Өсімдіктердің ерекше белгілері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А-бөлім: Тірі ағзалардың классификациясы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің ерекше белгілері. (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау

 Сабақтың мақсаты

  • Өсімдік бөлімдері өкілдерінің негізгі белгілерін анықтау;
  • Берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажырату.

Бағалау критерийлері

  • балдыр, мүк, қырықжапырақтәріздес және ашықтұқымды, жабықтұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін анықтайды;
  • Кеппешөптен берілген өсімдіктердің негізгі белгілерін ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін таксономиялық бірліктерге жіктейді
  • Берілген өсімдіктердің белгілерін атайды
  • Бір немесе бірнеше өсімдіктердің ерекше белгілерін сипаттайды
  • Өсімдіктер ерекшеліктерін кестеге жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

У .............. бөлімдері бар.

Х өсімдігі ашықтұқымды болып табылады, себебі...

... барлық жабықтұқымды өсімдіктерде бар. Балдырлар ... болмайды.

Біздің топ … деп болжайды.

Біз …………. екенін анықтадық.

Біз жоғарыға өсетіндіктен, біз ….. екенін байқадық/көрдік

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция өз өңірінде таралған өсімдік түрлерін ажыратып, атауларын атай алады.

Пәнаралық байланыс

География пәнімен тіршілік ортасы, өсімдіктердің таралуы туралы білім арқылы, қазақ тілі пәнімен академиялық тілді дамыт тұрғыдан байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сынып бағдарламасынан «классификация» ұғымына анықтама бере алады. 7-сынып бағдарламасынан тірі ағзалардың бес дүниесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Тірі ағзалардың патшалығы туралы еске түсіре отырып, өсімдіктер патшалығының ерекшеліктерін атау тапсырылады. Өсімдіктердің мүшелеріне назар аурып, әр өсімдікте кездесетін мүшелерді атау сұралады. Ал өсімдіктерді қандай топтарға жіктейді сұрағын талқылай отырып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатты анықталады.

Бағалау критерийлері талданады.

1 слайд

2-4слайд

Сабақтың ортасы

5-20 мин

Оқушыларға өсімдіктердің кеппешөптері мен суреттері, тірі үлгілері (мүмкіндігінше) ұсынылады. Өсімдіктердің суреттері мен таныстырылым, кеппешөптерді пайдаланып, өсімдіктердің әр бөлімі өкілдерінің негізгі белгілерін анықтайды.

Өсімдік бөлімдерінің өкілдерін мүшелерінің болуы, көбею жолдары бойынша салыстырады.

Нәтижесін жұмыс парағына рәсімдейді.

Кейбір оқушылардан өсімдік өкілдерінің дамуын сипаттауды сұрауға болады. Мысалы, осы өсімдіктердің қайсысы ең қарапайым немесе ең күрделі және қайсысында кеңінен таралу мүмкіндігі жоғары деген сияқты тереңдетуге болады. Неліктен кейбір өсімдіктер жер бетінде кеңінен таралу мүмкіндігіне ие сұрағын талқылауға болады.

1-2 қосымша

2-11слайд

балдырлардың

, мүктердің, қырықжапырақтексетрдің, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің кеппешөптері, суреттері, үлгілері, ұлғайтқыш әйнек

21-30мин

Зерттеудің нәтижесінде алынған білімді бекіту және саралауды қолдау үшін ауызша жұмыс орындалады.

Оқушыларға өсімдіктерді кеппешөп материалы/өсімдік суретіне қарап ауызша сипаттауды тапсырыңыз. Жұптағы оқушының бірі жұбына кеппешөп материалындағы бір өсімдіктің белгілерін сипаттап айтып береді. Әр өсімдік сайын оқушылар рөлдерімен ауысып отырады. Ерекшелік белгілеріне қатысты қорытынды жасаулары қажет.

5-6 слайд

31-37 мин

Оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасын орындау ұсынылады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс

  • Мен жасай аламын…
  • Мен есте сақтадым…
  • Мен қиналдым…
  • Менде іске аспады…

Толықтыруларды қажет етемін...

Үйге тапсырма: Өсімдіктердің біреуінің толық таксономиялық иерархиясын құрастыру.

12слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, деректер қосуға жағдай жасалады.

Кейбір оқушылар өсімдіктің тірі үлгілерін зерттеп сипаттай алады.

Оқушыларға өсімдік түрлерін сипаттау тапсырмасы кезінде оқушыларға өздері қалаған деңгейде сипаттау мүмкіндігі беріледі.

Кейбір оқушыларға зерттеу жүргізу кезінде қосымша ақпаратты пайдалану ұсынылады.

Кейбір оқушылар тірек сөздерді немесе сұрақпен жетелеуді қажет етуі мүмкін.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зерттеу жүргізу кезіндегі талқылаулар мен нәтижені рәсімдеуі кезінде кері байланыс беріледі.

Оқушылардың ауызша сипаттамалар беруі кезінде мұғалім қалыптастырушы бағалау жүргізе алады.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындауын бақылау. Өзара бағалау.

Оқушылардың қабілеті сұрақ-жауап кезінде бақыланады.

Оқушылардың тапсырманы орындау әрекетін бақылау.

Кері байланыс арқылы тақырыпты түсінгенін қадағалау және бағалау.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Оқушылар зерттеу кезінде белсенді қимыл-қозғалыста болады.

ИКТ мен жұмыс жасауда ережені сақтау.

Белсенді оқыту тапсырмасын орындау кезінде сынып бөлмесінде жүруде абайлап жүру.

Кеппешөптермен жұмыс кезінде оларды иіскемеу, сындырмауды ескерту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу