Нәруыздар. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Нәруыз әр түрлі қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді. Нәруыздың екінші қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығы. Нәруыз молекуласы әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымы өзгереді. Бұл құбылысты денатурация деп атайды. Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден нәруыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин нәруызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың құрылымы бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де нәруыздардың денатурациялану қасиеті жатады.

Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады.

Құрылымдық нәруыздар:

  • Коллаген: сүтқоректілерде ең көп таралған нәруыз, жануарлардың дәнекер ұлпасын құраушы.
  • Өрмекші жібегі: болаттан берік талшық, өрмек ауы тоқылады.

Гормондар

  • Инсулин: қандағы глюкоза мөлшерін азайтатын ұйқы безінен бөлінетін нәруыз
  • Глюкагон: қандағы глюкоза мөлшерін азрттыратын ұйқы безінен бөлінетін нәруыз

Қарсы тұрушылық

  • Иммуноглобулин: антиген деп аталатын микроб нәруызын танушы антиденелер.

Тасымалдау

  • Гемоглобин: эритроциттердегі оттегіні тасымалдайтын нәруыз.
  • Цитохром: митохондрияда орналасқан нәруыздар жиынтығы

Сезу

  • Родопсин: жарықты қабылдайтын көру рецепторындағы пигмент

Қозғалыс

  • Актин: бұлшықет талшығының жиырылуына қатысатын жіңішке жіпшелер Миозин: бұлшықет талшығының жиырылуына қатысатын жуан жіпшелер

Фермент

  • РУБИСКО: фотосинтезге қатысатын аса маңызды фермент

Құрылымдық қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекуласынан тұрады.

Тасымалдау қызметі. Қанның құрамында жасушаның мембранасы мен цитоплазмасын және ядроның арасын байланыстыратын ерекше тасымалдаушы нәруыз болады.

Қозғалыс қызметі. Организмнің қорғаныс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар қатысады.

Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.

Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, нәруыздардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір белоктар, мысалы, тауық жұмыртқасының нәруызы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді.

Химиялық қасиеттері

Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, нәруыздардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтар бар.

Нәруыздар — екі дайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей болады. Бұл — нәруыздардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде белоктар электрлігі бейтарап болып, суда еруі азаяды. Нәруыздардың осы қасиеті технологияда нәруызды өнімдер алуға қолданылады.

2- қосымша

Нәруыздың температураның әсерінен өзгеруін зерттеу тәжірибесі

Су моншасына немесе плиткада стақанға жұмыртқадан 3мл құйып қыздырыңыз. Қандай өзгеріс байқадыңыз? Қорытынды жасаңыз.

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3- қосымша

1-тапсырма. Нәруыздардың атауларын қызметтерімен сәйкестендіріңіз.

Нәруыздар

Жауап

Биологиялық қызметтері

Гемоглобин

А. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғайды.

Антидене

Б. Жануарлардың мүйізі, тұяғы құрамында болады.

Кератин

В. Оттегі мен қоректк заттарды тасымалдайды.

Инсулин

Г. Ағза жасушаларының глюкозаны сіңіруін реттейді.

2-тапсырма. Нәруыздардың негізгі қасиеттерін атаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Нәруыздардың қасиеттерін біледі.

Нәруыздардың қасиеттерін атайды.

Нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Нәруыздардың маңызын атайды.

Нәруыздардың қызметін атайды.

4- қосымша

Нәруыздың қасиеті мен биологиялық қызметтерін бір ағза немесе мүшенің мысалында сызбаға түсіріп түсіндіріңіз.

Сызбада болуы тиіс ақпараттар: нәруыз түрлері, қасиеттері, атқаратын қызметтері, өзгеруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу