Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Өсімдіктерде гүл көбею мүшесi болып табылады. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі. Аналықтың жатынында тұқым бүршіктері орналасады. Жеміс түзеді. |
Тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы сүректі өсімдіктердің ежелгі тобы. Жапырақтары ине тәрізді, мәңгі жасыл. |
Сабағы, тамырсабағы, тілімделген жапырақтары, су және минералды, қоректі заттарды тасымалдайтын өткізгіш жүйесі бар. Тіршілік айналымы екі сатыда өтеді. Бірінші сатыда спора түзеді. Ал екінші сатыда аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы көбейеді. |
Батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Сабағы өте нәзік, әлсіз, сабағында майда жапырақтары бар; тамыры жоқ, кейбір түрлерінде ризоидтары болады. Жапырағы бір қабат жасушалардан тұрады. |
Бір жасушалы, көп жасушалы түрлері бар. Көпшілігінде тамыр, сабақ, жапырақ болмайды. Денесінде ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады |
Мүктер — қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діндерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Сабаққа майда, жасыл, жіңішке жапырақтар бекиді. Мүктің жапырағын микроскоппен қарағанда оның бірнеше қатар жасушалардан тұратынын және жасушаларында хлорофилл дәндері бар екенін көруге болады. Жасушада органикалық заттар түзіледі. Мүктер — көп жылдық өсімдік. Мүктің тамыры болмайды. Тамырдың орнына сабақтың жер астындағы бөлімінде жіп тәрізді жіңішке өскіндер болады. Оны ризоид деп атайды. Ризоидтардың көмегімен мүк топырақтан су мен минералды тұздарды сорады, тірек қызметін атқарады. Мүктер де, басқа жасыл өсімдіктер сияқты, қоректенеді. Ол топырақтан су мен минералды тұздарды алса, ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Көмірқышқыл газ бен судан хлорофилл дәндерінде органикалық заттар түзіледі. Өздерінің төзімділіктері арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.
Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашық өсіп шығады, қауашықтың ішінде майда споралар болады. Қауашықтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашықтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Көбеюі тек судың қатысымен жүреді.
Балдырлардың жалпы сипаттамасы
Денесі мүшелерге бөлінбеген,ұлпалары болмайды. Денесі таллом деп аталады. Жасушаларында хлорофилл болады. Фотосинтез жүреді. Көбеюі: жыныссыз, жынысты және вегетативті
Суда таралуы:
- Қалқыған күйде (планктон);
- «Су-ауа» шекарасында (нейстон);
- Су түбінде немесе өте терең қабатта (бентос);
- Су асты жартастарында (перифитон)
Жабықтұқымдылар бөлімінің жалпы сипаттамасы
Барлық континенттер мен мекен орталарына таралған. Сүректі, бұталы және шөптесін формалар. 250 000 жуық түр саны. Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер. Тұқым арқылы да, вегетативті де көбейеді. Генеративті мүшелер- гүлдер түзеді. Қосарланып ұрықтанған соң қоректік заттар қоры бар, жеміс қабымен қорғалған және жеміс ішінде орналасқан тұқым дамиды.
Қырықжапырақтектестер
Құрылысы | Жақсы дамыған ұлпалары бар. Тамыр жүйесінде қосалқы тамырлары бар. Вайя – жапырақтары, жас жапырақтары спиральді бұралған. Жапырақтарының астыңғы жағында – споралар бар спорангиилар орналасқан |
Көбеюі | Даму циклінде спорофит басым (2n). Ұрықтануы үшін су қажет |
Өкілдері | Усасыр қырықжапырағы, Мыңжылқы қырықжапырағы, Шолпаншаш сүбілі |
Қырықжапырақтектестер бөлімінің жалпы сипаттамасы
1200 жуық түр саны. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Ірі, қауырсын тәрізді жапырақтары (вайя) бар; спорангиилер тобы- сорустар. Тіршілік циклінде спорофит басым. Вайяның өсуі бірнеше жылға созылады, өнуі түбінен емес, төбе ұшынан. Паразит құртқа және қабынуға қарсы қасиеті бар.
2- қосымша
Оқушының аты..................................................................... Сынып ............... мерзімі: ...............
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтектес, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің ерекшеліктері.
Жұмыс мақсаты: балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
Қысқаша ақпарат
Балдырлар суда, ылғал топырақта тіршілік ететін бір және көп жасушалы ағзалар. Көпшілігінде тамыр, сабақ, жапырақ болмайды. Денесінде ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады.
Мүктер- дүниежүзінде кең таралған өсімдіктер бөлімі. Ылғалды жерде бітік өседі. Көпшілігінде тамыры болмайды, жапырағы мен сабағы бар. Сабағының сыртқы қабығы өсіп, тамыр қызметін атқаратын ризоид болады. Споралары қауашақта пісіп жетіледі. Қырықжапырақтәріздестер сабағы, тамырсабағы, жапырағы өткізгіш жүйесі жақсы жетілген. Спора арқылы көбейеді. Ашық тұқымды өсімдіктер барлығы дерлік сүректі өсімдіктер. Сабағы(діңі), жапырағы, тамыры жақсы жетілген. Көбею мүшесі – бүр. Жабықтұқымды өсімдіктердің гүлі мен жемісі болады. Тұқымы жемістің ішінде жабық орналасқан ең көп таралған тұқымды өсімдіктер тобы.
Материалдар мен құрал-жабдықтар
1. Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің кеппешөптері / суреттері |
2. ұлғайтқыш әйнек – 1 дана |
Жұмыс барысы
- Кеппешөптен/ суреттен балдырларға тән ерекшеліктерді тауып, сипаттау
- Кеппешөптен/ суреттен мүктерге тән ерекшеліктерді тауып, сипаттау
- Кеппешөптен/ суреттен қырықжапыраққа тән ерекшеліктерді тауып, сипаттау
- Кеппешөптен/ суреттен ашықтұқымдыларға тән ерекшеліктерді тауып, сипаттау
- Кеппешөптен/ суреттен жабықтұқымдыларға тән ерекшеліктерді сипаттау
- Алынған деректерді кестеге толтыру
Деректер мен нәтижелерді жинақтау
Ерекшеліктері | ||
Балдырлар | ||
Мүктер | ||
Қырықжапырақтәрізділер | ||
Ашықтұқымдылар | ||
Жабықтұқымдылар |
Нәтижені талдау
Берілген ағзаларды салыстыру кезінде қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Қорытынды
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Талқылау
Жабық тұқымды өсімдіктердің дүние жүзінде кең таралған. Кең таралуының себебі неде?
............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
3-қосымша
1 Тамыр қызметін атқаратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермис өсiндiсiнің болуы қандай ағзаға тән белгі
2 Мүктерге қарағанда қырықжапырақтектестердің күрделенуін неден байқауға болады?
3 Берілген ағзаларды олардың сипаттамасымен сәйкестендіріңіз. Жауабын төмендегі кестеге жазыңыз.
|
№ | Оқу мақсаты | Дескриптор | ||||||
1 | Балдырлар, мүктер, қырықжапырақтектес, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің ерекше белгілерін сипаттау |
| ||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?