Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Мүктер — қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діндерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Сабаққа майда, жасыл, жіңішке жапырақтар бекиді. Мүктің жапырағын микроскоппен қарағанда оның бірнеше қатар жасушалардан тұратынын және жасушаларында хлорофилл дәндері бар екенін көруге болады. Жасушада органикалық заттар түзіледі. Мүктер — көп жылдық өсімдік. Мүктің тамыры болмайды. Тамырдың орнына сабақтың жер астындағы бөлімінде жіп тәрізді жіңішке өскіндер болады. Оны ризоид деп атайды. Ризоидтардың көмегімен мүк топырақтан су мен минералды тұздарды сорады, тірек қызметін атқарады. Мүктер де, басқа жасыл өсімдіктер сияқты, қоректенеді. Ол топырақтан су мен минералды тұздарды алса, ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Көмірқышқыл газ бен судан хлорофилл дәндерінде органикалық заттар түзіледі. Өздерінің төзімділіктері арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.
Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашық өсіп шығады, қауашықтың ішінде майда споралар болады. Қауашықтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашықтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Көбеюі тек судың қатысымен жүреді.
Балдырлардың жалпы сипаттамасы
Денесі мүшелерге бөлінбеген,ұлпалары болмайды. Денесі таллом деп аталады. Жасушаларында хлорофилл болады. Фотосинтез жүреді. Көбеюі: жыныссыз, жынысты және вегетативті
Суда таралуы:
- Қалқыған күйде (планктон);
- «Су-ауа» шекарасында (нейстон);
- Су түбінде немесе өте терең қабатта (бентос);
- Су асты жартастарында (перифитон)
Жабықтұқымдылар бөлімінің жалпы сипаттамасы
Барлық континенттер мен мекен орталарына таралған. Сүректі, бұталы және шөптесін формалар. 250 000 жуық түр саны. Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер. Тұқым арқылы да, вегетативті де көбейеді. Генеративті мүшелер- гүлдер түзеді. Қосарланып ұрықтанған соң қоректік заттар қоры бар, жеміс қабымен қорғалған және жеміс ішінде орналасқан тұқым дамиды.
Қырықжапырақтектестер
Құрылысы | Жақсы дамыған ұлпалары бар. Тамыр жүйесінде қосалқы тамырлары бар. Вайя – жапырақтары, жас жапырақтары спиральді бұралған. Жапырақтарының астыңғы жағында – споралар бар спорангиилар орналасқан |
Көбеюі | Даму циклінде спорофит басым (2n). Ұрықтануы үшін су қажет |
Өкілдері | Усасыр қырықжапырағы, Мыңжылқы қырықжапырағы, Шолпаншаш сүбілі |
Қырықжапырақтектестер бөлімінің жалпы сипаттамасы
1200 жуық түр саны. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Ірі, қауырсын тәрізді жапырақтары (вайя) бар; спорангиилер тобы- сорустар. Тіршілік циклінде спорофит басым. Вайяның өсуі бірнеше жылға созылады, өнуі түбінен емес, төбе ұшынан. Паразит құртқа және қабынуға қарсы қасиеті бар.
2- қосымша
Оқушының аты-жөні _____________________________ Сынып _____ Күні___________
Зертханалық жұмыс. Өсімдіктердің ерекше белгілері.
Жұмыстың мақсаты:..................................................................................................................
...........................................................................................................................................................
Салыстыру белгілері | балдырлар | мүктер | қырықжапыырақтәрізділер | ашықтұқымдылар | жабықтұқымдылар |
Мекен ету ортасы | |||||
Тамырдың болуы | |||||
Сабақтың болуы | |||||
Жапырақтың болуы | |||||
Көбею жолы |
Талқылау сұрақтары:
1. Өсімдік бөлімдері өкілдерін ажыратуда қандай белгілер ескеріледі?
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2. Өсімдік бөлімдері өкілдерін салыстыра отырып, олардың қарапайымнан күрделене дамыған деп айтуға бола ма? Дәлелдер келтіріңіз.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Қорытынды:
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
3-қосымша
1- тапсырма.
1. Мүктәрізділердің сабағындағы қауашақ бұл:
А) гаметофит В) спорофит С) спорангий Д) спорофилл
2. Спора арқылы көбеймейді:
А) саңырауқұлақ В) қырықжапырақ С) ашықтұқымды Г) балдырлар
3. Ақ мүкте бар:
А) тамыр В) ризоид С) тамыр және ризоид Д) тамырда ризоид та жоқ
4. Қай өсімдіктерден көмір түзілді? Жауабыңды дәлелде.
А) қырықжапырақ В) балдыр С) мүк Д) ашықтұқымдылар
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Өсімдік түрлері берілген. Осы өсімдіктердің топтарын анықтап, негізгі ерекшеліктерін кестеге толтыр.
Қоңыр балдыр (ламинария) | Ақ мүк | Итмұрын | Самырсын | |
Өсімдік тобы | ||||
Жапырағының басқа топтармен салыстырғандағы ерекшелігі | ||||
Сабағының басқа топтармен салыстырғандағы ерекшелігі | ||||
Тамырының басқа топтармен салыстырғандағы ерекшелігі |
3- тапсырма. Берілген өсімдіктердің қай топқа жататындығын анықтап, дәлелдер келтіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийлері | Дескриптор | ||||||
|
| ||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?