Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Балдырлар және мүктер, қырықжапырақтектес, ашық, жабықтұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері

 Балдырлар (лат. Algae) —Теңізкөлөзендерде, тоқтау суларда да өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды.  Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондриядиктиосомарибосомахромотофора сияқты органоидтары және вакуолі болады. Жасушасында балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі болады. Олардың пішіндері тақтаастаубілезікдәнлентажұлдыз тәрізді болып келеді. Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар.

Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі.  Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдыры “теңіз орамжапырағы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

 Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі - түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді. Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселіп өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушалары хлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын ұлпалары нашар жетілген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.Мүктердің аса кең тараған өкілдері: жасыл мүк (көкек мүгі) пен шымтезек мүгі.

 

 Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар.   Ерекшеліктері: Сабағы, тамырсабағы, жапырақтары, су және минералды, қоректі заттарды тасымалдайтын өткізгіш жүйесі бар. Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар. Жапырақтың астыңғы жағында спорангийлер орналасады. Топтасып жинақталған спорангийлер сорус деп аталады. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде өсетін тамырсабақты өсімдік. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады: фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі; споралар түзіліп, көбеюге қатысады. Қырықжапырақтәріздестерді сәндік өсімдік ретінде өсімдікжайда өсіреді. Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірдің түзілуінде орасан зор рөл атқарған.

 

 Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптесін өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сыйдыйып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұтағында орналасқан бүр олардың көбею мүшесі. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша.

 Гүлді өсімдіктер немесе жабық тұқымды өсімдіктер — жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімі. Ерекшеліктері – гүлініңжемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы, тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлық құpлықтa өседi, судa кездесетiн түpлеpi де бap. Oлapдың жaлпы мopфoлoгиялық, aнaтoмиялық, эмбpиoлогиялық белгiлеpi ұқсaс бoлғaнымен, өсiмдiктеpдiң тipшiлiк opтaсының жaғдaйлapынa бейiмделуiне бaйлaнысты кейбip мүшелеpi өзгеpiп, тiптi жoйылып кеткендеpi бap. Гүлдi өсiмдiктеpдiң Жеp шapынa кең тapaлуынa oлapдың құpғaқшылыққa төзiмдi вегетaтивтi мүшелерінің бoлуы, қoлaйсыз климaттық жaғдaйдa өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp apқылы тoзaңдaнуы, тұқымдapы мен жемiстеpiнiң жaнуapлap apқылы тapaлуы себеп бoлғaн. Гүл тек жaбық тұқымды өсiмдiктеpде ғaнa түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, дұрыс отыруына назар аудару.

Белсенді оқыту тапсырмасын орындау кезінде сынып бөлмесінде жүруде абайлап жүру.

ИКТ мен жұмыс жасауда ережені сақтау.

Кеппешөптермен жұмыс кезінде оларды иіскемеу, сындырмауды ескерту.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тірі ағзалардың патшалықтарына тән белгілерді талқылаған кезде өсімдіктерге көбірек уақыт бөліп, олардың мүшелерін атату қажет. Мүшелері болмайтын өсімдіктер бола ма, тіршілігі тек суда ғана немесе батпақта өтетін өсімдіктерге тамыр қажет па, ондай өсімдіктерге мысалдар келтіре аласыз ба деген сияқты сұрақтар қойып өсімдіктер мүшелерінің болуына қарай бөлімдерге жіктелгеніне басты назар аударту маңызды.

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелері ескертіледі. Кейбір кеппешөптерде өсімдіктердің мүшелері толық көрінбейтіндіктен оқушыларға таныстырылым немесе плакаттардағы суреттерді пайдалануды ұсынған жөн. Оқушыларда өсімдіктің көбеюі туралы сұрақтар туындауы мүмкін, ол туралы да таныстырылымда берілген. Оқушылардың әр бөлім өсімдіктерінің ерекшеліктерін сипаттауда алдымен мүшелердің болуына назар аударуды ескерту қажет. Кейбір оқушылар тапсырманы бұрын орындап қойса, оларды бұл үшін мадақтап, оларға қосымша ақпараттармен толықтыру еңгізу, немесе, сұрақтар құрастыруды тапсыруға болады.

Оқушыларға бекіту тапсырмасы ұсынылады. Оқушылардың дескрипторларды қолдана отырып, өзіндік бағалау жүргізуіне болады. Мұғалім тарапынан да кері байланыс ұсынған жөн.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Қалыптастырушы бағалау мәтінмен жұмыс кезінде ақпараттың қажетті бөлігін тауып ала білу, талдау жасағаны үшін мадақтаулар және тиісті терминологияны орынды қолданғаны үшін қолдаулар түрінде жүзеге асырылады. Кейбір оқушыларға мазмұнға байланысты, кеппешөптерді зерттеуде көмек қажет болуы мүмкін. Оларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі. Өсімдіктердің мүшелерін дұрыс анықтап тауып көрсетуде көмек көрсетіледі. Сабақ соңындағы тапсырмалар мен ауызша сипаттамалар беру кезінде оқушыларға жағымды кері байланыс ұсыну қажет. Оқушылардың дұрыс қолданған терминдері үшін, «бұл аса орынды болды», «термин жақсы қолданылды» деген сияқты кері байланыс беріледі. Кейбір қосымша жұмыс жасаған оқушыларды ерекше мадақтап, «уақытты тиімді ұйымдастыра білгендіктен қосымша білім ала білді», «өзінің оқуына жауапкершілік танытты» деген сияқты мадақтаулар ұсынуға болады. кейбір оқушыларға қиындық туындауға байланысты бағыттаушы сұрақтар қоюға болады. Оқушылардың жұмыспарақтарын тексеріп кері байланыс беру қажет.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

1-В , 2 –D.

І

ІІ

ІІІ

IV

V

В

С

А

D

Е

Оқу мақсаты

Дескриптор

1

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтектес, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің ерекше белгілерін сипаттау

Балдырлардың негізгі белгілерін біледі.

мүктердің негізгі белгілерін біледі.

Қырықжапырақтектестердің негізгібелгілерін біледі.

ашықтұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін біледі.

жабықтұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін біледі.

Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтектес, ашықтұқымды өсімдіктер, жабықтұқымды өсімдіктер мысалында өсімдіктерді ажырата алады.

Өсімдіктердің суретін олардың белгілері бойынша сәйкестендіре алады (кем дегенде 3).

  • Сілтемелер мен ресурстар

Мәліметтер: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi

Қажетті мәліметтер: http://www.tes.co.uk/TaxonomySearchResults.aspx?parametrics=44354,44478,44485,44489&event=23&mode=browse

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi

 Қолданылған әдебиеттер:

 Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут, 1 том

 Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметова, Ж. Қожантаева, Биология, Алматы, «Атамұра» 2007ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу