Нәруыздар. Биология, 8 сынып, презентация.
Көмірсу, липид, нәруыздарды ажыратып, салыстырыңыз
Нәруыздың қасиетін зерттеу
Жұмыртқа нәруызын қыздырып көріп нәтижесін түсіндіріңіз
Жұмыртқа нәруызын спиртке салып көріп нәтижесін түсіндіріңіз
Сабақтың тақырыбы: Нәруыздар
Сабақтың мақсаттары- нәруыздардың негізгі қасиеттерін білу.- нәруыздардың ерекшелік белгілерін түсіну. - нәруыздардың тірі ағзала тіршілігі үшін маңызын сипаттау. Бағалау критерийлері:- нәруыздардың қасиеттерін біледі; - нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.Табиғатта кездесетін 200 амин қышқылының 20- сы ғана нәруыздың құрамына кіреді.
Нәруыздар жай (протеиндер (грекше «протос» — «бірінші»), күрделі (протеидтер) болып бөлінді.
Протеиндер: альбуминдер, гистондар, глобулиндер
Протеидтер: Фосфопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер
Нәруыздардың құрылысы
Салалы
Жұмыр
Гемоглобин
Нәруыздың физикалық қасиеттері
Қатты күйдегі нәруыз
Гемоглобин
1. Нәруыздар табиғи биополимерлер болғандықтан суда нашар еріп коллоидты ерітінділер түзеді.
2. Физикалық және химиялық факторлардың әсерінен табиғи қасиетін жоғалтады.Химиялық қасиеті
1. Гидролиз реакциясы нәтижесінде аминқышқылдарына ыдырайды.
Нәруыздың түсті реакциясы
Биурет реакциясы-нәруыздар әлсіз негіздік мыс (II) сульфаты ерітіндісімен әрекеттескенде нәтижесінде күлгін –көк түске боялады.
Жасушадағы нәруыз қызметі
Катализдік қызметі
Фермент
Жасушадағы химиялық реакциялардың жүруін ондаған, жүздеген. Тіпті мыңдаған есе тездетеді.
Тасымалдау қызметі
Гемоглобин өкпеде оттегімен қосылып, оксигемоглобинге айналады. Мүшелерге жеткен соң оксигемоглобин оттегіні береді.
Әр түрлі заттарды бір мүшеден екінші мүшеге жеткізу
Қорғаныш қызметі
Антиденелер ағзаға түскен бөгде заттарды залалсыздандыра алады
Қан құрамындағы фибриноген қанның ұюына қатысып, қанның денеден артық кетуінен сақтайды.
Құрылымдық қызметі
Нәруыздар жасушаның негізі
Гормоналды қызметі
Ішкі секреция бездерінің гормондары
Реттеуші нәруыздың моделі
Сапалы және сапалы емес нәруыздар
Сапалы нәруыздар– құрамына барлық алмасытырылмайтын аминқышқылдар кіреді.
Сапалы нәруыздардың құрамында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар кездеспейді
Сапалы нәруыздар
Сапалы емес нәруыздар
Қажетті нәруыз мөлшері
Нәруыздың тәуліктік мөлшері ересек (салмағы орташа әйел адамдар үшін 45 гр ,ал ер адамдар үшін 56 гр) адамдар үшін 0,75-0,80 гр құрайды.
Балаларға кг-на күніне 1,9 гр нәруыз қажет.
Орындау нұсқаулығы:
Адам ағзасының 1 мүшесін таңдаңыз.
Мүшедегі ұлпаларды анықтаңыз.
Әр ұлпадағы жасушаларда кездесетін нәруыздарды атаңыз.
Әр нәруыздың қызметін түсіндіріңіз.
*тапсырманы сызба құру, сурет салу, әңгіме жазу, ауызша орындауға болады.
«Адам ағзасындағы нәруыздың орны»
Кері байланыс
Өзіңнің жеткен орныңды
стикермен белгіле!
Үйге тапсырма. Адамның бір мүшесінде кездесетін нәруыздарды тізіп жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?