Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Асқорыту жүйесіндегі ерекшеліктер жануарлардың немен қоректенетініне және құрлықта бір жерден екінші жерге қалай орын ауыстыратынына байланысты. Мысалы, өсімдікқоректі жануарлардың асқорыту жүйесі күрделірек. Ішегінің ұзындығы дене тұрқынан 20 есе ұзын болады. Ал етпен қоректенетін жыртқыштардың (қасқыр, түлкі және т. б.) асқорыту жүйесінің жалпы көлемі шағын, ішегінің ұзындығы өзінің дене тұрқынан 4-5 есе ғана ұзын болады.

Астың қорытылуы — астың механикалық және химиялық өңделуі (ауыз-асқазан-ішек)

Омыртқасыздардың ас қорыту жүйесінің құрылысы шұбалшаң мысалында:

Ауыз-жұтқыншақ –өңеш—жемсау-қарын-ішек- аналь тесігіАс жемсауда жұмсарады, қарында араласады, ішекте қорытылады

Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді. Себебі олардың қорегінің көп бөлігі целлюлоза сияқты жасұнық талшықтарынан тұратындықтан, оны қорыту микробтардың көмегімен ғана жүзеге асырылады.

  • Ауыз – шөпті қармалап, шайнау
  • жұтқыншақ – жұтылу
  • өңеш – өткізеді
  • тазқарын - сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашиды
  • жұмыршақ- жиырылып, қоректі өңешке айдайды
  • өңеш- қоректі ауызға өткізеді
  • ауыз – ұнтақталып, әбден шайналады
  • жұтқыншақ – қайтадан өңешке өткізеді
  • өңеш – қоректі қатпаршақ немесе жалбыршақ қарынға өткізеді
  • жалбыршақ қарын- қоректің қорытылуы
  • ұлтабар – қорек қорытылады
  • аш ішек – қоректің сіңірілуі (қанға өтеді)
  • бүйен – қалдық заттар, су мен минералды тұздардың жинақталуы (аш ішекпен тоқ ішектің түйіскен жері)
  • тоқ ішек – су мен минералды заттардың сіңірілуі – абсорбция (қанға өтеді)
  • тік ішек – қажетсіз қалдықтардың бөлінуі

Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы

Ауыз қуысы = тіл, тістің көмегімен шайналып, өңделуі

Жұтқыншақ – астың жұтылуы

Өңеш. толқығыш бұлшық еттердің көмегімен астың қарынға өтуі

Асқазан. Астың қорытылуы

Ұлтабар - Астың қорытылуы (аш ішектің бастапқы бөлігі)

Аш ішек –астың сіңірілуі (қанға қоректік заттың өтуі)

Тоқ ішек. Абсорбциялану (су, минералды тұздар), одан қанға сіңіріледі

Тік ішек. Қалдық заттар сыртқа шығарылады.

2- қосымша

1. Адам мен сиырдың асқорыту жүйелерінің бірдей бөліктерін көк түспен, әртүрлі бөліктерін сары түспен бояңыз.

2. Берілген асқорыту жүйелердің ішінен құрамында жасұнықтың мөлшері аз қорекпен қоректенетін жануарларға тән жүйелерді таңдаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

3. Тізімдегі жануарлардан күйіс қайыратын түрлердің рет санын қоршауға алыңыз.

  • Қой
  • Қоян
  • Түлкі
  • Қасқыр
  • Жылқы
  • Тауық
  • Шимпанзе
  • Бұғы
  • Тиін
  • Арыстан

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  •  Омыртқасыздар (жауын құрт), күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады.
  •  Жауын құрты, сиыр мен адамның асқорыту жүйелерінің әртүрлі болуының себептерін қорек түрімен байланыстыра түсіндіре алады.

Жауынқұрты, сиыр, адамның асқорыту жүйелері дұрыс сипатталған

Жауынқұрты, сиыр және адамның асқорыту жүйелеріндегі айырмашылықтарды көрсеткен

Аталған жануарлардың асқорыту жүйелері құрлысының әртүрлі болуының себептері түсіндірілген



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу