Сойдақ тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Кіші азу тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Үлкен азу тістерді суреттен анықтап, санын көрсетеді

Суреттен І, ІІ, ІІІ және 1-7 құрылымдарды атайды

Тіс түрлерінің қызметін сипаттайды

Тістің түбір құрылысына қарай тістерді ажыратады

ас қорыту жүйесі мүшелерін дұрыс ретімен көрсетеді;

ас қорыту мүшелері мен қызметінің байланыстыр алады

Асқорыту мүшелерінің орналасуының дұрыс ретін біледі.

Асқорыту мүшелерінің қызметімен байланысын орнатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу