Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А-бөлім: Тірі ағзалардың классификациясы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің ерекше белгілері. (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау

 Сабақтың мақсаты

  • Өсімдік бөлімдері өкілдерінің негізгі белгілерін анықтау;
  • Берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажырату.

Бағалау критерийлері

  • балдыр, мүк, қырықжапырақтектес және ашықтұқымды, жабықтұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін анықтайды;
  • Кеппешөптен берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін таксономиялық бірліктерге жіктейді
  • Берілген өсімдіктердің белгілерін атайды
  • Бір немесе бірнеше өсімдіктердің ерекше белгілерін сипаттайды
  • Өсімдіктер ерекшеліктерін кестеге жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

У .............. бөлімдері бар.

Х өсімдігі ашықтұқымды болып табылады, себебі...

... барлық жабықтұқымды өсімдіктерде бар.

Балдырлар ... болмайды.

Біздің топ … деп болжайды.

Біз …………. екенін анықтадық.

Біз жоғарыға өсетіндіктен, біз ….. екенін байқадық/көрдік

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция өз өңірінде таралған өсімдік түрлерін ажыратып, атауларын атай алады.

Пәнаралық байланыс

География пәнімен тіршілік ортасы, өсімдіктердің таралуы туралы білім арқылы, қазақ тілі пәнімен академиялық тілді дамыт тұрғыдан байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сынып бағдарламасынан «классификация» ұғымына анықтама бере алады. 7-сынып бағдарламасынан тірі ағзалардың бес дүниесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Өткен сабақпен байланыс жасау мақсатында тұжырымдамалармен келісетін болса аяқпен топылдату, келіспейтін болса қол шапалақтау тапсырмасы орындалады.

Тұжырымдамалар:

  • Адамдар жануарлар дүниесіне жатады;
  • Өсімдіктер төменгі, жоғары сатыға жіктеледі;
  • Жабықтұқымдылар бөлімі екі класқа жіктеледі;

Осы тұжырымдаларға сүйене отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсаттын ашады.

Бағалау критерийлері талданады.

1 слайд

2-4слайд

Сабақтың ортасы

5-17 мин

«Автобус аялдамасы әдісі». «Мәтінмен жұмыс». Жұптар өзіне берілген тақырып бойынша кестені жаңа мәліметтермен толықтырады.

Ол үшін: тақтаға өсімдік түрлері бойынша ақпарат ілінеді, бірінші оқушы ақпараттан өсімдіктің ерекше белгілерін анықтайды, термин сөздерді табады және екінші оқушыға тақтадан алған ақпараттарын түсіндіреді, екінші оқушы алған мәліметі бойынша кестені толтырады.

1 - қосымша

5-6 слайд

18-28мин

Өсімдік бөлімдері өкілдерінің ерекшеліктерін анықтау үшін зертханалық жұмысқа арналған жұмыс парағымен жұмыс жасау ұсынылады. Оқушылар алынған ақпараттар бойынша кеппешөптен/суреттен өсімдіктердің негізгі белгілерін анықтайды.

Оқушыларға зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ержелері ескертіледі. Ол үшін қандай қауіп қатер көзі бар сұрағы арқылы оқушылармен талқылау жүргізіледі.

Оқушылар берілген кеппешөптерді құрылыс ерекшелігінің күрделенуіне қарай орналастырады.

Кеппешөптерді қандай белгілеріне қарай топтастырдыңдар?

Күтілетін жауап:

  • Споралары бар;
  • Тұқым ашық немесе жабық орналасқан;
  • Тамырлары мен ризоидтары бар немесе жоқ;
  • Гүлі бар немесе жоқ;
  • Суда немесе құрлықта өседі;

10- слайд

2-қосымша

балдырлардың

, мүктердің, қырықжапырақтектестер, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің кеппешөптері, суреттері, үлгілері

29-37 мин

Жинаған мәліметтерді жұпта талдайды. Ұсынылған тапсырманы орындайды. Кейбір оқушыларға қосымша ақпарат іздеуді ұсынуға болады.

Дескрипторлармен өзін- өзі бағалайды.

3- қосымша

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс

Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі.

Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін стикерге жазады.

Чемоданға – оқушы сабақта алған біліміне толық түсінген болса, үйге білім жүгімен кетіп бара жатса, стикерін салады.

Еттартқышқа – оқушы сабақта алған білімдерін әлі де сенімсіз, қарастыру, ой елегінен өткізу керек екенін білсе, стикерін салады.

Қоқыс жәшігіне - оқушы сабақта ешнәрсе түсінбесе стикерін салады.

Үйге тапсырма: Өсімдіктердің біреуінің толық таксономиялық иерархиясын құрастыру.

11слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларды жұптау кезінде фигуралар арқылы қабілетті оқушы мен көмекті қажет ететін оқушыны жұптастыру.

Қабілетті оқушы материалдан нәтиже жинақтайды, негізгі түйінді сөздерді, терминдері анықтайды, жұбына және басқа жұптарға берілген өсімдіктің негізгі ерекше белгілерін анықтап түсіндіреді, салыстырады.

Қолдауды қажет ететін оқушы мәліметтермен кестені толтырады, басқа жұптардан өсімдіктердің негізгі ерекше белгілері туралы мәліметін тыңдайды, түсінеді.

Оқушылардың барлығы өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін біледі, анықтай алады.

Өсімдіктердің негізгі ерекше белгілерін ажырата айтып бере алады

Жоғары қабілеті бар кейбір оқушылар – ерекше белгілерін салыстырып талдай алады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тапсырманы орындауда бағалау критерийлерімен жұптардың бірін-бірі бағалайды,

Сабақтың соңғы бағалау тапсырмасын дескрипторлар бойынша өздерін бағалайды.

Мадақтаулар мен қолдау көрсетіледі

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

АКТ мен жұмыс жасауда ережені сақтау.

Белсенді оқыту тапсырмасын орындау кезінде сынып бөлмесінде жүруде абайлап жүру.

Кепешөптермен жұмыс кезінде оларды иіскемеу, сындырмауды ескерту.

Зертханалық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу