Буынаяқтылар және хордалылар типтері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Буынаяқтылар типі |
↓ ↓ ↓
Шаянтәрізділер класы | Өрмекшітәрізділер класы | Бунақденелілер класы |
↓ ↓ ↓
Өзен шаяны Асшаян Таңқышаян Циклоп Дафния | Айқышты өрмекші Бүйі Қарақұрт Мизан Құршаян Кене | Тарақан Көбелек Маса Шегіртке Инелік Қоңыз, т.б. |
Балықтар
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.
Шеміршекті балықтарға тән белгілер: шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акулалардың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар су түбінде мекендейді.
Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен түзілген. Бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы – тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.
Сүйекті балықтардың терісі жалпақ, ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті қақпақпен жабылған. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды.
Қосмекенділер – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Жалпы сипаттамасы және құрылыс ерекшеліктері. Денесі бас, тұлға және бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлерінің құйрығы болады.
Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болады. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды.
Жорғалаушыларға жалпы сипаттама. Денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған.
Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтар мен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады.
Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болған.
Жорғалаушылардың сезім мүшелері – көз, құлақ және танау. Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір, көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады.
Құстар класына жалпы сипаттама. Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз. Тек қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады. Терінің қосалқы бөлімдеріне қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар жатады. Қазіргі құстардың жақ сүйектерінде тістері болмайды.
Құстардың көзі үлкен, өте жақсы көреді. Көздің айналасында қабағы бар. Күндізгі жыртқыш құстар мен түнде белсенді тіршілік ететін үкі, жапалақ, т.б. құстардың көзі өткір, заттың түсін де ажыратады. Есту мүшесі де жақсы жетілген. Құстардың жамбасқа жақын орналасқан екі бүйрегі жақсы жетілген. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда қуық болмайды. Бүйректе түзілген зәр қышқылы екі несепағар түтігімен – клоакаға, одан нәжіспен бірге сыртқа тез шығарылады.
Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.
Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар – терінің қосалқы бөлімдері.
Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуімен алдыңғы аяқтарынан және жамбас белдеуі артқы аяқтарынан тұрады.
Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Сүтқоректілер – дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі –жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушылар жануарлар өкілдерін анықтау жұмысының басында:
- ылғал препаратты қисайтып жатқызуға болмайды;
- тұлыпты иіскеуге болмайды
- коллекциялардағы жәндіктерді қолмен ұстауға болмайды деген қауіпсіздік ержелері ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың басында суреттерді таратып беріп оларды екі топқа жіктеу кезінде оқушылардан жіктеудің себептерін түсіндіруді сұраған жөн. Бұл тапсырма арқылы оқушылар жануарларды салыстырып үйренеді. Кейбір алғыр оқушылар жәндіктер немесе омыртқасыздар деп жіктеген тобын тағыда 3 топқа (өрмекшітәрізділер, бунақденелілер, шаянтәрізділер) жіктеуді ұсынуға болады.
Оқушыларға ақпаратты қолданбай тек суреттермен, үлгілермен жұмыс істеуді ұсыну маңызды. Себебі бұл жұмыс тек сыртқы белгілеріне қарай ажыратып тани білуге бағытталады.
Зертханалық жұмысты орындап жатқан кезде оқушылардан басқа қандай белгілер бойынша ажыратуға болатыны туралы ойлануды сұраған жөн.
Сабақтың соңында оқушылардың жасаған қорытындыларын оқытып, кері байланыс беріледі.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың ауызша жауаптары, зертханалық жұмысты орындауы бағаланады. Оқушылардан қосымша сұрақтар қою арқылы олардың түсінгендерін тексеруге, тақырып мазмұнының өмірмен байланысын көрсетуіне назар аударылады. Мысалы, мына жануарлардың қайсысы таныс, олардан басқа қандай өкілдерді атай аласыз деген сияқты сұрақтар қоюға болады.
- Саралау тапсырмалары
2-қосымшада берілді. Бұл тапсырма оқушылардың 7-сыныптан алған білімдерін қолдануына ықпал етеді.
- Сілтемелер мен ресурстар
- Буынаяқтыларға тән ерекше белгілер(орыс тілінде):
- http://sbio.info/materials/orgbiol/orgmnogoklet/orgchlen/124
- «Дихотомиялық кілт» ұғымын түсіндіру үшін келесі тапсырманы қолдануға болады(сызба түрінде): http://www.cdoosh.kirov.ru/sms/main.files/image032.jpg
- https://bilimland.kz/kk/#lesson=12657
- http://kzdocs.docdat.com/docs/index-513.html?page=6
- http://www.ekzotika.com/aqua39
- http://festival.1september.ru/articles/557221/
- http://school.bakai.ru/?id=biofn011204
- http://ebio.ru/zoo47.html
- http://ebio.ru/zoo55.html
- http://zoologia.poznajvse.com/mnogokletochnye-zhivotnye/klass-mlekopitayuschie-ili-zveri/vnutrennee-stroenie-mlekopitayuschih-na-primere-domashney-sobaki
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?