Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік бөлімдері
Сабақтың мақсаттары:
Өсімдік бөлімдері өкілдерінің негізгі белгілерін анықтау;
Берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажырату.
Бағалау критерийлері:
балдыр, мүк, қырықжапырақ және ашықтұқымды, жабықтұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін анықтайды;
Кеппешөптен берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажыратады.
Балдырлар
бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар;
көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды;
жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады;
жасушасы негізінен бір ядролы;
цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолі (бос қуысы) болады.
Мүктер-споралы өсімдіктер
Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер.
Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады.
Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады.
Ризоид— бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi.
Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Көкек мүгі
Шымтезек мүгі
Қырықжапырақ- споралы өсімдік
Сабағы, тамырсабағы, жапырақтары, су және минералды, қоректі заттарды тасымалдайтын өткізгіш жүйесі бар.
Тіршілік айналымы екі сатыла өтеді. Бірінші сатыла спора түзеді. Ал екінші сатыда аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы көбейеді.
Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар.
Жапырақтың астыңғы жағында спорангийлер орналасады.
Топтасып жинақталған спорангийлер сорус деп аталады.
Топтасып жинақталған спорангийлер сорус
Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар.
Ашықтұқымды өсімдіктер
тұқым мен тұқым бүрі аналық керегесімен қапталмайды;
гүл серігі болмайды;
бүрлері дара жынысты, бір үйлі;
ағаштар, бұталар, шырмауықтар;
шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді.
Жабықтұқымды өсімдіктер
вегетaтивтi мүшелері- тамыр, сабақ, жапырақ;
генеративті мүшесі-гүл;
жәндiктеp apқылы тoзaңдaнады;
тұқымдapы мен жемiстеp бар;
тіршілік формалары: шөптесін, бұта, ағаш.
Бақбақ
Алма
Қызанақ
Қазтамақ
Рефлексия
Мен жасай аламын…
Мен есте сақтадым…
Мен қиналдым…
Менде іске аспады…
Толықтыруларды қажет етемін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?