Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1D Қоректену | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. (жаңа тақырыпты меңгерту) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Асқорыту мүшелерін атайды, олардың жануарлар ағзасында және адам ағзасындағы орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және ас қорыту жүйесін көрсететін сызбаны дұрыс құрастырады туралы ауызша сипаттап түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Тазқарын, қарын, жемсау, ұлтабар, жұмыршақ, қатпаршақ, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, жұтқыншақ, өңеш. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Жауын құрты асқорыту жүйесінің ерекшелігі ....... болып табылады. Күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесіндегі ......, ал адамда ........ болады. Адамның асқазанынан кейін ас ........., ал жануарда қатпаршақтан кейін ....... түседі. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Асқорыту мүшелерінде жүрілетін процесстер арқылы химия пәнімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері- 6 сынып, қоректену типтері, органикалық заттар -7 сынып. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-5 мин | Оқушыларға «Ағзалар асты не үшін қорытады?» сұрағын талқылау ұсынылады. Бұл сұрақ арқылы оқушылар астың ағзаға сіңірілу үшін қорытылатынын түсінеді. Оқушылар астың ағзаға сіңетіндей түрге өзгеруі асқорыту жұмысының нәтижесі деген қорытындыға келеді. Оқушылар астың түріне байланысты асқорыту жүйелері де әртүрлі деген қорытынды шығару үшін, астың қорытылуы әр ағзада бірдей ме деп сұрау дұрыс. Жауапты қорек түріне байланысты асқорыту жүйелерінің құрылысы да әртүрлі деген қорытындыға қарай бағыттаған жөн. Осы талқылаудан шығарылған қорытынды бойынша «сонымен бүгін не туралы өтеміз?» сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Асқорыту жүйесі туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 – 2 слайд
| |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
4-10 мин | Оқушылар топтарға бөлініп, әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйелерін зерттейді. Ол үшін оқушыларға РРТ, ақпарат парақшалары сияқты әртүрлі ресурстар ұсынылады. Кейбір оқушыларға мүмкіндік болған жағдайда асқорыту жүйесі мүшелерінің жұмысы туралы видеоматериалдар ұсынуға болады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар асқорыту жүйелерінің түрлерімен танысып, ақпарат жинақтайды. Әр топқа ұсынылған асқорыту жүйелері типтерін сипаттау үшін қажетті критерийлер ұсынылады. Олар: - асқорыту жүйесінде орналасқан мүшелерді атау; -әр мүшеде жүрілетін процессті атау; - мүшенің құрылыс ерекшеліктерін жануардың қорек түрімен байланысын түсіндіру. 1-топ. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі 2-топ. Сиырдың асқорыту жүйесі 3-топ. Адамның асқорыту жүйесі | 1 - қосымша 3-6 слайдтар | |||||
10-15мин | Жинақтаған ақпараттарымен бөлісу үшін, 3 топ оқушылары орындарымен алмасып, басқа топтармен араласып отырып, жаңа топтар құрады. (ДЖИГСО әдісі). Оқушылар өздерінің танысқан асқорыту жүйесінің түрін топта сипаттайды. | ||||||
16-24 мин | Оқушылар асқорыту жүйелерін салыстыру үшін 3түрлі ағзаның асқорыту жүйелерін үлгілейді. Қиындық туындаған оқушыларға үлгі жасау үшін саралау мақсатында дайын суреттер қолдануға беріледі. | 7 слайд | |||||
25-33 мин | Әрбір жаңа топ оқушылары үлгіде асқорыту жүйелерінің ерекшеліктерін түсіндіреді. | ||||||
34-38 мин | Оқушыларға алған білімді бекіту үшін кесте толтыру тапсырмасы ұсынылады. | 2- қосымша | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
39-40 мин | Кері байланыс Мен ...білдім Мен ...үйрендім Мен тағыда ...қарастырамын. | 9 слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір оқушыларға 3 түрлі асқорыту жүйесін кестеге толтырыа отырып салыстыру. Кейбір көмекті қажет ететін оқушылар үлгілеу кезінде дайын сызбаларды пайдаланады. Мүмкіндік болса кейбір оқушылар ақпарат парақшаларын қолданса, басқалары видеоматериалдармен жұмыс жасайды. Қосымша тапсырмаларды орындай алады. | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы, кесте арқылы салыстыра білуі, ауызша жауаптары мен сұрақтар қоюы арқылы бағаланады. | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу. Үлгілеу кезінде оқушылар белсенді қозғалыста болады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?