Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Ас қорыту жүйесі - адам мен жануарлар ағзаларындағы асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және қорытылмаған қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады.
Шұбалшаңның асқорыту жүйесі. Шұбалшаң шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Асқорыту мүшесі-бүкіл денесін бойлай созылған көлемді ішек. Ішектің алдыңғы бөлігі- ауыз қуысы, ол жұтқыншақпен жалғасып, қорек жұтқыншақтан жіңішке өңешке өтеді, одан жемсауға түседі де, бұлшықетті қарынға барып, қорытылмаған қорек ең ұзын ішек бөлігімен аналь тесігі немесе артқы тесік арқылы сыртқа шығарады. Ас жемсауда жұмсарады, қарында араласады, ішекте қорытылады.
Шұбалшаңның асқорыту жүйесі: 1-ауыз қуысы, 2-жұтқыншақ, 3-өңеш, 4-жемсау, 5-қарын, 6-ортаңғы ішек,7-ішек, 8-аналь тесігі.
Омыртқалылардың асқорыту жүйесі. Сиыр.
Өсімдіктекті ас құрамында жасунық (клетчатка) болғаннан кейін, ол ұзақ өңделіп, қорытылу керек. Сондықтан, өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек ауыз қуысынан жұтылып, өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.
Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.
Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.
Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.
Адамның асқорыту жүйесі. Ауыз қуысы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.
Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.
Өңеш. Ауыз қуысында ұсақталып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мұнда ас қорытылмайды.
Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді.
Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік нәруыздарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
Ішектегі ас қорыту. 12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Мұнда екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Өттің, ұйқы безі мен ішек бездерінің сөлдерінің әсерінен нәруыз, май, көмірсулар ағзаға сіңетіндей түрге ыдырайды.
Аш ішектегі ас қорыту. Аш ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителийінің микробүрлері болады. Олардың саны өте көп — 1 мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді.
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су сіңіріледі де, қалған қорытылмаған бөлігі тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Сабақтың ортасында ақпарат жинау бөлімін бастарда аялдамаларды аралап жүру кезінде қауіпсіздікті, тәртіпті сақтауды ескерту қажет.
Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болуды алдын ала ескертіп, қадағалаған жөн.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақ миға шабуыл сұрағынан басталады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар астың түріне қарай асқорыту жүйесі де әртүрлі болады дегенді түсінеді. Ол үшін алдымен асқорыту жүйесінің мүшелерін атайды. Содан кейін неліктен осындай әртүрлі мүшелер болатынына тоқталады. Асты қорытуға қатысатын мүшелер қорек түріне қарай бейімделген. Мысалы, сиырдың қорегінің 85-95 пайызы тек жасұнықтан тұратындықтан, оның ыдырауы тек біршама уақыт алатын бактериялық ашудың көмегімен жүретіндіктен, сиырдың қарны 4 бөліктен тұрады. Олардың әрқайсысының қызметі әртүрлі.
Оқушыларды барлық ресурс түрлерімен қамтамасыз етіп, асқорыту жүйелерінің түрлерін өздігінен зерттеу тапсырмасы ұсынылады. Ол үшін оқушыларды шағын топтарға (3-4 адамнан тұратын) бөлген жөн. Әр оқушының өзіне қажетті ақпаратты жазып алуын қадағалаған жөн. Оларға алдын ала ақпараттың қолдарына берілмейтінін ескерту керек. Оқушылар зерттеуден кейін джигсо әдісі бойынша жаңа топтар құрып, алған ақпараттарымен бөліседі. Мұғалім бұл кезде топтарды аралап жүріп қажетті сұрақтар қойылып, тиісті кері байланыстар ұсынылады.
Жинаған ақпараттарын қолдана отырып, оқушылар үлгілеу арқылы өздерінің тақырып мазмұнын түсінгенін көрсетеді. Ол үшін алдымен оқушылар өздері жасайтын үлгіге қажетті материалдарды таңдайды. Түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, ермексаз ұсынылады. Оқушы саны көп болса бұл жұмысты топтарда орындатуға болады. Оқушылар бұл тапсырманы орындап жатқан кезде аралап жүріп, сұрақтар қойып кері байланыс беру қажет. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар өздері жасаған үлгінің көмегімен асқорыту жүйелерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Сабақтың соңында оқушыларға әртүрлі үлгідегі тапсырмалар ұсынылады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында оқушылардың тиімді қолданған терминдері, орынды салыстыруларына кері байланыс беріледі. Кейбір оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы дұрыс жауапқа жетуіне көмек көрсетіледі. Оқушылардың аялдамалардағы жұмысы кезінде әртүрлі сұрақтар қою, олардың сұрақтарына жауап беру сияқты кері байланыстар беріледі. Оқушылардың үлгілеу жұмыстарын орындауы кезінде өз жауаптарын дәлелдеулерін тексеріп кері байланыс беруге болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетіледі, дайын сызбалар, ақпараттар ұсынылады.
Сабақ соңындағы тапсырмаларды дескрипторлардың көмегімен өздері немесе өзара бағалай алады.
- Саралау тапсырмалары
2-қосымшада ұсынылды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма:
Ағзалар | Ауыз қуысы | Жұтқыншақ | Жемсау | Өңеш | қарын | жалбыршақ | қатпаршақ | жұмыршақ | Ортаңгы ішек | Артқы ішек | Аш ішек | Тоқ ішек | Тік ішек/ Аналь тесігі |
Жауынқұрты | + | + | + | + | + | - | - | - | + | + | - | - | + |
Сиыр | + | + | - | + | + | + | + | + | - | - | + | + | + |
Адам | + | + | - | + | + | - | - | - | - | - | + | + | + |
2- тапсырма: B, D,H.
3-тапсырма:
Сиырда:
- тазқарын - сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашиды
- жұмыршақ- жиырылып, қоректі өңешке айдайды
- жалбыршақ қарын- қоректің қорытылуы
- ұлтабар – қорек қорытылады
Адамда:
Өңеш. толқығыш бұлшық еттердің көмегімен астың қарынға өтуі
Асқазан. Астың қорытылуы
Аш ішек –астың сіңірілуі (қанға қоректік заттың өтуі)
Тоқ ішек. Абсорбциялану (су, минералды тұздар) қанға сіңіріледі
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | ||
|
| ||
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Сиырдың асқорыту жүйесінің жұмыс:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?